«АЛМАТЫ-DANCE»
би мектебінің бизнес жоспары
Мазмұны
-
Бизнес жоспардың түйіндемесі
-
Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
-
Обьектінің сипаттамасы
-
Маркетинг жоспары
-
Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
-
Қаржы жоспары
-
Тәуекелділікті бағалау
-
Қорытынды
Қосымша
Жобаның түйіндемесі
Ұсынылып отырған жоба би мектебін құрудың бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Аспандияров М.С.
Жобаның идеясы: Би мектептерін құру келесі мақсаттарды көздейді:
-
Кәсіпорынды құру
-
Пайда табу
-
Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 353 592 тенге.
Кәсіпорынның сипаттамасы: би үйрету кызметін көрсету.
Жобаның құны: 353 592 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 4 ай.
Инвестордың табысы — 3 660 000 тенгені құрайды.
Алған несие бойынша төлемдер жобаның бірінші айынан басталады.
Іске асыру жобасының қарызын қайтару— бірінші айдан басталады.
Несие жылына 17% мөлшерлемесінде алынады.
Жобаның өмірлік циклы 1 жыл.
Жобаның жалпы экономикалық тиімділігінің соммасы 802 808 теңгені құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |