«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»



Дата18.05.2022
өлшемі13,77 Kb.
#143589
Байланысты:
Ілияс мінездеме-1
lesson plan home reading 303, 9кл, қаз әдеб,бжб, transfer-receipt-№18 16362420373, transfer-receipt-№18 16362347841, 9 КТЖ алг.2023-2024

«Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
«Жармұхамбет орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
11 «А» сынып оқушысы
Сағатбек Ілиясқа
Мінездеме

Сағатбек Ілияс 06.09.2005 жылы дүниеге келді. «Жармұхамбет орта мектебі» КММ 11-сыныпта оқиды. Ілияс толық отбасында тәрбиеленеді. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл, адамгершілігі мол, көпшіл. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Оның ашуланған сәттері сирек байқалады. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы.  Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді. Мектеп шараларына қатысып қана қоймай, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне алады, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытады. Оқу-білім деңгейі жақсы, себебі Ілияс өз білімін ұдайы жан-жақты жетілдіріп отырады. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі.


Мектеп директоры: М.С.Кончубаева


Сынып жетекшісі: Алмабекова Жанекет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет