Алматы экономика жєне статистика академиясы


Кесте-2 Негізгі құралдар аудит бағдарламасы



бет59/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
Байланысты:
Аудит

Кесте-2 Негізгі құралдар аудит бағдарламасы

Аудит процедурасы

Ақпарат көздері

1.Баланс көрсеткіштерінің Бас кітаптың негізгі құралдар баптары бойынша мәліметерімен сәйкестілігін тексеру

Бухгалтерлік баланс,Бас кітаптағы 121-126,131-134 шотар

2.Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Бас кітап,алғашқы құжатар,әзірлеме кестелер

3.Негізгі құралдардың қойылған және пайдаланылған орындарында бар болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру

МЖА- мен келісім -шартар,түгендеу актілері , салыстыру ведомстілері

4.Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша алғашқы құжатарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау актісі (НҚ-1),(НҚ-2),(НҚ-3),(НҚ-4),(НҚ-10),(НҚ-12).




12-Тақырып. Тауарлы-материалдық құндылықтар аудиті
1 Берешек қарыздар аудиті
2. Тауарлы материалдық құндылықтар аудиті
3. Берешек қарыздар аудиті

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді.


Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Бизнестің тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономикалық секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс жиілігінде, нарық коньюнктурасыөзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді.
ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жагдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. № М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде келтірілген.
Берілген сенімхатты Есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарт жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері кол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатып тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.
Егер де алынатын тауарлар саны жағынан кем болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.
Бір қоймаға жататын ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше коймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.
Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық құндылықтарды алғаш кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймага өткізу керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.
Егер де ТМҚ-ды алу құқы жойылса, онда одан сенімхатты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.
Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.
Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ босатқап кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттын нөмірі, күні көрсетіледі. Оның бірінішісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ды бакылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:

  • сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;

  • көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;

  • сенімхаттың мерзімі біткен болса;

  • субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;

  • сенімхат берген субъекті оз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасаса).

Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ-ды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, ТМҚ кабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі ТМҚ қабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акті жабдықтаушыға талап-тілек қоюға негіз бола алады. Жоғары аталғандардан басқа ТМҚ халықтан да сатылып алынуы мүмкін. Бүл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған ТМҚ-ға акті жасайды, онда: сатушының аты-жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі (актінің нысаны төменде келтірілді). Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе баска да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса ұйым бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.
ТМҚ-ды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
-шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, қүны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;
-тауарлы-транспорттык; накладной;
-тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:
Кіріс ордері. Жабдықтауышылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет