Тапсыру және ашып керсету категорияларына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау: * ақша қаражаттары жіктелген және қаржылық қорытынды есепке дұрыс енгізілген;
* ақша қаражаттары туралы ақпараттар ұлттық валютамен де, шет елдік валютамен де қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ашып көрсетілген.
Бағалау категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау: * ақша қаражаттары қаржылық қорытынды есепте тиісті бағамен берілген;
* шет елдік валюта түріндегі ақша қаражаттарын қайта бағалау өз уақытында және дұрыс орындалады.
Ақша қаражаттарына ұтымды тексеру жүргізу мақсатында оларды кәсіпорындағы ақшаның пайдаланылуын сипаттаушы негізгі шоттарға бөліп қарастырамыз:
* кассадағы нақты ақша;
* ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақшалар;
* есеп берілуге тиісті сомалардың шоттары.