Алматы облысы Қапшағай қаласында қызанақты зиянкестері және ауруларынан қорғау шаралары Орындаған: Алшынбай Дәулетияр



бет9/9
Дата25.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#114281
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
семестрлік Алшынбай Д

Жылыжай ақанаты trialeurodes vaporarium wstw. (Homoptera отряды, aleyrodidae тұқымдасы). Қиярды, қызанақты, бұрышты, салат жапырақтарын, бүлдіргенді жəне басқа өсімдіктерді зақымдайды. Ересек аққанаттың сары денесінің ұзындығы 1,5мм дейін жетеді жəне көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Бір жастағы дернəсілдері мөлдір болып келеді жəне дамудың жалғыз-ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернəсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді, ол ақшыл жасыл жəне қызыл көздері бар, үстін қысқа түктер басқан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады. Күресу шаралары. Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою. Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру. Аз зақымданатын дақылдарды (қызанақ) өсіру. Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дəкемен жабады, желімді торлар құрады. Ол үшін фанер кесіндісін алып, оны сары немесе ақ түске бояйды, бұлар бунақденелілерді тартады жəне оларды вазелинмен, бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды.

Қорытынды Қызанақ тұқымының өнуін бақылау нәтижесінде, тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет екендігі байқалды. Су – тұқымның өнуі үшін қажет, су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбейді. Қызанақ тұқымы +150С –та өнді, сондықтан жылу қажет екені байқалды. Екі ыдысқа отырғызып, әр түрлі жағдайларда өскен өскіндерді бақылау нәтижесінде байқағаным қолайлы жағдайларда, құнарлы топыраққа отырғызылып, жылы жерде, күн сәулесі мол түсіп тұрған бөлмедегі қызанақ өскінінің аз уақыт ішінде тез көтерілгенін, ал құнарсыз топыраққа отырғызылып, күн сәулесі аз түсетін бөлмеге қойылған өскіннің өсуіне көп уақыттың қажет болғанын байқадым. Қызанақ өскінің жақсы өсуі үшін құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, жылу және жарық қажет екеніне көз жеткіздім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет