Алматы энергетика


Жер ресурстарын қорғау шаралары



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

3.2
Жер ресурстарын қорғау шаралары 
Жер ресурстарын қорғаудың басты бағыттары: 
1)
Эрозиядан (жел, су техногендік) қорғау. 
2)
Сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. 
3)
Құм басудан қорғау. 
4)
Батпақтанудан қорғау. 
5)
Топырақтағы қоректік заттарды сақтау. 
6)
Топырақты уланудан қорғау. 
7)
Бүлінген жерлерді (топырақты) қалпына келтіру. 
8)
Жерді пайдалану құрылымын жақсарту, құнарлы жерлерді 
ауылшаруашылық айналымнан шығаруды болдырмау. 
9)
Жерді тақырланудын қорғау, көгалдандыру. 
Жер ауыл шаруашылығындағы өндірістің негізгі құралы ретінде 
біркелкі бола бермейді. Жер учаскелерінің әртүрлі сапалығы олардың әр қилы 
құнарлылығымен байланысты, бұл әртүрлі учаскелерге жұмсалған біркелкі 
еңбектің әртүрлі өндірістік өнімдермен өтелетініне әкеп соқтырады әрі табиғи 
түрде ауылшаруашылық кәсіпорындарының шаруашылық қызметінің 


17 
нәтижесінде көрініс табады. Жер – тұтыну құны, оның құны шексіз 
(құндылығы жоғары) әрі жаңа тұтыну құнын – бұрыннан құны бар 
материалдық өнімнің құнын жасауға қажетті шарт болып табылады, өйткені 
өнімде қоғамдық еңбектің белгілі бір мөлшері заттандырылған. Осылайша, 
жер бағасы өндіріс пен тауар алмасу процесіне қарамастан табиғи дене 
ретіндегі жердің өз атрибуты емес. Сондықтан да жердің бағасы тауар 
өндірісінің қажетті құралы ретінде жекелеген жер учаскілерінің тұтыну құны 
шамасын экономикалық тұрғыдан бейнелейді. Ол қажетті жерде - нашар 
учаскелерде өндірілген тауарлардың санымен салыстырғанда, жақсы 
учаскелерде қосымша өндірілген тауарлардың санымен салыстырғанда жақсы 
учаскелерде қосымша өндірілген тауалар құнының шамасымен тұлғаланады. 
Жекелеген жер учаскелері сапаларының әртүрлі болуларына қарай өндірілген 
өнімдердің жеке құны біркелкі болмайды. Ауыл шаруашылығына пайдалы 
жердің ең жоғары өнім беретін аудандарының саны шектеулі. Меншік 
түрлеріне қарамастан табиғи ресурстардың монополиясы, оның ішінде 
шаруашылық жүргізудің объектісі ретіндегі әртүрлі сападағы жер 
монополиясы да объективті тұрғыда болмақ.
Жер - өндіріске мәңгілік қажетті жағдай әрі ол дұрыс пайдаланылатын 
болса, оның құнарлығы түсірілмейді. Тек бір мәрте пайдаланылуы ықтимал 
минералдық және орман ресурстарынан айырмашылығы жер жыл сайын өнім 
бере алады. Басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жер 
сансыз жылдар ішінде жыл сайын ренте (пайда) әкеледі, ал орман ресурсы 
араға ұзақ уақыт салып барып қана, яғни ағаш көктеп, көкке бой түзеп, үлкен 
ағаш болып өскенше кем дегенде жарты ғасыр уақыт керек - ағаштарды кесіп 
алған соң ғана рента (пайда) әкеледі.
Жерді пайдаланудан түсетін табыс бір емес, бірнеше мәрте 
түсетіндіктен экономикалық бағалауда бұл табыс пайдаланылған уақыт ішінде 
осы учаскіден түскен табыстың жалпы шамасын анықтау үшін 
жиынтықталуы қажет деп саналады. Жыл сайын алынатын аз табыс 
сомасының өзі қалағаныңша көп болады, яғни кез келген жер учаскесінің 
бағасын шексіздікке дейін созуға болады деген мағынаны білдірмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет