291
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
тигізбейтін. Расулаллаһтың оларды шақырғанына мен
іштей ренжіген едім. Өйткені, сүтті ішіп, бір тойып
қалатын болдым-ау деп ойлағанмын. Ішімнен: «Сүтті
келген жамағатқа берсем, мен не ішем?! Бірақ, Аллаһ
пен расулына бағынуым керек», – деп күбірледім. Ба-
рып суффадағыларды шақырып келдім. Олар келіп,
ішке кіруге рұқсат сұрады. Рұқсат алғаннан кейін оты-
рып, жайғасты. Сосын Аллаһ расулы: «Әба Һирр, оларға
шыныаяқты толтырып сүт бер», – деді.
Мен ыдысты
қолыма алып, кезекпен сүт бере бастадым. Олар сүттен
тойғанынша ішіп, ыдысты қайтадан өзіме қайтарып
беріп отырды. Осылайша соңғы адамға дейін сүтті ара-
латып шықтым. Ең соңында ыдысты Пайғамбарымызға
бердім. Ыдысты қолына алғанда ішінде біраз сүт қалған
еді. Басын көтеріп маған қарап күлімсіреп: «Әй, Әба
Һирр! Сен екеуміз қалдық», – деді. «Иә, мен әлі ішкен
жоқпын», – дедім. Ол: «Отыр, сен де іш», – деді. Мен
отырып сүтті іштім. Сосын ол «Тағы да іш» деп бірне-
ше рет қайталады. Ақырында, мен: «Жетеді, сені хақ
дінмен жіберген Раббыма ант етемін, әбден тойдым»,
–
дегеннен кейін шыныаяқты алып, қалған сүтті өзі
ішті
281
.
Тағы бірде үш күн бойы нәр татпаған болатынмын.
Суффаға барамын деп шығып, аштықтан құлап-сүрініп
әзер жеттім. Көшедегі балалар бұл түрімді көріп: «Әбу
Һұрайра жынданыпты», – деп мазақ етісіп жатты. Мен
оларға: «Өздерің жындысыңдар», – дедім де суффаға
бардым. Қарасам, Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
өзіне сыйға
тартылған екі ыдыстағы тамақты әкеліп, қонақтарына
беріп жатыр, ал әлгілер жеп отыр екен. Мені де шақырып
281
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/101
292
Сахабалар салған сара жол
қалар деген үмітпен мойнымды созып, Аллаһ расулына
көрінуге тырыстым. Жамағат орындарынан тұрған кез-
де, ыдыстарында тамақтың жұғынынан басқа ештеңе
қалмапты. Аллаһ расулы соларды жинап, маған «Қане,
«бисмилләһ» деп же», – деді. Аллаһқа ант етемін, соны
жеп, қарным тойды»
282
.
Ибн Сирин айтады: «Бір күні Әбу Һұрайраның
(р.а.)
қасында едік. Үстінде қызыл түсті екі бөлек
зығыр киімі бар екен. Олардың бірімен мұрнын сүртті
де: «Апырай, Әбу Һұрайраға қарасаңшы! Мұрнын
зығырмен сүртеді. Уаллаһи,
сол сәттерімді еске ала-
мын, Пайғамбарымыздың мінбері мен Айшаның
(р.а.)
бөлмесі арасында есімнен танып, етбетіммен жерге
құлайтынмын. Көргендер келіп мойнымды аяғымен ба-
сып көріп, мені ауру деп ойлайтын. Алайда менің естен
тануымның себебі аштық болатын», – деді
283
.
Әбу Һұрайраның осы жағдайы туралы мынадай де-
рек те бар: «Уаллаһи басымнан мынадай жағдай өткен
еді. Мен Аффанның
баласы мен Ғаузанның қызына
тамақ пен аяқ киім үшін қызметшілік жасадым. Бір жер-
ге баратын кезде мінетін малдарын айдап, үйлерінде
жоқ кезде, үй жұмыстарын істейтінмін. Ғаузанның
қызы бір күні маған: «Түйені судың басына жалаңаяқ
апарып, қайтарда шөктірмей мінетін бол» деді. Кейін-
нен Аллаһ маған осы әйелге үйленуді нәсіп етті. Қазір
енді мен оған: «Түйені судың басына жалаңаяқ апарып,
шөктірмей мін», – дейтін болдым
284
.
282
Мүнзири, әт-Тәрғиб 4/108 (5004)
283
Бұхари, Сахих 6/ 2670 (6893)
284
Ибн Сағыд, Табақат 4/53