Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың (р.а.) худайбия келісімшарты ту-



Pdf көрінісі
бет63/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

омардың (р.а.) худайбия келісімшарты ту-
ралы көзқарасы
Ибн Аббас (р.а.) Омардың (р.а.) былай дегенін айта-
ды: «Аллаһ расулы арада келісім-шарт жасасып, Мекке 
халқына ерекше құқық берді. Егер Пайғамбарымыздың 
арнайы тағайындаған адамы дәл сондай келісім жа-
саса, онда бағынбаған болар едім. Өйткені келісімнің 
бір бабында «Мұсылман болып мүшріктерден қашып, 
мұсылмандарды паналағандарды мұсылман жағы кері 
қайтарады, ал мүшріктер өздеріне барып қосылғандарды 
қайтармайды» делінген еді»
142
.
Әбу бәкірдің худайбия келісімі туралы 
көзқарасы
Әбу Бәкір (р.а.) былай дейді: «Өзге жеңістерге 
қарағанда, Исламда Худайбия жеңісінің маңызы зор. 
Ол кезде халықтың ой-өрісі тар болатын. Адамдар 
асығыс, ағат әрекеттерге көп баратын. Алайда Аллаһ 
істі межесіне жеткізгенге дейін асығыстық жасамайды. 
Уәда (қоштасу) қажылығында Худайбияда Құрайыш 
елші етіп жіберген келісімшарттың баптарын бекіт-
кен Сүһәйл ибн Амрға қарадым. Құрбандық шалы-
натын жерге барып, Расулаллаһқа (с.а.с.) қолғабыс 
етті. Пайғамбарымыз құрбандықтарды өз қолымен 
шалды. Бұл істі бітірген соң, Пайғамбарымыз шашта-
разды шақыртып, шашын алдырды. Мен Сүһәйлден 
көз айырмадым. Ол Расулаллаһтың шаштарын жинап 
алып, (арабтардың әдетінше) көзіне тигізіп, құрметпен 
тағзым етіп
жатты. Сол кезде оның Худайбия күні 
келісімшартқа «Бисмилләһир-Рахманир-Рахим» деп 
жазудан бас тартқандығы және «Мұхаммед расулаллаһ» 
142
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/749 (30137)


144
Сахабалар салған сара жол
деп жазылуына наразы болғаны есіме түсті де, оны Ис-
ламмен қадірлі еткен Аллаһқа шүкіршілік еттім»
143

16. АМР ибн АСТың иСлАМды 
ҚАбылдАуы 
Амр ибн Ас (р.а.) былай дейді: «Хандақ шайқасы-
нан қайтқан күні Құрайыштан мені қолдайтын, сөзімді 
тыңдайтын адамдарды жинап алып, оларға: «Сендер 
де білесіңдер, мен Мұхаммед қолға алған істің айы 
оңынан туып, желі оңынан тұратынын, желкен керіп 
кең айдынға шығатынын сеземін. Менің бір ойым бар, 
оған сендер не дейсіңдер?» – деп сұрадым. «Ойлағаның 
не?» – деп сұрады олар. «Хабашстанға барып, Нәжашиді 
паналайық. Біз Нәжашидің қамқорлығында болған кез-
де, Мұхаммед қауымымызды жеңетін болса, патшаның 
қамқорлығында қалуымыз Мұхаммедтің қол астына 
кіргеннен артық емес пе? Егер біздің қауымның мерейі 
үстем түссе, біздің кім екеніміз құпия емес, олардан тек 
жақсылық көреміз», – дедім. «Шынында да, сенің бұл 
ұсынысың ойға қонымды екен», – десті олар. «Ендеше, 
Нәжашиге ұсынатын сыйлық дайындаңдар», – дедім. 
Біздің елде оған тарту етуге лайық сыйлығымыз – 
ең иі қанып иленген, мейлінше өңделген тері еді. Сол 
себепті теріні мол етіп жинап, жолға шықтық. Аллаһ 
нәсіп етіп, оған да аман-есен жеттік. Біз оның алдын-
да тұрған кезде, Аллаһ расулы Әбу Жағфарды және 
жолдастарының жағдайын білуге жіберген Амр ибн 
Умәйяту Дамри келе қалды. Нәжашиге кіріп кетті де, 
біраз уақыттан соң шықты. Жолдастарыма: «Бұл –
Амр 
ибн Умәйя. Нәжашидің алдына барған кезімде оны маған 
тапсыруын сұрайын, сосын айызым қана басын ша-
143
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/749 (30136)


145
Аллаһ пен расулына шақыру
байын. Егер осылай етсем, Құрайыштар Мұхаммедтің 
елшісін өлтіріп, кеткен есесін қайтарғаным үшін маған 
сенім артар», – деп ойладым. 
Нәжашиге барып, әдеттегіше алдына жығылып 
сәжде жасап, тағзым еттім. Нәжаши: «Амансың ба, до-
сым! Еліңнен маған сыйлық әкелдің бе?» – деп сұрады. 
«Иә, патшам», – деп терілерді тарту еттім. Нәжаши 
менің тартуыма риза болып, қуанып қалды. Мен: «Уа, 
патшам! Жаңа алдыңнан шыққан адамды көрдім. Ол – 
біздің дұшпанымыздың елшісі. Оны маған бер, көзін 
құртайын, өйткені ол біздің зиялыларымыз бен қадірлі 
адамдарымызды өлтірді», – дедім. 
Нәжаши бұл ұсынысыма ашуланып, бұлқан-
талқан болды. Мен қатты қорқып кеттім. «Уа, пат-
шам, бұл айтқаным саған ұнамайтынын білгенде, се-
нен оны сұрамас едім», – дедім. Ашуы әлі басылмаған 
Нәжаши: «Сонда сен Мұсаға уахи әкелген Намусу әкбар 
(Жәбірейіл) келетін әлгі кісінің елшісін өлтіру үшін, 
бізден рұқсат сұрап тұрсың ба?» – деді. «Уа, патшам, 
ол шынында сондай адам ба?» – деп сұрадым мен. 
«Ей, Амр! Мені тыңдасаң, Мұхаммедті мойында. 
Ол – ақиқатпен келген адам. Мұса ибн Имран Перғауын 
мен әскерін қалай жеңсе, ол да қарсыластарын әлі-ақ 
солай жер қаптырады», – деді ол. «Мұхаммедтің аты-
нан саған серт берсем, сертімді қабылдайсың ба?» – деп 
сұрадым. Нәжаши: «Иә, қабылдаймын», – деді. Патша 
қолын созды, мен алға ұмсынып, оған Ислам үшін серт 
бердім. Сөйтіп, ол жерден көзқарасым өзгеріп, басқа 
адам болып шықтым, бірақ мұсылман болғанымды 
жолдастарымнан жасырып жүрдім. Содан Расулаллаһқа 
(с.а.с.) бару үшін Хабашстаннан шыққанымда, жол-
да Халид ибн Уәлидпен ұшырастым. Меккеден келе 


146
Сахабалар салған сара жол
жатқан беті екен. Бұл Меккенің әлі алынбаған кезі 
еді. Одан: «Әбу Сүлеймен, қайда жол тарттың?» – деп 
сұрадым. «Аллаһқа ант етейін. Ол (Пайғамбарымызды 
меңзеп) мақсатына жетті. Расында да, пайғамбар екен. 
Соған жолығуға бара жатырмын. Мұсылмандықты 
қабылдасам ба деймін. Жетер енді, бұл тартыс қашанға 
дейін созыла бермек?» – деді ол бір ауыр ойға шо-
мып. «Менде де басқа мақсат жоқ, мұсылмандықты 
қабылдауға ниет еттім», – дедім мен. 
Мәдинаға келіп кірдік. Бірден Пайғамбарға тарттық. 
Халид ибн Уәлид (р.а.) мұсылмандықты қабылдап, 
серт берді. Сосын мен жақындап: «Уа, Расулаллаһ, осы 
уақытқа дейін жасаған күнәларымды кешірсең, саған 
серт беремін. Ал болашақта күнәға бататынымды я ба-
тпайтынымды білмеймін»», – дедім. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Ей, Амр! Серт бер. Өйткені Ислам 
өзінен бұрын жасалған күнәларды өшіреді. Һижрет жа-
сау одан бұрынғы жамандықтарды жояды», – деді. Мен 
серт беріп, кері қайттым
144

Бәйхақидің Уақиди жолы арқылы жеткен риуая-
тында мынадай қызғылықты жағдайлар кездеседі:
«...(Амр ибн Ас айтады:) Сосын ары қарай кеттім. 
Таиф пен Меккенің арасындағы Хиддаға жеткенде, ме-
нен сәл ертерек келген екі адамның шатырға кіргелі 
тұрғанын көрдім. Бірі шатырдың ішіне еніп кетті, ал 
екіншісі мініс көліктерін ұстап сыртта қалды. Қарасам, 
Халид ибн Уәлид. Одан: «Қайда барасың?» – деп 
сұрадым. Халид: «Мұхаммедке бара жатырмын. Ақыл-
есі бүтін адамның бәрі Ислам дінін қабылдап жатыр. 
Енді кешіксем, қорқау қасқырларды желкесінен ұстап, 
інінен шығарғандай біз де сондай күйге түсерміз», – 
144
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 4/198 (17812)


147
Аллаһ пен расулына шақыру
деді. «Мен де Мұхаммедке бара жатырмын, Исламды 
қабылдауға шешім қабылдадым», – дедім. Сол кез-
де шатырдан Осман ибн Талха шығып, маған: «Қош 
келдің!» – деді. Бәріміз сол жерде түнеп, Мәдинаға бір-
ге баруға келістік. Әбу Утба құдығына жеткен кезіміз-
де әлдекімнің «Ей, Рәбах! Ей, Рәбах!» деп айқайлағаны 
естілді. Біз «табыс» деген мағынаны беретін бұл сөзді 
жақсылыққа жорып, жолға шықтық. Сосын ол біз-
ге қарап, Халид пен мені меңзеп Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.): «Мына екеуі де Исламға кірсе, Меккенің кілті 
алынды деген сөз» дегенін естідім. 
Әлгі адам мешітке қарай жүгіре жөнелді. Аллаһ 
расулына біздің келгенімізді хабарлауға кетсе керек. 
Шынында да солай болды. Түйелерімізді Харраға 
шөктіріп, бір киер киімдерімізді кидік. Сол кезде 
намаздыгердің азаны оқылды. Алдына барғанымызда, 
Пайғамбарымыздың жүзінен нұр шашырап тұр еді. 
Бізді қаумалаған мұсылмандардың барлығы Ислам-
ды қабылдағанымызға балаша қуанды. Халид ибн 
Уәлид серт берді. Сосын Осман ибн Талха серт берді. 
Сосын менің кезегім келді. Алдында отырған кезім-
де ұялғаннан оның бетіне тіктеп қарай алмадым. Іле 
өткен күнәларымды жарылқау шартымен серт бердім. 
Болашақтағы күнәларым ойыма келмепті. Сонда ол: 
«Ислам бұрынғы барлық күнәларды жояды, һижрет 
бұрын жасалған күнәларды өшіреді», – деді. Амр ибн 
Ас: «Аллаһқа ант етемін, мұсылман болғалы бері, 
Расулаллаһ маңызды мәселелерді шешуде ешбір саха-
басын Халид екеумізге тең көрген емес»
145
, – деген.
145
Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/238


148
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет