Алматы 2010
Мұхитдин Исаұлы
Қайрат Жолдыбайұлы
ИСЛАМ
ҒЫЛЫМХАЛЫ
(ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ БОЙЫНША)
УДК 28
ББК 86.38
И 83
Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ.
И 83 Ислам ғылымхалы – Алматы, 2010 ж. – 520 бет.
ISBN 978-601-06-1125-2
Бұл еңбекте Ислам дініндегі «намаз, ораза, зекет,
қажылық, құрбандық» секілді ғибадат негіздері ханафи
мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті
сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.
УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-06-1125-2
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2010
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының сараптау
комиссиясы мақұлдаған
3
Алғы сөз
Имандылыққа қайта бет бұрғалы бері халқымыздың
ислами еңбектерге деген сұранысы күн өткен сайын
артып келеді. Оны елдің бүгінгі Ислам дінін танып-
білуге деген талпынысынан анық көріп отырмыз. Сол
талпынысқа демеу болсын деген ниетпен 2003 жылы
«Ислам ғылымхалы» атты кітап жарық көрген болатын.
Алайда, кітап 5000 данамен шықса да, бірер жылда-
ақ түгелдей тарап үлгерген еді. Сіздерге ұсынылып
отырған бұл кітап − оқырман қауымның қызу қолдауы
мен сұранысының арқасында шығып отырған үшінші
басылым.
Бұл – Ислам дінінің жыл өткен сайын халық
жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы мен
қазақ қоғамының мұсылманшылық пен имандылыққа
деген шынайы бетбұрысының анық көрінісі.
Ислам дінін жан-жақты тану, оның үкімдерінің жай-
жапсары мен құлшылықтарының жөн-жосығына қанығу,
мұсылманға тиесілі бес парыздың шариғат заңы бойын-
ша қалай дұрыс атқарылатындығын білу тұрғысынан
«Ислам ғылымхалы» - уақыт талабы мен оқырман
талғамына сай өте сәтті шыққан еңбек.
Бұған қоса, кітапта Ислам дінінің маңызы,
мәзһабтардың шығу себептері, тазалық пен дәрет-
ғұсылдың жөн-жоралғысы, намаз, ораза, зекет, қажылық,
құрбан шалу, аң аулаудың орындалу тәртібі мен шарттары
да кең көлемде ұғынықты етіп берілген. Сондай-ақ парыз,
уәжіп, сүннет секілді діни үкімдердің түсініктемелеріне
4
Ислам ғылымхалы
тоқталған. Кітапта қозғалған әрбір мәселе аят-хадис
тұрғысынан нақты дәлелденіп, тақырыпқа сай шағын
әңгімелер де келтірілген.
«Ислам ғылымхалын» құрастырып-жазуға көп
еңбек сарп етілгенін жиырмадан астам діни-әдебиет
бұлақтарының пайдаланылғанынан-ақ аңғаруға
болады.
Сөз соңы, кітап Имам Ағзам мәзһабын ұстанушы
қазақстандық күллі мұсылман қауымның имани, рухани
кәдесіне жарар деген ниеттеміз.
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасы
5
Пікір
Қазақ халқының үлкен ағартушысы Ы. Алтынсарин
1889 жылы «Шариатул-ислам», көрнекті ақыны Шәкәрім
Құдайбердіұлы 1911 жылы «Мұсылмандық шарттары»
атты кітаптар жазып бастырыпты. Екі оқымысты да осы
еңбектері арқылы қандастарына ислам дінінің негіздері
мен қағидаларын, шариғат үкімдерін ұғынықты ана
тілінде жеткізуді мақсат еткен еді. Себебі, сол кездерде
қазақтардың көпшілігі араб, түрік, кітаби түрік-шағатай
тілдеріндегі діни кітаптарды түсініп оқи алмайтын.
Содан бері ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл мәселе
күн тәртібінен түскен жоқ. Қазақ тілінде шығып жатқан
исламға қатысты кітаптар әлі де аз, имандылыққа бет
бұрған халқымыздың өскелең талап-сұранысы толық
қанағаттандырылмай отыр. Сол себепті, Исламның
парыз-қағидаларын жан-жақты таныстыру, түсіндіру
ниетімен жазылған бұл кітаптың өзектілігі күмәнсіз.
Кітап мазмұны бұрынырақ жарияланған Халифа
Алтайдың «Ғылымхалына» қарағанда әлдеқайда кең,
толыққанды. Өте күрделі әрі қиын сауалдарға ашық
дәлелмен жауаптар берілген. Кітап авторлары бұл
тақырыпқа дайындықпен келді.
Олардың бірі Мұхиддин Исаұлы Қожа Ахмет Яссауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін
дінтану мамандығы бойынша бітірген соң, Түркияның
6
Ислам ғылымхалы
Истанбул Мармара университетінің магистратурасында
білімін жетілдірді. Артынан Анкара университетінде
Құран ілімі бойынша докторлық қорғады.
Ал Қайрат Жолдыбайұлы Мысырдағы әл-Әзһар
университетін толықтай бітірген алғашқы қазақ жігіті.
Екі маман да дінге қатысты мақалаларымен соңғы
кезде республикалық мерзімді басылым беттерінде жиі
көрінумен қатар, радио-теледидарда тұрақты сөйлеп,
дінді насихаттауға үлес қосуда.
Авторлар араб, түрік тілдеріндегі дерек-
материалдарды еркін пайдаланып, фиқһ саласындағы
іргелі еңбектерге арқа сүйеген.
Кітап ханафи мәзһабын ұстанатын жалпы
Қазақстандық мұсылмандар, әсіресе, имамдар үшін аса
қажет құрал деп – санаймын.
Шамшәдин Керім,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің проректоры, филология
ғылымдарының докторы.
7
Кіріспе
Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан
жаратқан әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы
Жаппар Ие Аллаһ Тағалаға тән!
Адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік
бақытқа жеткізу үшін, рақым етіп жіберілген адамзаттың
ардақ тұтар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры,
жаратылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тәжі, ақырғы
пайғамбар хазіреті Мұхаммедке сәлем жолдап, мың сан
салауат айтамыз!
Аллаһ Тағаланың шарапатымен Қазақстан
тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы дініміз де
бостандық көгінде самғай ұшып, нұр шуақты рухани
көктем де қайта оралды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
қолдауымен аз уақыт ішінде халқымыздың рухани
дүниесін байыту жолында көптеген елеулі кітаптар жа-
зылып, қызметтер атқарылуда.
Исламның негізгі парыздарын қамтыған осы кітап
та, сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жа-
зылды. Бұл кітапта әһли сүннеттің төрт мәзһабының
бірі – Әбу Ханифа мәзһабы бағыты қамтылды. Өйткені,
Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы
Имам Ағзам қауымына жатады. Задында, «мәзһаб»
– жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді.
Шариғатта – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран
мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар
жиынтығы. Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып
8
Ислам ғылымхалы
табылатын Құран және хадистің әрбір сөзінің бірнеше
астарлы, терең мағыналары, түсу себептері, тіпті кейбір
себептерге байланысты хадистердің бір-біріне қарама-
қайшы келетін, яки бір қарағанда қарама-қайшы сияқты
көрінетін жерлері де бар. Сонымен қатар хадистердің
«сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи»,
«хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған» «мутауатир»,
«ахад», «мәшһур», «ғариб», сияқты қуаттылық жағынан
үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. Бұларды
кез-келген қарапайым адам тереңінен талдап, аражігін
ажыратып, шариғи үкім шығара алмайтындықтан Әбу
Ханифа сияқты Құран ілімімен қоса хадис ілімін, қисын
ілімін, фиқһ негіздерін, т.б. ислами ілімдерді жетік білген
мүштәһидтің шығарған үкімдерімен жүруге мұқтаж. Өз
бетінше әрекет етуші жолдан адасуы әбден мүмкін.
Имам Ағзам – Ислам ғылымдарын аса жетік білген
ғұлама. Оның мәзһабындағы көзқарастар жеке өзіне
ғана тән емес. Оның қырық мыңнан астам шәкірттері
болған, төрт мыңнан астамы мүштәһид (үкім шығарушы)
дәрежесіне жеткен. Әрі осы ғасырға дейін сол жолды
ұстанып келе жатқан халықтың ішінде мүштәһидтер
кездескен. Осының бәрі Имам Ағзам мәзһабының
көзқарастарына жатады.
Мәзһабтардың болуы Ислам дінінің жеңілдігін
көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмбетімнің әр түрлі
көзқараста болуы – рақымдылық», – дейді. Өз мәзһабына
қарай амал ете алмай қалған жағдайда, келесі мәзһаб
бойынша әрекет етеді. Ханафи мәзһабында, екі намазды
біріктіріп қосып оқу тек қажылық мезгілінде Арафат пен
Муздәлифәда ғана рұқсат етілген. Бұдан тыс жолаушылық
секілді себептерге байланысты қосып оқи алмайды. Бірақ
9
Ислам ғылымхалы
басқа мәзһабтарда жолаушылықта екі намазды қосып оқу
бар. Сол себепті, жолаушылықта ханафи адам шафиғи
мәзһабы бойынша зәру жағдайларда екі намазды қосып
оқып жатса, рақымдылық әрі жеңілдік емес пе?!
Біз бұл кітапта ғибадаттың тазалық, намаз, ораза,
зекет, қажылық, т.б. секілді негізгі мәселелеріне кеңінен
тоқталдық. Осы жағынан алғанда, қазақша жазылған
алғашқы кітап. Бұл еңбек Имам Ағзам мәзһабын негізге
ала отырып жазылғандықтан, сол мәзһабтан Ибн Абидин,
Касани секілді т.б негізгі қайнар көздерді пайдаландық.
Бір мәселені қозғағанда, әуелі аят пен хадистерден мысал
бердік. Дәлел ретінде берілген салмақты хадистерді
неғұрлым Бухари мен Муслимнен көбірек алуға ат
салыстық. Оқырманды жалықтырмау мақсатымен, екі
тақырып арасында ғибадаттың хикметтерін, ғибратты
әңгімелер жаздық. Ғибадат еткенде пайдаланатын
дұғалардың арабша мәтінін әрі транскрипциясы мен
аудармасын бердік. Кітаптағы барлық терминдердің
неғұрлым қазақша баламасын ұсынып, қосымша
арнайы тақырыпшада топтастырдық. Кітапты ғылыми
еңбек дей тұрғанмен жалқыға да, жалпыға да ұғынықты
болсын деген мақсатпен таразының екі басын тең ұстап,
қарапайым тілмен жазуға тырыстық. Кітап халқымыздың
рухани дүниесін байытуға қарлығаштың тұмсығымен
ілген бір тамшы судай да болса үлесін қосып жатса,
мақсатымыз орындалып, көңіл күзіміз көгілдір көктемге
айналар еді.
Мұхитдин Исаұлы
Қайрат Жолдыбайұлы
10
11
ДІН
Адамзат тарихына көз салсақ, ықылым заманнан
бері дінсіз өмір сүрмегенін байқаймыз. Адам жеке тұлға
ретінде де, қоғамдық тұрғыдан да дінге мұқтаж. Өйткені,
дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында бар.
Туа біткен қасиет. Дін – оның мына қалтарыс-бұлтарысы
мың сан қабат ғұмырында арқа сүйер тірегі, сарқырап
аққан өмір-өзендегі қайығының діттеген мақсатына
апарар ескегі мен жөн көрсетер темірқазығы.
Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз
салайықшы! Неткен ғажап жаратылыс?! Қандай тіл
жетпес жүйе?! Осы әлемде адамнан басқа әрбір жара-
тылыс өз қызметін қалтқысыз атқарып, тыныс-тіршілігін
жасауда. Алдын ала келісіп қойғандай бірігіп, жұмыла
кірісіп, әлемнің тепе-теңдігін сақтап, жағдай жасап, соған
бағынуда. Ал адам баласы осынау жеті қабат әлем өзіне
бағынса да, бақытты емес. Ол ұзақ уақыт бойы ойланып,
бұл ғұмырға неге келгенін, қайда баратынын таба алмау-
да. Мына әлемнің өзіне не үшін бағынатынын, өзінің кім
екенін ұға алмай жүр. Кейде ол өзінің дүниедегі жалғыз
ақыл-ой иесі екенін аңғарса да, жақсы ғұмыр сүре алмай
жүр. Құс екеш құстың ұясы қараған жанды тамсандырса,
ал адам өз баспанасын әзер салуда.
Адам – әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор
тауқыметті де сол санадан көрді. Өйткені, санасы өзін
қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере
алмайтын. Әлемдегі әркімнің өз қызметі мен мақсаты
бар. Бәрінің мақсаты – адамға қызмет ету. Бірақ адам
12
Ислам ғылымхалы
баласының мақсаты не болмақ? Әсіресе, оның жанын
қатты қинайтыны өлім. Өлімді ойлай бастағанда-ақ
жүрегінің терең түкпіріндегі мәңгілік өмірге деген сезім,
бейне бір жанартаудай атқылап, тұла бойын өртейді. Ол
саналы бола тұрып, көбінесе жақсы мен жаманды айыра
алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман, ал жаман
дегені, жақсы болып шығуда. Жанын ең қатты қинағаны,
ақыл иесі бола тұра, қауқарсыз, әлжуаздығы. Кейде
жауыннан қашып, жапырақты тасалаған көгершінде
ғұмырдың зардабынан қашып, құдіретті бір күшті пана-
лап, бой жасырғысы келеді. Адам соларды көріп әлемнің
жалғыз Жаратушысы бар екендігін тапса да, оны тани
алмауда.
Адам баласының хал-күйі осылай. Сондықтан, ол
шеше алмаған жұмбақтың жауабын діннен ғана табады.
Ол дін илаһи (құдайылық) болуы керек. Яғни, дін өзі
мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жара-
тушыдан келуі ләзім. Өйткені, адамның бақытты өмір
сүру жолдары Ұлы Жаратушыға ғана аян. Әркім өзінің
жасағанын жақсы білмек. Сол секілді адам да өзін-өзі
жасамағаны белгілі. Оны өзіне қызмет еткен табиғат-
әлем де жасауы мүмкін емес. Ендеше, оны жаратылы-
стан үстем біреу жаратқан. Ұлы Жаратушы! Олай болса,
адамға не керек екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын
және бойындағы шексіз сезімдер мен қабілеттерді қалай
пайдалану керектігін де бір Аллаһ Тағала ғана біледі.
Өйткені, Ол – Жаратушы. Аса қадірлі қонағына арнап
жеті қабат сарай салып шақырған Сол. Жер-жүзін үлкен
дастарқан етіп, оны жүз мыңнан астам тәтті тағамдармен
толтырып, қонағына дәм татырған Сол. Жан-жануар
мен құс атаулыны қызметші қылып, күнді шырақ, жерді
13
Ислам ғылымхалы
пырақ еткен Сол. Ендеше, адамның нендей мақсатпен
шақырылғанын, діттеген мұраты мен мәңгілік бақытын
білетін де Сол. Сондықтан Ұлы Жаратушы өзінің қадірлі
қонағын елемей-ескермеуі әсте мүмкін емес. Ол сол ха-
барын елшісі арқылы білдірмек. Міне, сол елшісі әкелген
хабарды біз «дін» дейміз.
Адам баласы қашан да дінге зәру. Осы иләһи хабар-
дан қалып қойған әрбір адам жаратылысындағы осы бір
қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтыра-
ды. Бұл күнге дейін дінсіз қоғам яки жеке тұлға кездес-
кен жоқ. Ұлы Жаратушыға сенбеген адам, әйтеуір бір
өзге нәрсені өзіне медет тұтады. Ол ағаш, тас, ай, күн,
тіпті өзінің нәпсісі болуы да мүмкін. Бірақ ақиқат бір-ақ
нәрсе. Ол – Ұлы Жаратушыға бас имеген жанның сансыз
пұттарға бас июі. Атеистік те – жалған дін. Құдайсыздар
алдымен аталмыш идеяны жасағандарға, содан кейін
нәпсісіне табынады. Ібіліс те әуелде Ұлы Жаратушыға
мойынсұнған еді. Кейіннен Хазіреті Адамға сәжде ету
әміріне қарсы шығып, тәкаппарлыққа басып, содан бері
өз нәпсісіне құлдық ұрумен келеді.
Адам баласы Ұлы Жаратушыға бас игенде ғана
пұт атаулыдан ада болып азаттыққа жетеді. Иман
еткен адамның бодандықтан құтылып, бостандыққа
жетуінің сыры осында жатыр. Өйткені, Аллаһ Тағала –
имандының досы. Әлемнің Ұлы Иесімен дос болған жан
кімнен қорықсын?! Жүрегіндегі бұрынғы қорқынышын
Досының ұлылығы мен Оған деген қасиетті сезімі басары
шүбәсіз ғой.
Дінге адам әрқашан мұқтаж. Адамда жан мен тән
бар. Тәнге не қажеттігі анық. Ал рухқа не қажет? Оның
азығы не? Рухани байлыққа кенелмеген кісі төрт түлігі
14
Ислам ғылымхалы
сай келсе де, бақытты бола алмайды. Алайда, рух-әлемі
шұғылаға оранған сана иесі адамның шаңырағынан су
өтсе де, табанынан сыз өтпейді. Пенденің рухани байлығы
– Ұлы Жаратушыға иман ету. Рухы сонда ғана жай тауып,
арнасымен ағады. Иман – Аллаһ Тағалаға ғибадат. Рух
ғибадатқа кіріптар. Ол – оның дара азығы.
Әрі рухтың бұл дүниемен шектелгісі келмейтін
шексіз қалауы бар. Мәңгі-бақи бақытты ғұмыр кешкісі
келеді. Шексіздікті қалайды. Аллаһ Тағала мен ақыретке
иман етумен ғана көңіліне жұбаныш табады.
Адам өмірі – күрес. Ол мұнда өмірдің жал-жал
толқындарын бұзып-жарып, өзінің кім екендігін
көрсету үшін келген. Бірақ ол кейде көксеген мұратына
жету жолында қатты шаршап-шалдығып, алдағы үміт
отын сөндіру қаупіне ұшырап, өзінің қауқарсыздығын
аңғарады. Алдынан қамалап тосқауылдар шыққанда
қашан да көмек көрсететін Ұлы Жаратушыға құл болып,
иман еткен жан ғана үмітін жоғалтпай алға басып,
көкірегін дауылға қарсы тосып, Ұлы Иесінің мұны бір
сәт те қараусыз яки жалғыз тастамайтынына бек сенеді.
Ол өзі көтере алатын ауыр сын арқылы жақын достығын
анықтап жатқанын біледі. Ұлы Жаратушы адамның сы-
налатынын өз елшісі арқылы білдірген.
Адамзаттың өмірге келген мақсаты екі нәрседен
тұрады: Аллаһ Тағалаға иман етіп, берген мол берекесіне
шүкірлік етіп, алғыс айту. Сосын Аллаһ Тағала құдси
хадисте
1
былай дейді: «Мен бір құпия қазына едім. Таны-
сын деп әлемді жараттым». Әлем – Оның сипаттарының
айнасы. Ал адам – дара айна. Сондықтан, адамның
1
Құдси хадис: Мағынасы Аллаһтыкі, сөзі Пайғамбардікі.
15
Ислам ғылымхалы
мақсаты – Аллаһ Тағаланың күллі сипаттарын танып,
оны әлемге паш ету. Бұл екеуі ғибадатты құрайды.
Адамзат Аллаһ Тағалаға неліктен ғибадат жасайды?
Біріншіден, Ұлы Аллаһ «ғибадат ет» деп әмір еткені
үшін. Екіншіден, Оның ризалығын алу үшін. Үшіншіден,
жоғарыда айтылғандай, адам рухының азығы – Аллаһ
Тағалаға ғибадат ету. Әрине, Аллаһ ғибадатқа мұқтаж
емес. Керісінше, біз мұқтажбыз. Оған құлшылық еткен-
де ғана адамның жан-сарайы жай тауып, рухы көгілдір
көктемге айналады.
Адам дінсіз өмір сүре алмайды. Сол діннің қайнар
көзі – илаһи болуы ләзім. Шынайы дін ғана адамды
нұрға бөлейді. Жалған дін жүректі қараңғылықтың қара
шәлісімен тұншықтырады.
Сөз түйіні, нағыз дін – ақыл иелерін өз еріктері-
мен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи заңдар
жиынтығы.
***
16
17
ИМАМ АҒЗАМ
Имам Ағзам һижраның 80 (699) жылында Ирактың
Куфа қаласында өмірге келген. Толық аты-жөні – Нұғман
ибн Сәбит. Ұлты – парсы. Өз дәуірінің ірі ғалымы
болғандықтан халық оны «Имам Ағзам», «ең үлкен
имам» деп құрметтеген. Ел арасында «Әбу Ханифа»
деп те аталады. Яғни, «Ханифаның әкесі». Бұлай аталуы
жайлы да түрлі көзқарастар бар. Солардың бірі Ханифа
есімді қызы болған дегенді айтады. Бірақ ол заман-
да арабтардың салтында ата-тек ер баланың есімімен
аталатын. Әрі өзінің дәріс алқасында Хаммад атты
баласы бар еді. Сондықтан «Әбу Хаммад» – деп аталуға
лайық. Бұдан басқа Ханифтің Исламдағы мағынасы –
Аллаһ Тағаланың әуел бастан адамзатқа түсірген, адам
табиғатына ең лайық нағыз шынайы тәухид діні. Құранда
былай дейді: «Бәрінен бет бұрып, жүзіңді, Ханиф дініне
қарат. Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап
жаратқан. Аллаһтың жаратуында өзгеріс болмайды.
Хақ дін осы. Бірақ адамдардың көпшілігі түсінбейді»
2
.
Ханиф – «Ислам» сөзінің синонимі ретінде берілген. Бұл
хадисте де бар. Пайғамбарымыздан «Аллаһқа қандай дін
қабыл болуға лайық?» – деп сұрағанда, «Жеңілдетілген
Ханифтік»
3
– деп жауап береді. Ол – Ислам діні. Басқа
хадисте Пайғамбарымыз: «Аллаһ құлдарымның бәрін де
2
Рум, 30/30.
3
Ахмәд ибн Ханбәл. Муснәд. Египет. 1949. 1, 236.
18
Ислам ғылымхалы
ханиф етіп жараттым – деді»
4
– деп хабар берсе, бірде
ол: «Мен яһуди мен христиандықпен емес, жеңілдетілген
Ханифтікпен жіберілдім»
5
, – дейді. Ұлы Жаратушы адам
баласын ханиф яғни Ислам дініне лайық жаратқан.
Құранда: «Ибраһим яһуди де, христиан да емес, бірақ
ол ханиф және мұсылман еді. Пұтқа табынушылар-
дан да емес-тін», – деп айтылады
6
. Барлық діндер ханиф
– тұп-тура дін болған. Бұл дін – адамның табиғатына
ауыр емес, керісінше жеңіл келіп, жүрекке жылы тиген,
жанын рақатқа бөлеп, бейбітшілік бесігінде тербеткен
кеңпейілділік діні.
Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға
қарағанда осы кеңпейілділік, жеңілдік дінінің болмысы-
на сай келгендіктен «Әбу Ханифа» делінген. Арабшада
«әбу» сөзі тек «әкені» ғана емес, сонымен қатар, «бір
нәрсеге иелік ету», «өкілдік» мағынасын да білдіреді.
Демек, сунниттердің арасында өзге мәзһабтарға
қарағанда Исламның рухына жақынырақ көзқараста
болып, Исламға өкілдік еткен.
Әбу Ханифаның жас кезінде негізгі қызыққан ілімі –
кәлам саласы. Кәлам – діннің иман негіздерін зерттейтін
ғылым. Куфа – Ирактың ең үлкен қалаларының бірі. Ол
жерде Исламдағы болсын, одан тыс болсын, әр түрлі
теріс ағымдар көп. Аса зерек Имам Ағзам жастайынан
сол ағымдармен пікір таластырып, ой жарыстырып өсті.
Бірде оған сол аймақтағы пұтқа табынушылар келіп, Ұлы
Жаратушы жайлы пікір таластырады. Сонда ол: «Сендер
4
Әбул Хусәйн Муслим ибн Хажжаж. Сахих, Станбул. 1973.
Жәннәт, 63.
5
Муснәд, 6, 116.
6
Әли Имран, 3/67.
19
Ислам ғылымхалы
теңізде желкенін желге жайған алып бір кеменің қарсы
келген жал-жал толқындарға төтеп беріп, белгілі бір
бағытқа жүзіп бара жатқанын көрдіңдер дейік. Сонда
мен әлгі кеменің басқаратын капитаны жоқ. Өздігінен
санасы бардай кетіп бара жатыр десем, қабыл етер ме
едіңдер?», – дейді. Әлгі адамдар: «Жоқ, бұл ақылға сый-
ымсыз нәрсе», – деп жауап береді. Осы кезде Имам Ағзам:
«Сол секілді бізге бесік етіп жаратылған жер – алып кеме.
Милиондаған адам мен жан-жануар, сансыз өсімдіктерін
арқалап, қаншама ғасырдан бері, өзінің діттеген
бағытына қарай кетіп бара жатыр. Сонда мұның алдағы
бағытын түзеп, үстіндегі халықты сақтаған, қадағалаған
бір иесі болмауы ақылға қона ма? Жоғарыдағы мысал
ақылға қонбаса, бұл қалай қонбақ? Демек, әлемнің Ұлы
бір Жаратушысы бар», – дейді. Оның сөздері қисынға
келетіндіктен, әлгі адамдар бірауыздан ақиқатты мой-
ындап, мұсылмандыққа өтеді.
Ол кейін фиқһтың маманы болғанда да, кейде
кәламға байланысты пікір таласатын. Бірде мешітте
отырған кезінде харижиттер қолдарына қару алып,
мешітке басып кіреді. Олардың жаңсақ сенімі бойынша
үлкен күнә жасаған мұсылман кәпір саналып, мәңгілік
жаһаннамға кетеді. Сол себепті, харижиттер оны сынау
үшін сұрақ қояды:
– «Есіктің алдында екі өлік бар. Бірі – еркек.
Араққа тұншығып өлген. Екіншісі – әйел. Зина жасап,
жүкті болғанын білген кезде асылып өлген. Осы екеуі
жөнінде сен не айтар едің?»
– Екеуі қай ұлттан? Яһуди ме?
– Жоқ.
– Христиан ба?
20
Ислам ғылымхалы
– Жоқ, христиан емес.
– Пұтқа табынушы ма?
– Жоқ.
– Сонда қай ұлттан?
– Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы
және Елшісі деген үмбеттен.
– Шәһадат кәлимасы иманның үште, төртте яки
бесте бірі ме?
– Иманның ондай үште, төртте, бесте бірі болмай-
ды. Ол бөлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың
мұсылман екенін айттыңдар.
– Сен мұны қоя тұр. Олар жаннаттық па, әлде
жаһаннамдық па?
– Айтарым: Хазіреті Ибраһим осы екеуінің
күнәсынан әлдеқайда үлкен күнә жасаған елі үшін Аллаһ
Тағалаға былай деп дұға етті: «Маған ілескендер менен.
Достарыңызбен бөлісу: |