Алматы экономика және статистика академиясы


Тақырып 2. Жергілікті бюджеттен қамтамасыз етілетін



бет6/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,87 Mb.
#15419
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып 2. Жергілікті бюджеттен қамтамасыз етілетін ұйымдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Дәріс мақсаты: Жергілікті Республикалық бюджеттен қамтамасыздандыру қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

2.1.Жергілікті Республикалық бюджеттен қамтамасыздандырылатын мекемелер есебінің маңыздылығы

2.2.Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп формалары.

Дәріс мазмұны:

2.1.Жергілікті Республикалық бюджеттен қамтамасыздандырылатын мекемелер есебінің маңыздылығы.

Жергілікті Республикалық бюджеттен қамтамасыздандыру «Қ.Р. бюджет жүйесі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, сондай-ақ әкімшілік – территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты өзгерістер, кәсіпорындардың, мекемелердің және шаруашылық ұйымдардың т.б. бағыныштылығының өзгерістері жекелеген бюджеттерге белгіленген жағдайда бюджеттің атқарылуы процесінде туындайтын бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысу бойынша операциялар есептеледі.

Бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысу тек жоғары тұрған бюджеттер мен төмен тұрған бюджеттер арасында ғана жүзеге асыруы мүмкін.

Облыстық, қалалық қаржы басқармалары Қ.Р. Президентінің және Қ.Р. Министрлер Кабинетінің заңдарынан, қаулылары мен өкімдерінен бюджет бойынша өзгерістер енгізу құқығы берілген жергілікті әкімдер мен басқа да органдардың шешімдерінен туындайтын өзгерістер жөнінде әзірленген ф. №11 бойынша хабарлама сомманы бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуға жатқызу үшін негіз болып табылады.

Аудандық бюджет пен халық депутаттары селолық, ауылдық, поселкілік кеңестердің бюджеттерімен қалалық /Ауданындық бағыныстағы қалалар/ бюджеттер арасындағы өзара есеп айрысу жөніндегі операциялар хабарламалар мен /ф.№11/ хатталмайды және «Жергілікті бюджеттер мен өзара есеп айырысу» атты 062 субшот есептелінбейді.

Әкімшілік – территориялық бөлініс өзгергенде бір бюджеттен екінші бюджетке аударылуға тиіс қаражат соммасы бөлу актісіне сәйкес бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуға жатқызылады.

Бөлу актісінде бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы деректер, атап айтқанда мыналар келтіруге тиіс:


  • Контингенттер, проценттер және аударым жарнасының соммасы көрсетілген кірістер бойынша бекітілген тағайындаулар, сондай-ақ жеке шараларға арналған шығындар бойынша есепті жылға арналған бекітілген тағайындаулар;

  • Келіп түскен кірістер, ашылған кредиттер немесе қаржыландырылған сомма және табыс етілген күнгі кассалық шығындар;

  • Бюджеттің атқарылуы процесінде туындаған бюджеттердің арасындағы есеп айырысу /Алынған дәне берліген несие, субвенция, қаражат және есеп айырысу/, сондай-ақ табыс ету актісінің формасында көрсетіледі /Территорияны табыс ету жөніндегі актінің формасы облыстық атқару комитеттеріне Қазақ КСР Қаржы министрілігінің 1984 ж. 22 тамыздағы № 14-2-02 хаттамамен жеткізілген/.

061 – ші шот есеп «Қ.Р. республикалық бюджеттерімен өзара есеп айырысу». Бұл субшот Қ.Р. республикалық бюджеттермен өзара есеп айырысу жөніндегі операциялардың тиісті қаржы органдарындағы есебіне арналған. 061 шот есептің дебетіне мыналар жазылады:

Республикалық бюджеттен өзара есеп айырысу бойынша алынуға тиісті сомма: «Қ.Р. республикалық бюджетінен берілген және алынған қаражат аты» № 071 субшот кредиттеледі;

Өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтеу үшін республикалық бюджетте аударылған сомма «Жергілікті бюджеттің ағымдағы субшотынан/Негізгі/» атты 011 субшот кредиттеледі;

Жоғары тұрған бюджеттен алынуға тиіс және өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтеу үшін есепке алынған дотация мен субвенция соммасы: «Бюджет кірістері» атты 040 субшот кредиттеледі.

062 субшот «Жергілікті бюджеттермен есеп айырысу» бұл шоттың дебетіне мыналар жатқызылады: Басқа жергілікті бюджеттердің өзара есеп айырысу бойынша алынуға тиіс сомма; «Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар» атты 072 субшот кредиттеледі.

Жергілікті бюджеттерге нақты берілген қаражаттың және есеп айырысудың басталған мерзімі бойынша жергілікті бюджеттерден нақты алынған қаражаттың соммасы 1 жыл ішінде әрбір талдамалаы шот есеп бойынша, селолық, аудандық, поселкілік және қалалық /Ауданындық бағыныстағы қалалардың/ бюджеттерден нақты берілген немесе нақты алынған қаражаттан басқа, мынадай тәртіппен айқындалады:

072 субшот бойынша /ф. № 4 – ф кітабының 6 - бағанасы/ тоқсанға жатқызылатын дебет айналымының соммасынан 062 субшот бойынша /. № 4 – ф кітабының 21 - бағанасы/ ағымдағы тоқсанға жатқызылған кредит қалдығының соммасы шегеріледі; алынған айырма басқа бюджетке берілген қаражаттың соммасы болып табылады.

072 субшот бойынша /. № 4 – ф кітабының 7- бағанасы/ ағымдағы тоқсанға жатқызылатын кредит айналымының соммасына 062 субшот бойынша /. № 4 – ф кітабының 20-бағанасы/ ағымдағы тоқсанға жатқызылатын дебет қалдығының соммасы шегеріледі; алынған айырма басқа бюджеттен нақты алынған қаражаттың соммасы болып табылады.

Есепті жылдың аяғында 062 субшоты дебеті немесе кредиті бойынша ағымдағы тоқсанға /. № 4 – ф кітабының 20 және 21бағаналары/ жатқызылатын қалдық жоқ болған жағдайда 072 субшот бойынша ағымдағы тоқсанға /ф.№4 – ф кітабының 6-7 бағаналары/ жатқызылатын айналым соммасы дебеті бойынша – нақты берілген қаражат соммасы болып табылады, кредит бойынша – басқа бюджеттен нақты алынған қаражат соммасы болып табылады.
2.2.Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп формалары.

Бюджеттік мекемелердегі операциялардың бухгалтерлік жазбалары үшін мынадай тиісті хатталған құжаттар негіз болып табылады:



  • бюджеттің әр тоқсанға бөліп көрсетілген жылдық тізімі немесе оның көшірмесі;

  • сметалық тағайындамалардың-қаржыландуру мөлшерлерінің өзгергені туралы хабарлама - анықтама /ф№24/;

  • жергілікті бюджеттің ағымдағы шотесебіне /негізгі/ түскен кірістер туралы анықтама /ф № 3/;

  • жергілікті бюджеттің ағымдағы шотесебінен /негізгі/ қаражатты аудару жөніндегі өкім /ф № 5/;

  • өзара есеп айырысу туралы хабарлама /ф № 11/:

  • шығыс кестесі - қаржыландыру жоспары /ф № 12/;

  • кірістерді қайтару туралы қорытынды /ф № 21/;

  • жергілікті бюджеттен қаражатты иеленушілерге қаражат аудару жөніндегі төлемдік тапсырмалар /№№ 872, 872 а, 873 үлгідегі формалар/;

  • бюджет бойынша шығыстар сметаларының атқарылуы туралы мерзімдік және жылдық есеп қисап;

  • Ұлттық мемлекеттік банкі мекемелерінің күрделі жұмсалымдары мен басқада шараларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жөніндегі айлық есептері /ф№ 759/;

  • Мемориалдық ордер /ф№ 274/

Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік іс- шаралар ненмесе операциялар келесі жүйеленген құжаттар негізінде есепке алынады:

  • Мемориалды ордер № 1 – кассалық операциялардың жинақ ведомості ф 381;

  • Мемориалды ордер № 2 – бюджеттік шоттардағы қорлардың қозғалмалық жинақ ведомості ф 381;

  • Мемориалды ордер № 3 – арнай шотттардағы қорлар мен волюталық операциялар динақ ведомості ф 381;

  • Мемориалды ордер № 5 – степениялар мен жұмысшылардың еңбек ақы есебінің жинақ ведомостісі ф 405;

  • Мемориалды ордер № 6 – ұымның жинақ есептемелері ф 408;

  • Мемориалды ордер №7 – аванстық есеп туралы жинақ ведомостісі ф 408;

  • Мемориалды ордер № 8 – есеп беруге тиісті тұлғалармен есебінің жинақ ведомостісі ф 386;

  • Мемориалды ордер №9 – активтердің қозғалысымен есептен шығу жинақ ведомості ф 438;

  • Мемориалды одер № 10 – арзан бағалы тез тозатын құндылықтардың есебінің жинақ ведомості ф 438;

  • Мемориалды орддер № 11 – азық түліктердің кіріске алу жинақ тық салыстыру ведомстісі ф 411;

  • Мемориалды ордер № 12 - азық түліктердің кіріске алу жинақ тық салыстыру ведомстісі ф 411;

  • Мемориалды ордер № 13 – материалдардың шығындарын есепке алу жинақ ведомості ф396;

  • Мемориалды ордер № 14 – ақылы қызметтердің кірістерін есепке алу жинақ ведомості ф 409;

  • Мемориалды ордер № 15 - балаларды қамтамасыз ету үшін ата – аналармен есептесу жинақ ведомсті ф 406.

Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі мынадай есеп тізімдемелерінде жүргізіледі:

  • «Бас журнал» кітабы форма № 1-ф;

  • қаражатты иеленушілер мен кассалық шығындардың ағымдағы шот есептерінің кітаптары /ф № 3 ф/;

  • басқа бюджеттермен есеп айырысу кітабы /ф № 4 - ф/;

  • кірістер кітабы /ф №5-ф/;

  • кітаптардың формалары № 1 қосымшада келтірілген.

  • Келесі жылға арналған бухгалтерлік кітаптар мен басқа да құжаттар әр бір қаржы орграндарында 31 желтоқсанан кешіктірілмей әзірленеуге тиіс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Активтерге не жатады?

2. Актав дегеніміз не?

3. Аспаптар дегеніміз не?

4. Өндірістік саймандар мен жарактар дегеніміз не?

5. Активтердің тозуы есебін толығырақ қарастырыңыз

6. Өндіріске арналған шығындар қандай шығыстарға бөлінеді?

Ұсынатын әдебиеттер:



  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000

  6. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.

  7. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  8. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.


Тақырып 3. Бюджеттік ұйымдардағы айналым және айналымнан тыс активтердің есебі

Дәріс мақсаты: Бюджеттік ұйымдардағы айналым және айналымнан тыс активтердің топтастырылуын қарастыру

Дәріс сұрақтары:

3.1.Негізгі құралдар есебі және ұзақ мерзімді салымдар есебі.

3.2.Материалды құндылықтар есебі.

3.3. Арзан бағалы құндылықтар есебі
Дәріс мазмұны:

3.1.Негізгі құралдар есебі және ұзақ мерзімді салымдар есебі

Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Қазналық Депортаменті Қаржы Министрлігінің 27 қаңтар 1998 ж №30 және қосымша өзгерістері 22 сәуір 1998 ж № 184, 25 мамыр 1999 ж №278, 12 маусым 2000 ж № 278, 17 наурыз 2001 ж № 141 , 30 наурыз 2001 ж № 159, 18 мамыр 2001 ж № 260, 18 ақпан 2002 ж № 67, 02 шілде 2002 ж № 353, 17 наурыз 2004 ж № 17 нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Бюджеттік мекемелердегі негізгі құралдардың есебі активтердің дұрыс құжатталуын талап етеді. Активтерге: ғимараттар (жер участкісі, ғимарат, құрылғылар, көп жылдық көшеттер және т.с.с.).

Активтерге сонымен қатар жерді жақсарту негізінде салынған қаржы салымбары (мелиорация, құрғату, ирригациялық және басқада жұмыстар) көлік құралдары, құрылғылар жатады.

Бюджеттік мекемелердегі активтер негізіндегі арзан бағалы тез тозатын заттарға жатпайтындар:


  • Құндылығына қарамастан өтеу мерзімі бір жылға дейінгі заттар;

  • Қызмет ету мерзіміне қарамастан, сатып алу мөлшері 40 еселенген есептік көрсеткіш негізіндегі бағасына.

Бюджеттік мекемелердегі негізгі құралдар есебі активтерге арналған 01 «Активтер» шоттарының субшоттаррында есепе алынады. Олар:

    • 010 «Ғимараттар»;

    • 011 «Құрылғылар»;

    • 012 «Беріліс құрылғылары»;

    • 013 «Машиналар мен құралсаймандар»;

    • 014 «Материалды емес активтер»;

    • 015 «Көлік құралдары»;

    • 016 «Өндіоістік құрылғылар және шаруашылық инвентарь»;

    • 017 «Өнімдік және жұмыс малдары»;

    • 018 «Кітапқаналық қор»;

    • 019 «Басқада қорлар».

010 «Ғимараттар» субшодында жекеленген ғимараттардың есебі жүргізіледі: амблулаториялар, әлеуметтік – мәдениет (оқу- білім, ауруханалар, кітапханалар, интернат үйлері, мүгедектер мен қартар үйі, балалар үйлері, мұра жайлар, ғылыми – зерттханалар, лабораториялар) ғимараттары есепке алынады.

011 «Құрылғылар» субшодында - су-пісу, стадиондар, бассейндер,жолдар, көпірлер, ескерткіштер, сая бақтардың қорғаныстары, және т.с.с.

012 «Беріліс құрылғылары» субшодында - қалалық су құбырлары, электро жүйелер есепке алынады.

013 «Машиналар мен құрал саймандар» субшодында – күш- қуат машиналары, жұмыс машиналары, өлшуіш құралдары, компьютерллер, медициналық құрал саймандар, қару – жарақтар, арттехқарулар (бронетранспортерлар, әскери – химиялық заттар, радиациялы химиялы заттар) және басқа заттар есепке алынады.

014 «Материалды емес активтер»- нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін қүндылыққа» ие, болғандықтан субъектіге үзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Соны-мен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл)1, «Ноу-Хау, патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншіктік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелелері мен табын ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану қүқықтары, ЭЕМ

Материалды емес активтердің аналитикалық есебі Инвентарлы карточка ф МНҚ -6 – да есепе алынады.

015 «Көлік құралдары» субшодында - көлік құралдарының барлық түрлері есепке алынады.

016 «Өндіоістік құрылғылар және шаруашылық инвентарь» субшодында – мұнда жекеленген топтар негізінде есепке алынады:

1. механикаландырылған және механикаландырылмаған құрылғылар;

2. өндірістік және инвентарьлық саймандар- офистік жиһаздар (столдар, парталар, шкафтар);

3. шаруашылық инвентарьлар – офистік мүліктер (стенка, гарнитуралар,жиһаз кешені, диван, кресла, сейф, жазу машиналары, гектографтар, шапирографтар,);

4. Басқадай өндірістік инвентарьлар – айналар, крталар Атластық, мраморлы вазалар, мемлекеттік рәміздер.

017 «Өнімдік және жұмыс малы» :

1. жұмыс малдары - төрт түлік малдардың барлығы (спорттық аттар, транспорттық малдар мен қызмет иттер);

2. өнім малдары мен асыл тұқымды малдар (төрт түлік малдардың барлығы).

018 «Кітапханалық қор» - кітапханадағы жеке кітаптардың бағасына тәуелсіз барлық кітар жинағы есепке аклынады.

019 «Басқада активтер» субшодында келесі арнай топтар негізіндегі активтер есепке аклынады:

1. Көпжылдық көшеттер (сая-бақтардағы талдар көшеттер, ботаникалық сая-бақтар, жасанды сая-бақтар,өзен жағалауындағы жасанды сая- бақтармен мөлтектердегі талдар);

2. Жердің құнарлығын қайта қалпына келтіру шығындарына

3. мұражайлық құндылықтар;

4. жануар әлеміндегі экспонттар мен зоопарктер, ғылыми – зерттханалық құндылықтар,

5. құндылығына байланысты емес типтік жоспарлау мен құжаттмалар;

6. басқада инвентарьлар.

Барлық мүліктік инвентарьлар ф ОС 13 тіркеледі, материалды емес активтер ф МНҚ 1 қабылдау актісімен есепке алынады. Бюджеттік мекемелердегі негізгі құрлдарды қабылдау кезінде (негізгі құралдардың қозғалысы) ф НҚ -1 материалды емес активтердің қабылдау ф МНҚ 1 құжатымен рәсімделеді.

Актвтерді қоймадан алған кезде құжат ф 434 пен алады. Бюджеттік мекемелердегі активтерді есептен шығарғанда /ф НҚ-3 бюдж/ «Есептен шығару Актісімен» рәсімейді. «Көлік құралдарын есптен шығару Актісі» /ф НҚ-4 бюдж/ рәсімделеді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілген «Баланстан төсек орын , киім кеншек, аяқ- киім және өндірістік инвентарьларды есептен шығару Актісі» /ф.443/ пен рәсімделеді

Бюджеттік мекемелердегі активтердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында , кітапханалық қордан басқаларына арнайы инвентарьлық нөмер тіркеледі, ол нөмір он цифрден құрылады. Мысалы 0101000001, бұл дегеніміз алғашқы 010 «Ғимараттар» субшоды 1 - өндірістік- шаруашылық топ нөмірі, 000001 инвентарьлық нөмір. 0163000005, 016 «Өндірістік құрылғылар және шаруашылық инвентарь» субшоды, 3- шаруашылық топ, 000005 инвентарьлық нөмір.

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық емес активтер төмендегідей тәртіпте бағаланады:

Тараптардың келісуі бойынша - құрылғалы жатқан кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған салымдары екі жақтың келісімі бойынша. Мұндай салымдар тәуелсіз аудитор арқылы расталуға тиісті:

объектілерді сатып алуға және оларды дайын қалпына келтіруге кеткен нақты шығындарды есептей отыра, басқа кәсіпорындардан, мекемелерден, азаматтардан ақысын төлеп алынған материалдық емес активтер;

басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен азаматгардан тегін (сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасын анықтау сараптау арқылы немесе келісімді баға бойынша;

І.Фирманың іскерлік байланыстарының шартты құны, жинақталған материалдық емес активтердің «бағасы», сезілмейтін капиталдың ақшалай бағалануы- сауда белгісінің мәртебесі, іскерлік байланыстар-дың тәжірибесі, клиенттердің, сондай-ақ басқару, ұйымдастыру және техникалық ресурстардың түрақтылығы, қаржы әлеміндегі бедел,өткізу қызметін бақылау тетігін; сезілмейтін негізгі капитал, ак-тивтер, кәсіпорынның жалпы бағасы мен нақты негізгі капиталдың бағасы арасындағы айырмашылықты білдіреді. Сезілмейтін теріс актив (бедвилл) кәсіпорынның сатылу мен баланстық қүны арасындағы айырмашылықты білдіреді.

2.”Ноу-хау” ағылшын тілінен «қалай екенін білемін» деп аударылады. Халықаралық қатынастарда термин қүжаттау, өндіріс тәжірибесі, дағдылары және тауар белгісі арқылы көрінетін техникалық білімдерді анықтау үпгін қолданылады.

Материалдық емес активтердің бастапқы қүны бойыиша амор-тизацияны есептеп, оны өндіріс шығынына жатқызу немесе басқа көздердің шоттарына аудару арқылы жабылады.

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, моралдық тозуға ұшырағанда заңды және жеке түлғаларға тегін берілгенде, табыстық сапасын жоғалтқандығына байланысты есептен шығарылганда, басқа субъектілердің жарғылық қорларына үлес ретінде салынғанда баланстан шыгарылады.

Төрт топқа бөлінетін материалдық емес активтердің әртүрлі түрін қарастырып көрелік.

І.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер

Бұл топқа «Ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы бейнесін қолдану.өнеркәсіптік үлгілер, еервитуттар1. және тағы басқалар жатады.j«Hoy-Xay»-қүжаттама озық өндіріс тәжірибесі, және т.б. түрінде көрінетін тех-никалық білімдерді айқындау үшін халықаралық қатынастарда қол-данылаіын термин.

Кең мағынасында «Ноу-Хаү» техникалық қүжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін үйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибені қажет ететін техникалық.коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы.Лицензиялық келісімдерде, техникалық ынтымақтастық туралы шартгарда, лизиште, «кілті қолма-қол» тапсырылатын қүры-лыс жүргізілгенде, қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық қүқықтар мен патенттік ақпаратгар сияқты коммерциялық практи-када субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «Ноу-Хау» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табысты бақылай алған жағдайда ғана, ол материалдық емес активтін анықтамасына жауап бере алады.

Бұл активтің пайдалылығы «Ноу-Хау» бағасының көрсеткішімен оның пайдалылығының жалпылама көрсеткішімен анықталады.

І.Сервитут-белгілі бір шектерге дейін басқа біреудің мүлкін пайда-лану құқығы (көршілес жер учаскесін басып өту қүқы, жайылымдар мен жолдарды пайдалану қүқығы).

Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан лицензия бағасына уқсас. «Ноу-Хау» нәтижесінде сатып алушы түсірген қосымша та-быстың бір бөлігін беру арқылы қалыптасады және паушалды төлем түрінде (оның иесіне төленетін сыйақының нақты тағайындалған сомасы) немесе роялти түрінде («ноу--хауды» пай-далану құқығын сатып алушының келіскен бағасынан төленетін ағымдағы аударымдардан алынатын мерзімдік проценттік төленімдер) яғни «ноу-хауды» беру жөніндегі келіеімнің күші бар кезеңінде сатып алушыға төленеіін төлем түрінде болады. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден өзгешелігі «ноу-хау» әдетте субъектінің жарғылық капиталына қүрылтайшының қосқан материалдық үлесі есебінде салынады. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын қүны қүрылтайшылар немесе қатысушылардың келісімімен, белгілі бір тәуелсіз аудитор-дың багалауы ескеріле отырып белгіленеді.



Өндірістік ақпаратіы пайдалану қүқықтарын есепке алу.

Бұл материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе оны субъектінің өзі жасап шығаруға кеткен шыгындар жатады.



Ұйымдастыру шыгындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды қүру кезеңінде пайда болган шығындары үйымдас-тыру шығындарына жатқызылады.

ЭЕМ багдарламасымен жабдықтау. ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау деп кәсіпорын алган және үзақ уақыт бойы пайда әкелу қабілеті бар бағдарламаларды пайдалануга қажетті бағдарламалық қүжаттармен мәліметтерді өңдеу жүйесітң жиынгығын айтады,!

Жер учаскелері мен табиги ресурстарды пайдалану упгін алынган қукықтар. Елдің ішіндегі немесе шетелдегі кәсіпорындарды қүруда болжамданған объектілерді салу үшін жер учаскелерін пайдалану қүқығын, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану қүқығын (пайда-лы қазбаларды ендіру қүқы, орманды пайдалану, ішкі тогандарда балық аулау т.б. қүқықтары) алу қажеггігі туындайды; Шетелдерде алынатын осындай қүқықтардың қүнын төлеу шетелдік фирмалар немесе жекелеген азаматгардың есеп айырысуға қатысуымен олар-дың бірлесіп телеуі арқылы жүзеге асырылады.

2.Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету танбалары. Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы (одан әрі --тауар таңбасы) деп басқа заңды және жеке түлғалардың біртектес тауарларынан, тауарлар мен қызметгерді (одан әрі~тауарлар) тиісінше айыра алатын қабілеіі бар таңбаларды айтамыз.

Тауардың шыққан жерінің атауы- тауарды таңбалауға пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа геогра-фиялық объектінің аты, оның ерекше де басты сапасы осы геогра-фиялық объектінің өзіндік табиғи жағдайлары немесе адам фактор-лармен қоса сипатгалады.

Тауарлық таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларын тауардың шыгу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған қүқықтық, экономикалық және үйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республи-касы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы ту-радьі» Қазақстан Республикасы Заңымен ретгеледі.



3. Қолдану (пайдалану) қуқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бүл топқа жаңалық ашу қүқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт(көшіру қүқығы), лицензиялар, франшиза1. және басқалар жатады.

Патенггер. Патент деп белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімін мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін түлганың (патент иеленуші) оған осы ашылган жаңалыққа қүқығы бар екенін куәландыратын куәлік, грамота, қүжат. Патёнггің күші оны берген мемлекетгің аумағында ғана жүреді.^Патентгің қызмет мерзімі (15-20 жыл) үлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шүғылдану қүқығын берегін қүжатты да айтады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) үсталады. Патент иеленушіге ашылған жаңалықты қодануға айрықша (жеке дара) иелік ету қүқығы беріледі. Патентті иеленуші жаңалық қүқығын иеліктен шығаруғажәне басқа тұлғаларға патенттелген жаңалықты пайдалануға рұңсат (лицензия) бере алады.

Өнеркәсіптік улгілер. Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілер көлемді (модельдер), тегісті (суреттер) немесе аралас болып келеді. ІЕгер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында нёкіесе шетелдерден, оның басымдылықты иелену мерзіміне дейін белгісіз болып келсе, онда ол жаңа енеркәсігггік үлгі деп мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бүйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсапте қолданылуга болатыны мойындалады. Өндірістік үлгілер авторы деп, оған шығармашылық еңбегі сіңген азамат мойындалады. Егер өнекәсігггік үлгісі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілер авторы болып есептеледі. Өнекәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасы өнеркәсіпіік үлгілерінің Мемлекетгік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензиялар («азаттық»,«қүқық» деген латын сөздерінен)-сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рүхсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге қүзырлы мемлеқеттік органдар беретін рүқсат. Лицензиялардың көмегімен тауарларды импорттау мен экспорттау және сонымен қатар валюталық қаржылардың жұмсалуына мемлекетгік баңылау жасау жүзеге асырылады. Нарықтық қарым-қатынастары жан-жақты дамыған елдерде лицензиялар берудің мақсаты -- бір ел-мен сауданы толығымен тоқтатып тастауға дейін шектеуді, сөйтіп үлттық өнеркәсәпті шетелдік бәсекеден қорғауды, валютаны жүмсауға бақылау жасауды, сондай-ақ тауарларды, жүмыстар мен қызметтерді экспортгау-импорттауға рүқсат беруден лицензиялық салым алу арқылы мемлекетгік бюджетгі толықтыруды көздейді.

Лицензиялардың мынадай түрлері бар.

Патентгік лйцензия—патент иесіне техникалық қүжаттарды не-месе патентгелген жаңалықтарды пайдалану қүқығын береді.

Жәй лицензия-патентгің иесі лицензиатқэ жаңалықты келісімде белгіленген шекте пайдалану құқығын бере отырып, бірақ сол аумақта оны пайдалану қүқығын өзі де сақтап қалады және лицензияны осы талаптармен басқа да сансыз түлғаларға бере алады. Лицензиаттың сублицензия беруге қүқығы жоқ.

Айрықша лицензия-келісімде белгіленген шекте жаңалықты пайдалануға айрықша қүқық береді; лицензия иесі өздігінше пайдаланудан және басқа түлғаларға беруден бас тартады.

Толық лицензия жағдайында патент күшінің мерзімі біткенге дейінгі кезең ішінде, патентке байланысты барлық қүқықтарды пайдаланады.

Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетгі мемлекетгік органдары қазақстандық және шетелдік ша-руашылық жүргізуші субьектілерге көміртекчі шикізаттай пайдалы қазбаларды (мүнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру қүқығын бере алады. Мұндай лицензияларды пайдалану ройялти-ды төлеумен тығыз байланысты.



Ройялти деп табиги ресурстарды өндірү қу^ығьш алу ушш төленетін төлвмдерді айтады

Жаңалықтарды, патенттерді «ноу--хау», кітап шығару, кинофильмдерді прокаіқа беру және басқа қүқықтарды пайдалануға оқтын-оқтын төленетін лицензиялық төлем де ройялти деп аталады. 4.Материалдық емес активтердің басқа да турлері. Материалдық емес активтердің бүл тобына фирма бағасы («гудвилл»), интелекту-алдық меншік және тағы басқалары кіреді.



«Фирма багасы» немесе «Гудвилл». Материалдық емес актавтердің бүл түрі бүтіндей жүмыс істеп түрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олар-дьщ баланстық қүнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынньщ болашақтагы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жагдайында заңды қүбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі «Фирма бағасын» қүрайды.

Интеллектуалдық меншікті есепке алү. Интелектуалдық меншік--үстіміздегі ғасырдың 60- жылдары енген, заңгерлік үғымы.

«Интеллектуалдық меншік» үғымы авторлық қүқықтарды, орын-даушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты қүқықтарды, жаңалық ашу және па-тентке қүқықтарды ғылыми жаңалық ашу қүқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктен қорғану қүқықтарын, со-ндай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет пен өнер салаларындағы интеллек-туалдьіқ меншік-қамтитын басқа да қүқықтарды білдіреді.

Интеллектуалдық меншікті бағалау-сараптау әдісімен жүзеге асы-рылады. Интеллектуалдық меншікті бағалап, оны балансқа қабыл-дау - оның капиталдану1 процесі болып табылады.

Бюджеттік мекемелердегі активтердің тозығы толық каленедарлық белгіленген нормалармен есепкеалынады.

Ф.ф. НҚ -6, НҚ -8 тозық сомасы толық бір жылға және оның арнайы шифры жазылады. Материалды емес активтнердің есебі 021 субшодында есепке алынады.
3.2. Материалды құндылықтар есебі.
Бюджеттік мекемелердегі материалды құндылықтардың есебі арнайы қоймалық карта ф М -17 жүргізіледі. Бухгалтерия қоймадағы материалдық құндылықтарды жүйелі түрде тексеріп отырады. Материалды жәнен азық – түлік арнайы кіріс журналдарында тьіркеліп отырады.

Егерде құжаттауда қарама – қайшылықтар болған жағдайда ф 429 толтырылады.

Қоймадан материалдар берілген жағдайда келесі құжаттаамалар негізінде рәсімделеді:


  • накладная /талаптамалы/ ф.434

  • талаптама – менюы ф 298 және ф 299 мұнда азық- түлік заттары берілген жағдайда есептеледі

Тағам заттары қоймадан берілген жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі бекіткен ф 397 және заборная карта 431 толтырылады

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі, соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі ЛИФО әдісі.



Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс босалқылардың партиялық есебін дәл үйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

Орташа құн әдісі. Бұл әдіс материалдық құндылықтардың құны ай (кезең) басындағы қорлардың қалдығы мен осы ай (кезең) барысындағы түскен босалқы қорлардьщ құнының орташа қосындысы деп түсіндіріледі.

ФИФО әдісі. Босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі.

Ай соңындагы қорлардың өзіндік құны соңғы жеткізілгендерге жатқызылады, ол олардың шығарылуы бастапқы әкелінгендерге жатқызылады.

Материалдық қорлар мен КДШ сомасын бағалау тікелей сатылған өнімнің өзіндік құны арқылы жалпы табыс мөлшеріне әсер етеді, олай болса, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы көлеміне де әсерін тигізеді. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыстығын салық органдары тексеріп отырады. «Материалдар» бөлімшесінің шоты есепке алынады:

Материалдық босалқы қорлардың қозғалысының есебін жүргізу үшін типтік мекемеаралық құжаттар жасалынған, олардың уақытында толтырылуы және дұрыс жасалуы, қорлардың тиісті есебі мен бақылаушы ұйымдастыруға, олардың сақталуы мен орынды пайдаланылуына мүмкіндік жасайды.

Бас бухгалтер дұрыс құжат айналымын және типтік құжаттардың пайдаланылуын ұйымдастыруға міндетті, барлық орындаушыларға олардың толтырылу, тексерілу және қабылдау кестесін қоса жеткізуі керек. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде, қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар, барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолындағы барлық материалдық қорлар белгілі бір тәртіппен топтастырылған. Табиғи ерекшеліктері мен экономикалық мақсатына қарай материалдық қорлар топтарға, топ ішіндегі топтарға, түрлеріне және өлшемдеріне қарай бөлінеді. Есептік номенклатураға қою негізінде бюджеттік мекемелерде 03 «Материалдық қорлар» шодының тиесілі собшодтарында есепке алынады.

Материалдық босалқылардың қозғалысына байланысты барлың операциялар бойынша құжаттар дайындалып, аз данамен шығарылады. Материалдық босалқылардың қабылдануымен байла-нысты келіп түскен құжаттар (шот-фактуралар, төлем талап тапсыр-малары, тауарлық-көліктік жөнелтпе қағаздары) жабдықтау бөліміне тексеруге және акцептке (төлеуге) қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға (ф. №М-17) тіркейді. Бүл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бастартуды жедел түрде бақылауға арналған.

Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.

Қабылдау актісі (ф.429). Материалдық қорлар-ды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді

Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады.

Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы AKT жасалады, сондай-ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады.

Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.

Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде /сальдо әдісі қолданылғанда/ немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде /егер сальдо әдісі қолданылмаса/ «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдеме жасалады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймалар немесе материалдық жауапты адамдар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік құны мен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректерге орай КДШ-ың орташа процентін /нақтылы өзіндік құнының есептік бағадан ауытқүын +,--/ есептеп шығарады. Табылған процент бойынша жұмсалган материалдық құндылықтардың құны нақты құн деңгейіне дейін жеткізіледі. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынға нақты өзіндік құны мен есептік құны бойынша материалдардың түсуі туралы деректер жинақталады, КДШ немесе ауытқулардың /+,--/ сомасы мен проценті айқындалады, есептен шығарылуға тиіс материал қалдықтарына КДШ /ауытқу/ сомасы болады.

Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен есепшілер материалдарды еепке алу карточкаларында жүргізіледі. Босалқылардың әрбір номенклатуралық нөміріне жеке карточка ашылады, ол бугалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларды қоймашы сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкалар жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе кем болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауға тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы Дабыл анықтамасы қолданылады. Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдық қорының ауытқушылығын бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдары есепке алу карточкасы деректерінің негізінде жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерия белгіленген мерзімдерде қойманың тікелей өзінде жазбалардың дұрыстығын және карточкадағы калдықтардың шығарылуын тексереді. Салыстыру туралы бухгалтер карточкасының арнайы бағанына қол қояды.

Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймада “Құжаттарды өткізу тізімін” бір данада толтыру арқылы қабылдайды. Жасалынған құжаттар тізімі бухгалтерияға беріледі.

Жетіспеушіліктер мен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеу тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауға тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарын есепке алу кітабын береді, оған қойма меңгерушісі материалдары есепке алу карточкасындағы қалдықтарды көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп қойма меңгерушісінің материалдық есепке алу жөніндегі функциясы карточкалар жүргізуге, құжаттар өткізу тізімдерін жасауға және қоймалық есепке алу кітабына қалдықтарды жазуға міндетті. Босалқыларды бухгалтерияда еепке алу жедел-бухгалтерлік әдіспен жүргізіледі, мұнда құндылықтарды жедел және бухгалтерлік есепке алу арасындағы айырма жойылады, қоймалардағы және бухгалтериядағы сандық есепке алуды қайталау болмайды. Бухгалтерлік есеп жедел есепке негізделіп, онымен табиғи байланысты болды; қойма мен бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру мүмкіндігі арқылы есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі пайда болады; есептік бағаларды қолдану қорлардың орташа құнынай сайын айқындау жөніндегі көп еңбекті қажет ететін жұмысты болдырмайды: қоймалардағы қалдықтар туралы мәліметтерді уақытында алуды қамтамасыз етеді. Бұл түгелдеу жүргізуді жеңілдетіп, есептің жедел функциясын күшейтеді; компьютер техникасымен құжаттаманы өңдеу және есептік регистрлерді жасау мүмкіндігін кеңейте түседі; босалқылардың талдамалы есебінің жинақтық есебінен артта қалуын болдырмайды.

Сальдолық әдіске тән сипаттар: босалқылардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі; бухгалтерияда құндылықтар сақтау орындары мен әрбір аралық шоттар немесе босалқылардың топтары бойынша сомалық сипатта есепке алынады.
3.3. Арзан бағалы құндылықтар есебі
Бюджеттік мекемелердегі арзан бағалы құндылықтар келесі топтарға бөлінеді: «а», «б». «в», «г», «д», «е», «ж», «з» Нұсқаманың 33 пункті бойынша.

07 «Арзан бағалы тез тозатын құндылықтар» шоды келесі субшотарға бөлінеді:

070 «қоймадағы арзан бағалы тез тозатын құндылықтар»;

071 «қолданыстағы арзан бағалы тез тозатын құндылықтар»;

072 «қоймадағы киім, төсек-орын заттары, аяқ-киім»;

073 «қолданыстағы киім, төсек-орын заттары, аяқ-киім».

Бухгалтерияда арзан бағалы тез тозатын заттар кірістелген кезеңде 070 шоттар дебиттеліп 09,10,11,06,07 шоттар кредиттеледі, сонымен қатар 08,20,21, субшоттарды дебиттеліп, 260 субшоттар кредителді.

Бухзгалтериядағы арзан бағалы тез тозатын құндылықтардың есебі ф 412 немесе ф М -17 де жүргізіледі.

070 субшоттардың аналитикалық есебі ф. 296 а (ф 296 кітабында есепе алынады). Арзан бағалы тез тозатын құндылықтар есептен шыққан кезде 071 субшот кредителіп 260 субшот дебиттеледі.

Бұл құндылықтардың саны мен бағасы ф.296а жазылым парағында /вкладной лист/ ф.402 де жазылады. Егерде арзан бағалы тез тозат құндылық 1 қаңиарға дейін тіркелмеген болса ол ф.401 де тіркеледі

072 «қоймадағы киім, төсек-орын заттары, аяқ-киім»- қойма кітабы М-17 тіркеледі.

Арнайы киімдер мен қорғаныс органдарының киім-кешектерінің аналитикалық есебі ф.МБ-6 жеке карточкаларында есепке алынады. Осы аталған заттардың таратылуы ф. МД-7 жүргізіледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет