Алматы қаласы білім басқармасы


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)



бет118/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 8 мин (9%)
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 23 мин(25%)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%)
Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы


Оқытушы: Дауенова Г.О.
Тесу және жону станогы
Машина жасауда жону тобының станоктары металл кескіш ста­ноктардың ортақ паркінен 30…40 % құрайды. Тағайындалуына және конструкциясына байланысты осы топтың станоктары келесі типтер­ге бөлінеді: 1 – автоматтар және бір айналдырықты жартылай авто­маттар; 2 – автоматтар және көп айналдырықты жартылай автомат­тар; 3 – револьверлі; 4 – тесу-кескіш; 5 – айналма; 6 – жону, жону-бұранда кескіш және маңдайлы; 7 – жону-көп кескіш; 8 – арнайылан­дырылған; 9 – арнайы. Жону станоктарының әрбір типінің бірнеше моделі бар.
Жону автоматтары және жартылай автоматтары ірі сериялы және жаппай өндірістерде аса кең таралды. Олар күрделі пішін үйле­сімді тетіктерді бірнеше құралдармен өңдеуге арналған. Жартылай автоматтарда дайындамаларды механикалық өңдеу процесі ғана, ал сондай-ақ автоматтарда дайындамаларды тиеу және өңделген тетік­терді түсіру процесі автоматтандырылған. Жону автоматтары және жартылай автоматтары әмбебап және арнайы, бір және көп айналды­рықты, горизонталь және вертикаль болады.
Револьверлі (револьверлі-жону) станоктары сериялық өндіріс жағ­дайларында күрделі пішінді тетіктерді өңдеуге арналған. Бұл станок­тар арнайы құрылғылармен – револьверлі бастиектермен (револьверлі суппорттармен) жабдықталған, олар бірнеше құралдың бір мезгілде орналасуы үшін қызмет атқарады. Револьверлі бастиектер осьтері вертикаль да, горизонталь да болуы мүмкін.
Айналма (айналма-жону)станоктары биіктігі үлкен емес ірі габа­ритті (L/D = 0,2…0,3) дайындамаларды өңдеу үшін қолданылады. Бұл доңғалақтар, турбиналар, маховиктер және т.с.с. дайындамалары бо­луы мүмкін. Жону станоктарынан ерекшелігінде дайындама дөңгелек горизонталь үстелде – вертикаль айналу осі бар айналмалар орнаты­лады. Айналма үстелінің бар болуы (диаметрі 0,5…2 м) дайындама­ларды станокта орнатуды, дәлдеуді және бекітуді жеңілдетеді. Кес­кіштер және осьтік құралдар бір тіреулі станоктарда – вертикаль тіреуде орналасқан револьверлі бастиекте, не болмаса екі тіреулі станоктарда маңдайшада бекітіледі. Айналма станоктар әмбебап та, арнайыландырылған да болып шығарылады.
Маңдайлы станоктар диаметрі үлкен және ұзындығы шағын дайындамаларды өңдеуге арналған. Өңделетін дайындама станок айналдырығында орнатылған планшайбада бекітіледі. Планшайба астында станок орнағының ойықшасы бар, бұл диаметрі планшайба­ның диаметрінен үлкен дайындаманы өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Маңдайлы станоктарда сыртқы цилиндрлік және конустық бет­терді жонуға, шет жақтарды өңдеуге, бунақтарды жонуға, ішкі бет­терді кеулей жонуға болады. Бұл станоктар жеке және ұсақ сериялы өндірістер жағдайларында қолданылады. Негізінде ірі сериялы және жаппай өндірістерде қолданылатын көп кескіш-жону станоктары сатылы біліктерді, тісті доңғалақтар блоктарын және басқа күрделі тетіктерді өңдеуге арналған. Бұл ста­ноктардың екі және одан көп суппорттары бар, олардың әрқайсысын­да бір мезгілде жұмыс істейтін бірнеше кескіштер бекітілген. Көп кескіш-жону станоктары тәртіп бойынша автоматтық циклде жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет