Есеп беру мерзімі. Аудитордың қорытынды есебінде қойылатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл—аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғаңдығы туралы оқырмандарды хабардар етеді.
Аудитордың адресі (мекен жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі (кеңсесі) орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді