Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Құрайыштардың Амр ибн Асты



Pdf көрінісі
бет141/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Құрайыштардың Амр ибн Асты 
нәжашиге жіберуі
Үммі Сәләма 
(р.а.)
айтады: «Аллаһ расулының са-
хабаларына мүшріктердің қорлығы әбден өтіп кетті. 
Жан төзгісіз азаптан көз ашпаған сахабалардың Мекке-
де қалуы екіталай еді. Өйткені оларды діннен тайдыру 
үшін мүшріктер неге болса да дайын еді. Осыны ес-
керген мұсылмандар Пайғамбарымыздың сөзіне құлақ 
асып, һижрет етуге бел буады. Асылында, Аллаһ расулы 
қауымы мен көкесінің қамқорлығында болғандықтан, 
оған ешкім тиісе алмайтын және өзге сахабаларға 
көрсеткен қорлықты оған көрсете алмайтын. Расулаллаһ 
сахабаларын адам айтқысыз азаптан арашалауға бір 
319
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/956 (46324)


323
Һижрет
өзінің дәрмені жетпегендіктен, оларға: «Хабашстанның 
билеушісі қарамағындағы халқына озбырлық жасамай-
ды. Әзірге соның елін паналай тұрыңдар. Аллаһ тағала 
сендер үшін еркіндік пен шығар жол көрсеткенге дейін 
сол жерде бола тұрыңдар», – деп кеңес береді. Біз топ-
топқа бөлініп, жолға шықтық. Хабашстанда бас қостық. 
Бір-бірімен қақ-соғы жоқ, өз шаруасын күйттеген бей-
біт ел екен. Діни сенімімізге байланысты бізге ешкім 
күш көрсеткен жоқ. Құрайыштар біздің сенімді елді 
паналағанымызды көре алмай, өзара ақылдасып, біз-
ді елге қайтару үшін, Нәжашиге елші жіберуге шешім 
қабылдады. Елші етіп Амр ибн Ас пен Абдуллаһ ибн 
Әбу Рабианы жіберді. Нәжашиге бір бөлек, оның 
қолбасшыларына бір бөлек тарту-таралғылар дайын-
дап, елшілеріне: «Олар туралы сөз қозғамай тұрып, 
әуелі, әрбір қолбасшының сыйлығын беріңдер. Со-
сын Нәжашидің бабын табыңдар. Қолдарыңнан келсе, 
Нәжаши мен мұсылмандарды тілдестірмей, оларды 
қайтарып алуға күш салыңдар», – деп ескертеді.
Амр мен Абдуллаһ келіп, әр қолбасшыға жеке сый-
құрмет көрсетеді. Сый-құрмет көрсете жүріп, өздерінің 
талап-тілектерін ұмытпайды. «Біз діні үшін елдері-
нен безген, сендердің діндеріңді де қабылдамаған
сөйте тұра, сендерді паналаған опасыздар жайында 
патшаларыңмен сөйлесу үшін келдік. Қауымымыз 
оларды қайтарып әкелу үшін, бізді елші етіп жіберді. 
Осы мәселені патшамен сөйлескенде, бізді жақтап, 
көмектесіңдер», – дейді. Олар келіседі. Ықпалды 
адамдардың аузын майлап, алдын-ала келісімін алған 
Құрайыштың елшілері Нәжашидің тарту-таралғысын да 
табыстайды. Меккеліктердің әкелген сыйлықтарының 
ішінде Нәжашиге ең қатты ұнағаны – өңделген мал 


324
Сахабалар салған сара жол
терілері болатын. Олар патшаға былай дейді: «Уа, 
әміршім! Арамыздан кейбір ақымақтар өздерінің діні-
нен бас тартып, елінен безді және сенің дініңді де 
қабылдамады. Біз білмейтін бір дінді ойлап шығарды. 
Енді келіп сенің еліңді паналап жүр. Олар туралы 
сөйлесу үшін, туыстары бізді саған елші етіп жіберді. 
Сенен оларды қайтаруды сұрайды. Өйткені, оларды өз 
қауымы жақсы біледі. Сенің де дініңе кірмепті, оларды 
неліктен қарауыңда ұстайсың?», – деді.
Нәжаши ашуланып: «Жоқ, болмайды! Аллаһқа ант 
етемін, бәрін шақырып сөйлеспей тұрып, жағдайларын 
өз ауыздарынан естімейінше, қайтара алмаймын. Олар 
– менің елімді паналап, менің қамқорлығымды таңдаған 
адамдар. Егер жағдай туыстарының айтқанындай бол-
са, онда оларды кері қайтарамын. Жоқ, олай болмаса, 
онда менің қамқорлығымда қала береді», – деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет