312
Сахабалар салған сара жол
«Қасыңдағың кім?» деп сұрағандарға Әбу Бәкір «Жол-
басшым. Маған жол көрсетіп келеді», – деп жауап бере-
тін. Негізінде Әбу Бәкір (р.а.) ақиқаттан алыс кетпеген
еді, оның астарлап айтқаны – Пайғамбарымыздың хақ
жолды көрсететін тұлға екенін меңзеген болатын. Алай-
да, жолай кезіккендер оның сөзін тура мағынасында
ұқты.
Жол бойындағы Құдайд деп аталатын егістік тана-
бында оларды байқап қалған бір адам Мүдлижұлдарына
жерден жеті қоян тапқандай жүгіріп барып: «Бейсауыт
жүрген екі жолаушыны көрдім, Құрайыштардың жер-
көкті шарлап іздеп жүрген адамдары болса керек», –
деп хабарлайды.
Сурақа ибн Мәлік те оның күдігін теріске шығармай
«Біздің іздеп жүргеніміз сен көрген сол екі адам болса
керек», – деп, олардың ізіне түседі
310
.
омардың Аллаһ елшісінің һижреттес серігі
Әбу бәкірді мақтап сөйлеуі
Ибн Сирин айтады: «
Омардың
(р.а.)
халифалығы
кезінде тек көргенімен ғана көңіл тоғайтатын кейбіре-
улер Омарды Әбу Бәкірден артық қойып, арты бүлікке
апарып соғуы мүмкін жаңсақ пікірге жол беріп жүргенін
естіген халифа: «Уаллаһи, Әбу Бәкірдің бір түнінің
өзі Омардың отбасынан артық, ал бір күні Омардың
барлық әулетінен де артық. Аллаһқа ант етемін,
Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
үңгірге барған түні
қасында
Әбу Бәкір
(р.а.)
болды. Ол Аллаһ расулын қауіп-қатерден
қызғыштай қорып, басын бәйгеге тікті. Жол бойы ты-
ным таппай, бірде алдына шығып, бірде артына түсіп
жүріп отырды. Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
Әбу Бәкірдің
(р.а.)
310
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 24/106 (284)
313
Һижрет
мұншалықты көзсіз жанкештілігінің сырын сұрағанда,
«Уа, Расулаллаһ, ізімізге түскен біреу-міреу бар ма деп
қорқамын», – деп жауап береді. Аллаһ расулы (с.а.с.):
«Айтшы,
Әбу Бәкір, менің басыма келетін қатердің
өзіңнің де басыңа келгенін қалар ма едің?» – деп
сұрайды. Әбу Бәкір
(р.а.)
: «Иә, сені хақ дінмен жіберген
Раббыма ант етемін, қалар едім», – дейді. Үңгірге келіп
жеткенде де, Пайғамбарымыздың
жағдайын ойлаған
Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, Расулаллаһ, сен осы жерде тұра
тұр, мен үңгірдің ішін ретке келтірейін», – деп алды-
мен ішке өзі кіреді. Үңгірден шыққаннан кейін әлдебір
саңылауды бітемегені есіне түсіп: «Уа, Расулаллаһ, сәл
тоса тұр», – деп, ұмыт қалдырған саңылауды да бітеп
шығады».
Омар
(р.а.)
осыларды айтты да, «Аллаһқа ант етемін,
Әбу Бәкірдің сол түнгі һижреті менің бүкіл отбасымнан
да қайырлы», – дейді»
311
.
Достарыңызбен бөлісу: