Алматы экономика жєне статистика академиясы


Аудиторлық іріктеу туралы түсінік



бет88/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   103
Байланысты:
Аудит

Аудиторлық іріктеу туралы түсінік
Қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізуді бастай отырып, аудитор кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті және ішкі бақылауды ұйымдастыруды зерттеуге, олардың нормативтік және заңдық құжаттардың талаптарына жауап беретіндігіне көз жеткізуге тиісті. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есеп саясатын құруға және оны басшылыққа алуға міңдетті. Алайда, аудиторға есеп саясатының көшірмесін алу жеткіліксіз. Себебі есеп саясаты бухгалтерияның қатардағы жұмыскерлері міндетті түрде сонымен жұмыс істейтіндігіне (оны қолданатыңдығына) кепілдік бере алмайды. Аудиторға баптар бойынша белгіленген есеп жүргізу тәртібін нақты жүзеге асырылғандарымен салыстыра отырып, есеп саясатына өзінің сипаттамасын құру керек.
Ондай сипаттаманы жасау үшін тек бас бухгалтермен және оның орынбасарымен сұқбаттасумен шектелмей, клиенттің бухгалтерлік персоналына толық сұрақ беру жүргізілуге тиісті. Тек сұрақ беру және нақты орындаушылардың есеп жүргізу тәртібімен танысу әділірек ой-пікір құрауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындағы есептің және ішкі бақылаудың жағдайына аудитордың берген бағасына оның алдағы уақыттағы барлық іс-әрекеті байланысты. Себебі аудиторда клиенттің қорытынды есебіне зерттеу жүргізу жөне персоналмен әңгіме өткізу нәтижесінде қорытынды есептің дұрыс мәліметтердің негізінде дұрыс жасалынғандығы туралы абсолюттік сенім пайда болса, онда оның қаржылық қорытынды есепті тексермей-ақ, оның дұрыстығын растауына болады.
Егер аудитор клиенттің қаржылық қорытынды есебіне зерттеу жүргізу кезіңде бастапқы мәліметтердің рәсімделуінің сәйкессіздігіне, бухгалтер персоналының терең білімінің жоқтығына көз жеткізген болса, онда ол жаппай тексеру жүргізуге міндетті. Бірақ, ондай тексерулер жұмысы көп және қымбат процесс. Сондықтан клиенттің қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығына аудитор сенімінің орташа дәрежесі кеңінен тараған болып табылады.
Аудитор сенімінің орташа дәрежесін анықтау қажеттілігі бір бөлім бойынша есептің тиісті деңгейде кәсіби мамандардың күшімен, автоматтандырылған нысанда ұйымдастырылып, ал басқа жағында қараусыз қалған есептің табылуынан туындауы мүмкін. Сондықтан сенімнің орташа дәрежесін анықтау кезінде ішінара бақылау әдісін қолдану қажет.
Іріктеу аудиттің барлық саласы үшін қажет болып табылмайды, бірақ оны біртипті операциялардың санының көптігі байқалатын салаларда өткізу орынды. Толық тексеру ерекше мақсатқа қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, сатып-өткізілген тауар үшін барлық шот-фактураларды тексеру барлық сатып-өткізудің есепке алынғандығын куәландырмайды (яғни, ол толықтыққа дәлел ретінде қызмет ете алмайды) және қатенің бар екендігін ескерте алмайды.
Іріктеу төмендегі жағдайларда тиімсіз (қолайсыз) болып табылады:

  • мәліметтердің жиынтығы оның негізінде дұрыс таңдаулар (іріктеулер) жасауға аздық еткен жағдайда, яғнй, ондай жағдайда іріктеу жасауға уақыт өткізгенше, барлық операцияларды тексеру тезірек болады;

  • қандай-да бір саланың барлық операциялары маңызды болып табылса;

  • мәліметтер "сезімтал" бапқа жатқызылуы мүмкін болса, мысалы, көлеміне қарамастан қаржылық қорытынды есепте толық ашылып көрсетілуі талап етілетін директорлардың еңбек ақысы;

  • аудит сферасы (саласы) бір типті баптардан тұрмаса, яғни, мәліметтердің біртекті жиынтығы болмаған жағдайда.

Белгілі бір сипаттағы (мысалы, белгілі бір сомадан жоғары барлық баптар) мәліметтер жиынтығының барлық баптарына процедураларды қолдану іріктеу болып табылмайды. Себебі бұл баптар мәліметтердің барлық жиынтығынан алынған жоқ. Егер мәліметтердің жиынтығынан "түйінді" баптар іріктелетін болса, мысалы, белгілі бір сомадан көп (артық) дебиторлық борыштардың барлығы, онда осы бөлік 100 % тексеріледі, одан басқа мәліметтер жиынтығының қалған бөлігінен көрнекті үлгіні алуға болады.
Іріктеу тәуекелдігі. Іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығының барлық баптарын аудитор тексермейтін болғандықтан, ол мәліметтердің барлық жиынтығын зерттеу нәтижесінде жасалуы мүмкін қорытындыдан айырмашылығы бар қорытынды жасау тәуекелдігі болады. Бұл-іріктеу тәуекелдігі болып табылады.
Аудитор жоспарлау, таңдау (іріктеу), үлгілерді тестілеу және мәліметтердің өз жиынтығына тән көрсеткіш болып табылатындығына және іріктеу тәуекелдігі қолайлы деңгейге дейін төмендейтіндігіне тиісті дәрежеде сенімді болу үшін нәтижелерді бағалау кезінде ұтымды негізді пайдалануға тиісті.
Статистикалық және статистикалық емес іріктеу. Статистикалық іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығы бойынша таңдау жасау үшін ықтималдық теориясы сияқты математикалық процедуралар қолданылады. Статистикалық емес іріктеу кезіңде негізгі әдіс аудитордың пікірі болып табылады. Фирманың тәжірибесінде статистикалық және статистикалық емес іріктеулер қтрамдастырыла пайдаланылады. Бірақ, аудиторлар ой-пікірді статистикалық іріктеу кезінде қолдануды шектемейтіндігін байқап қарау керек. Себебі ой-пікір маңыздылық деңгейін анықтау үшін қажет.
Іріктеулер жасау
Іріктеп (ішінара) тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері;

  • іріктеуді жоспарлау;

  • іріктеу үлгілерін таңдап алу;

  • іріктеу үлгілерін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет