Алматы қаласы білім басқармасы


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)



бет30/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)
Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:
Металдар коррозиясы және одан қорғаудың жолдары Коррозия (лат. сorrosio – кеміру, мүжу) – қоршаған ортаның әсерінен металдар мен балқымалардың өзінен-өзі бұзылу процесі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы


Оқытушы: Дауенова Г.О.


Металдардың коррозиясы және онымен күрес
Металдар коррозиясы және одан қорғаудың жолдары Коррозия (лат. сorrosio – кеміру, мүжу) – қоршаған ортаның әсерінен металдар мен балқымалардың өзінен-өзі бұзылу процесі. Оған су, оттек, көміртек оксиді, күкірт, азот, күкіртсутек және басқа заттар жатады. Коррозия процесі жүретін ортаны коррозионды немесе агрессивті орта дейді. Коррозия – бұл тотығу - тотықсыздану процесі. Коррозия процесінің физика-химиялық негізі, бұл металдардың тотығуы және коррозионды орта құратын заттардың тотықсыздануында:
nMe + O2 ® MenOm
Электрохимиялық коррозия кезінде анодта металдардың тотығуы және су молекуласының әсерінен оның иондарының электролитке айналуы жүреді. Бұл процесс екі әртүрлі механизм бойынша жүзеге асады:
а) гальванокоррозия – гальваникалық тізбекке токтың әсері, мысалы, мырышталған темірдің коррозиясы кезінде анодта мырыш тотығады (Е0Zn = -0, 763 В):
Zn0 – 2e- ®Zn2+
Процестің нәтижесінде Zn/Fe коррозионды гальваножұбы бұзылып, мырыш коррозияланады, өйткені мырыштың темірге қарағанда стандартты электродтық потенциалы төмен
(E0Fe= - 0, 440 В)
б) электрокоррозия – сыртқы ток әсерінен жүреді, мысалы, жер асты құбырларының коррозиясы. Катодта сутек ионының тотықсыздануы жүреді: Қышқылдық ортада - сутекті деполяризациялану
2Н+ + 2e- ®2Н0, 2Н0 ®Н2­;
сілтілік және бейтарап орталарда – оттекті деполяризациялану
О2 + 2Н2О + 4e- ® 4ОН-
Коррозияның жүру жағдайы, жылдамдығы, мүмкіндігі және коррозия өнімінің құрамы, металдардың қасиеттері мен коррозионды ортаға байланысты анықталады. Мысалы, қышқыл ерітінділеріне тұрақты металдар қалыпты жағдайда, қышқылдық ортада оттектің қатысымен немесе осы металдармен комплексті қосылыстар түзетін заттармен коррозияланады. Алтын оттектің әсерінен цианид - аниондарының CN- қатысуымен тотығады, тепе - теңдік бір валентті алтынның мықты цианидті комплексінің түзілу бағытына қарай ығысады. Қорғасын кернеу қатарында сутекке дейін орналасса да, бірақ күкірт қышқылы әсерінен баяу коррозияланып, әрі қарай коррозиялануға кедергі болатын аз еритін қорғасын сульфаты пленкасымен қапталады.
Коррозиялық процестің жіктелуі
Ι. Коррозионды процестің жүру механизміне байланысты:
1. Химиялық коррозия.
2. Электрохимиялық коррозия.
ΙΙ. Коррозиялық бүлінудің жағдайына байланысты:

  1. Жалпы немесе жаппай коррозия.

  2. Жергілікті коррозия.

ΙΙΙ. Процестің жүру жағдайына байланысты:
1. Аэрационды коррозия.
2. Топырақтық коррозия
3. Биокоррозия.
4. Сұйық коррозия.
5. Газды коррозия.
6. Құрылымдық коррозия.
7. Атмосфералық коррозия.
8. Контакты коррозия.
9. Сыртқы ток коррозиясы.
10. Тоқтардың шатасу коррозиясы.
Металдар және олардың құймаларын коррозиядан қорғаудың әдістері Коррозиялық бүлінуден металдарды және олардың құймаларын қорғаудың бірнеше әдістері бар. Солардың ішінде: қорғаныш жабындары (металдық, бейметалдық, химиялық); коррозияға қарсы металдарды қоспалау; коррозия ортасының өзгеруі; металдарды катодтық (электронды) қорғау әдістері маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет