194
Сахабалар салған сара жол
түні қайтыс болсаң, Аллаһ сен үшін «Оттан қорғалған»
деп жазады», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін,
хатты Әбу Бәкірге (р.а.) апардым. Ашып оқыды да,
маған көмек берілуін бұйырды. Сөйтіп, хатты мөрлеп,
өзіме қайтарып берді. Сосын хатты Омарға (р.а.) апар-
дым, ол да солай жасады. Кейін Осман да (р.а.) алдыңғы
екі халифаның ісін қайталады».
Осы кісінің баласы Мүслим былай дейді: «Әкем
Харис Османның халифалығы кезінде қайтыс болды.
Омар ибн Абдулазиз халифа болғанға дейін, хат бізде
болды. Омар ибн Абдулазиз халифалыққа келгенде,
біздің аймақтың басшысына: «Мүслим
ибн Харисті
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жазған хатымен
бірге маған жібер», – деді. Мен хатты алып бардым.
Ол хатты оқып,
маған көмек берілуін бұйырып, оны
мөрлеп өзіме қайтарды»
173
.
Достарыңызбен бөлісу: