11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 40 мин(45%) Тақырып бойынша оқушылардың сұрақ жауабын тыңдап, қортындылау түрінде өткізіледі.
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%) Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%) Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%) О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы
Оқытушы: Дауенова Г.О.
Болат өндірісі Болат қорыту өндірісі, Қарағанды металлургия комбинатының болат табақ прокаттау цехтарын металмен қамтамасыз етеді. Мартен және конвертер цехтары бар.
Мартен цехы алғашқы балқыманы 1964 жылы 10 қаңтарда берді (1970 жылға дейін Қарағанды металлургия зауытының мартен цехы). Цехта 2 пеш бар, әрқайсысының шөгіндісі 650 т. №1 домна пештерінде қорытылған шойыннан және металл сынықтарынан болат балқытылады, олардың ара қатынасы тиісінше 65% және 85%. Қоспалары: әктас, боксит, әк. Негізгі өнімі — прокат алу үшін болат құймалар. Пештердің барлық элементтері магнезитті, хромды магнезитті және шамотты отқа төзімді заттармен беттелген. Отынды жағу үшін қажетті ауа регенеттерде 1000-1200 С° градусқа дейін қыздырылады. Балқыма өнімі арнаулы ленталы ойық арқылы сыйымдылығы 320 т. болат құйғыш шөмішке құйылады. Шығару барысында тотықсызданып, шыңдалады. Факел мен ваннада болат балқуын тездету үшін техн. жағынан таза оттегі пайдаланылады; басты күмбездері мен болат құйғыш шөміштерін факелдік торкреттеу еңгізілді, ол беттерінің төзімділігін 15-20% арттыруға мүмкіндік береді; металл емес қоспалардың үлесін кеміту, болат химиялық инертті газбен өңделеді.
Конвертер цехы 1970 жылы 18 сәуірде пайдалануға берілді. Конвертерлердің бастапқы сыйымдылығы 250 т болды. Қайта жабдықталғаннан кейін конвертердің жобалық шөгіндісі 300 т-ға дейін жеткізілді (іс жүзінде - 350 т). Цехта З конвертер бар, олардың 2-уі жұмыс істеп, 1-уі резервте тұрады. Цехтың өнімділігі қорытылған шойын жағдайында жылына 6 млн т., фосфорлы түрінде 4,27 млн т (1984). 1975 жылдан бастап Лисаковск кенішінің коңыр теміртастарын өңдеуге байланысты құрамында 0,9 - 1,4% фосфор бар шойынды қорыту жүзеге асырылуда. Бұл рудадан болат балқыту 2 сатыда жүзеге асырылады: 1-саты құрамында кемінде 0,2%, 2-сатыда кемінде 0,02 - 0,03% фосфор болғанға дейін. Балқытудың жалпы ұзақтығы 65 мин. Конвертерлерді шайырлы магнезиттік әдіспен қалау 400-ге жуық балқытуға төтеп береді. Цехта шихталау және көнвертерлік балқыту үшін электронды-есептеу машинасы (8М - 6000) пайдаланылады; шөміштегі сұйық болат аргонмен немесе азотпен үрленеді; болат салмағы 13 - 23 т болат кесек болып шеберлік әдіспен құйылады; шөміштегі болатты шындайтын қондырғы, қалдық конвертерлік газды ішінара жағу арқылы оны беру және тазарту жүйесі қолданылады. Ауыр жүк көтеретін КамАЗ автомобильдері үшін аса берік лонжеронды болат балқыту, ақ қаңылтыр алу үшін жұмсақ қайнап тұрған болат балқыту технологиясы игерілді. 1984 ж. КСРО-да тұңғыш рет тозаңды әкті ұнтақтау, тасымалдау және конвертерге беру жөніндегі бөлімше пайдалануға берілді. Трубалар құю үшін штрипстік дайындамаға арналған салқындай прокаттауға қолданылатын 10 СП болаты және КамАЗ жүк автомобильдерінің рамаларына қажетті 15 Гют лонжеронды болат Мемлекеттік сапа белгісімен аттестатталды. Б. к. өндірісінде Ленин орденімен КСРО-нің құрметті металлургі А. Жүнісов пен И.П. Ковалев марапатталған; Е. Байғазиевке, А. Дәрібаевқа Соц. Еңбек Ері атағы берілген. «Миталл Стил Теміртау» ААҚ цехта МНАЗ - болатты үздіксіз құю машинасының 1-кезегін (2004) іске қосты, 2-кезегі пайдалануға беруге әзірленуде (2006).