Әбу хузайфаның басшылардың есігін
жағалау туралы айтқаны
Бір күні Әбу Хузайфа (р.а.): «Адамды арандатып,
адастыратын орындардан аулақ болыңдар!» – деді.
Қасындағылар: «Ей, Әбу Абдуллаһ, бүлік орындары
деп қандай орындарды айтар едің?» – деп сұрағанда,
Әбу Хузайфа былай деп жауап береді: «Басшылардың
«есіктерін» жағалау іріткі салатын орын болып табы-
лады. Сендердің бірің басшының алдына барып, оны
427
Бәйхақи, Сүнән 8/165 (164442)
419
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
жөнсіз растап, орынсыз мақтаса, бұл нағыз бүлік,
көлгірлік, әрі аярлық болып саналады».
428
бұл туралы Аббастың (р.а.) ұлы
Абдуллаһқа айтқан насихаты
Ибн Аббас айтады: «Әкем маған «Балам, мүміндер
әмірінің (Омар) саған айрықша ықыласы ауып, Аллаһ
расулының сахабалары арасынан сенің пікіріңе ден
қоятынын көріп жүрмін. Мыналарды есіңде сақта:
Аллаһтан қорық, өтірік айтпа, оның сырларын ешкімге
сездірме және оның алдында ешкімді ғайбаттама!»
429
13. бАСшылАРдың АлдындА
АҚиҚАТТы АйТу, АллАһТың
бұйРыҚТАРынА ҚАйшы ӘРЕКЕТТЕРІн
ҚолдАМАу
омар(р.а.): «Алдында шындық
айтылмаған басшыда қайыр жоқ»
Хасан Басри айтады: «Омар (р.а.) Үбей ибн
Кағыбтың оқыған бір аятын қабылдамай, қарсы
шыққанда, Үбей: «Ей, Омар! Сен Бақиде саудамен ай-
налысып жүргенде мен мұны Аллаһ расулынан естіген-
мін», – дейді. Омар «Дұрыс айттың. Мен «Араларыңнан
шындықты айтатын бір адам шыға ма екен?», – деп сен-
дерді сынағым келген еді. Өйткені, алдында шындық
айтылмаған басшыда және шындықты айтпаған бас-
шыда қайыр жоқ», – деді»
430
.
428
Әбу Нуайм, Хилия 1/277
429
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 10/265 (10619)
430
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/236 (36766)
420
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |