Электрлік әдістерді автокөлікті жөндеу өндірісінде қолдану
Автомобиль жолдардың жіктелуі Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы пайдаланудағы автожолдардың ұзындығы 88 мың км құрайды, оларды 65 мың км немесе 74% жергілікті маңызы бар жолдар болып табылады. 1998-1999 жылдары жергілікті маңызы бар жолдар өңірлердің балансына берілген кезде 40,4 мың км жол (ұзындығының 61%) қанағаттанарлык күйде болады. 1997 жылдан бастап жолдардың жай-күйі туралы ауқымды зерттеулер жүргізілген жоқ, жолдардын жай-күйі аса төмен қаржыландырумен байланысты одан әрі нашарлады.
Ауылшаруашылық өндірісінде көлік жыл бойы негізгі қызмет атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін қабылдау бөлімшелеріне шикізатты қайта өңдеуге уақытында жеткізу, сонымен қатар егістік жерлерге тыңайтқыштар жеткізу, жанар-жағар май, тұқым және тағы басқаларын тасу аса маңызды жұмыстардың бірі.
Ауылшаруашылық аудандарында тасымалдау көліктін барлық түрлерімен темір жол, су, автокөлік және әуе жолдарымен жүзеге асырылады, бірақ аса маңыздысы автокөлікке байланысты.
Автокөлік жұмысы жол жағдайына байланысты. Көктемде егіні себудің қызу шағында және күзде егін жинау кезінде қолайсыз жолдарда, яғни топырақ қабатының ылғалдануынан батпаққа айналған жолдарда жүру, жанар-майдың көп шығындалуына жөне автокөліктің тез тозуына келіп соғады, Қысқы уақыттарда жолда жүру қардын, калың болып түсуінен киындайды. Құрғакшылық жылдары топырақты жолдардан көтерілген шаң автокөлік козғалысына жақын жатқан егістік жерлерінің өніміне және тұрғылықты жерлерде тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына зиянын тигізеді.
Жыл сайын еліміздің ауылшаруашылық аудандарында мыңдаған шақырымдарға созылған жолдар қатарға қосылуда.
Барлық автокөлік жолдары көпшілік қолданыстағы және ведомстволық жолдарға бөдінеді. Көпшілік қолданыстағы автокөлік жолдары мемлекеттік жол шаруашылығы ұйымдарының балансына жатады.
Автокөліктерді жетілдіру, жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың орташа кашьқтығын арттыруына байланысты болады.
Автокөлік жолдарын халық шаруашылығында пайдалану міндетті түрде жобалау және оның ұзақтығын арттыруды қарастыру керек. Сонымен қатар автокөлік жолдары мен автопоездардың қауіпсіз козғалысын барлык жол жүрісінде, бұрылыстар, жоғарыға көтерілу мен төмен түсуі, ауа-райы мен жыл мезгіліне карамай-ақ жүрумен камтамасыз ету керек. Жолдын сапасы жүргізуші мен жолаушыларды шаршатпайтындай жақсы жасалу керек. Барқа да санитарлық - гигиеналық жағдайлар сақталуы керек: аз шаңдату, қозғалыстың жоғарғы дәрежедегі тыныштығы, жолаушылардың ұзақ жолда демалу мүмкіндігі, автокөліктерге жанармай құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа.
Жолдың маңызы жоғары болса, оның салыну мен пайдалануына катаң талап койылады. Негізгі қызмет атқаратын қозғалыстың есебі, техникалык-экономикалыұ көрсеткіші мен жол кұрылысының қаражатын анықтайды.
Бүкіл автокөлік жолдары ортақ жүйелі, қалалык, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындар жолдарына бөлінеді. Әкімшілік-саяси, экономикалық және мәдени маңызына байланысты ортақ жүйелі жолдары келесі топтарға бөлінеді: жалпы мемлекеттік, Республикалық, облыстық және жергілікті белгілеу.
Дәріс 13