Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы



бет2/4
Дата16.01.2020
өлшемі2,97 Mb.
#55998
1   2   3   4
Байланысты:
Маметулла Әлішер 401


Қысы жылы. Ауаның тәуліктік орташа температурасыныңоң мәндерінен теріс мәндерге ауысуы қараша айының екінші онкүндігінің басында байқалады, ал кейбір жылдары 6-шы қараша мен 15-шы желтоқсан аралығында өзгереді. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айының басында түсіп, наурыз айының басында ериді. Қар жамылғысы қыс бойы біркелкі сақталмайды, қыс бойы өзгеріп отырады. Қар жамылғысының орташа биіктігі 22 см шамасында болып келеді. 0 С°-тан төмен температураның абсолютті минимумы жекелеген күндері -36 С°-қа дейін жетеді. Қыста түсетін жауын-шашынның мөлшері жылы кезеңмен салыстырғанда екі есе аз.

Көктем наурыз айының басында не ортасында шығады және 22-46 күндей ұзақтығымен ерекшеленеді, көп жылдық деректер бойынша көктемнің ең ұзақтығы 52 күн. Көктем айларының климаттық көрсеткіштері тұрақсыз,кейде суық ауа басым болып қар аралас жауын-шашын түседі. Наурыз айында 11-31 күн бойы, сәуір айында 2-8 күн және мамыр айында 1 күн ауаның температурасы 0 С°-тан төмен болады. Көп жылдық мәліметтер бойынша, көктемгі үсік түсу қаупі сәуір айының соңында аяқталады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 145-165 күн, негізінде 150-ден 182 күнге дейін өзгеріп отырады. Көктем-жылдың ең ылғалды мезгілі, себебі жауын-шашынның жылдық мөлшерінің жартысына жуығы көктемде наурыз-мамыр айларында түседі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы бұл аймақта температураның жоғарлауына байланысты, маусым айынан бастап 46-48ке төмендейді, ал жылдық салыстырмалы ылғалдылық 50-60 % аралығында болады.

Жазы басқа мезгілдермен салыстырғанда ұзақ, 130-180 күнді құрайды. Есік метеостанциясының көпжылдық мәліметтері бойынша мезгіл сәуір айының екінші онкүндігінен басталады. Бұл кезеңде ауаның тәуліктік орташа температурасы +15°С-тан асады да, қыркүйек айының соңына-қазан айыныңбасына дейін созылады. Ауаның орташа температурасы шілде айында +21°С-тан +24°С-қа дейін, ал маусым және тамыз айларында +20°С-тан 23°С-қа дейін өзгеріп отырады. Күндізгі уақытта ауа температурасының ең жоғарғы көрсеткіші сағат 15-те байқалады және +30...+37°С-қа дейін жетеді. Ал ерекше ыстық жылдары +41°С-қа дейін жетеді. Маусым айының 15-20-ы, ал шілде айының 25-28-і тамыз айының 18-25-і кезінде ауа температурасы +30°С болып тұрады. Жаз мезгіліндегі белсенді температуралардың жиынтығы 3000-3500°С-қа дейін жетеді. Жаз айларындағы жауын-шашынның мөлшері көктем айларымен салыстырғанда 2-3 есе аз.

Күз мезгілі шамамен 2 айдай. Кейбір жылдары күзде, ауаның тәуліктік орташа температурасының +15°С-тан төмендеуі қазан айында байқалады. Ауаның орташа температурасы +10°С деңгейінен өтуі қазан айының басында, ал кейде айдың соңында байқалады, +5 °С арқылы (күзгі вегетациялық кезеңнің соңы)-қазан айының соңы мен қараша айының басында, ал 0°С арқылы қараша айының ортасы мен желтоқсан айында. Алғашқы күзгі үсіктер қазақ айының басында, ал ең ерте түскендері қыркүйек айының соңына келеді.

Өсімдік жамылғысы. Зерттеу жұмыстары жүргізілген тәжірибе станциясының табиғи өсімдіктері әртүрлі шөпті-астықты жусандар тәріздес ассоциациялар түрінде қалыптасқан. Жалпы алғанда жайылып өсетін бидайық (Agropuron repens), тарғақ шөп (Dactylis glomerata), еркек шөп (Agropyron desertorum), жауқыяқ (Elymis giganteus), шалғын атқонақ (Phleum pratense), қамыс (Phragmites comminus), қызылмия (Glyeyrrhiza glabra) сияқты өсімдіктер басым келеді. Көктем мезгілінде раң тәріздестер (Poa bulbosa) кең таралады. Табиғи өсімдіктер көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдарда пайдаланылады, өнімділігі 6,8 ц/га. Өзен жағаларында түрлі астық тұқымдас шалғаын шөптер қалыптасқан, шабындық ретінде пайдаланады, өнімділігі 15,0 ц/га.
1.2 Топырағы
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Агроуниверситет» ОТШ тау етегінің 550-700 м биіктігінде орналасқан. Аталған аймақтың топырақтарының түзілуіне жер асты суларының әсері зор, себебі олардың орналасу тереңдігі 1,2-1,6 м. Бұл жағдайлар осы аймақта шабынды қара-қоңыр топырақтардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Топырақ түзуші жыныстар болып лас тәрізді құмбалшықтар есептеледі. Іле Алатауы тау етегінің шабынды қара-қоңыр топырақтарының қарашірінді қабатының қалыңдығы 30-40 см және қабаттың түсі күңгірт қара-қоңыр болып келеді. Топырақ иллювиальді-карбонатты қабаттың болмауымен ерекшеленеді.

0-35см Күңгірт-қоңыр, ылғалды, бос, кесекті-ұнтақты ауырқұмбалшық, тамырлар кездеседі, төменгі жағы тығыздалған, келесі қабатқа өтуі күрт.

30-58см Ашық-қоңыр, ылғалды, қаттылау, кесекті, ауырқұмбалшық, тамырлар кездеседі, келесі қабатқа түсуі бойынша бірқалыпты өтеді.

87-130см Ашық-қоңыр, ылғалды, тығыз, кесекті-сеңді, ауырқұмбалшық, келесі қабатқа өтуі бойынша анық.

130-160см Сарғыш-боз, ылғалды, сеңді, орташа құмбалшық, келесі қабатқа біртіндеп өтеді.

160-200см Ашық-сары, ылғалды, сеңді, ауырбалшықты.



Кейбір жағдайларда жер асты суының өте жақын жатқан төменгі қабатттарында батпақтану белгілері бар. Шабынды қара-қоңыр топырақтардық морфологиялық белгілері төмендегі кескін жазбасында келтірілген. Топырақ беткі қабатынан бастап қатпайды. Кескіннің морфологиялық жазбасынан шабынды қара-қоңыр топырақтың кескінінің созылыңқы екендігін көрсетеді; қабат тқмендеген сайын ылғалдылық жоғарылайды, қарашірікті қабатының құрылымы жақсы, аздап тығыздалған. Гранулометриялық құрамы бойынша шабынды қара-қоңыр топырақтар ірі-шаңды ауырқұмбалшықты топырақтарға жатады. Топырақтың механикалық құрамының ауыр болуы топыраққа қолайсыз физикалық қажеттер туғызады ылғал кезінде жабысқақтық, тығыздық жәнеқұрғаған жағдайда қаттылық, осы жағдайлардың барлығы топырақты өңдеуде қиыншылықтар әкеледі. Топырақтың граунулометриялік қасиеттер жөніндегі мәліметтер 4-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 3 – Шабынды қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы

Тереңдігі, см

Фракциялар мөлшері,мм

>3

3-1

1-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

<0,001

<0,01

0-10

-

0,99

4,78

10,35

37,17

14,72

12,34

19,65

46,71

10-20

-

0,50

4,48

9,07

39,00

14,72

12,04

20,19

46,95

40-50

-

0,55

7,90

4,16

38,01

12,24

21,71

15,43

49,38

Топырақтың меншікті салмағы 2,61-2,73 г/м3 шамасында және қабат тереңдеген сайын ұлғая береді (кесте 3).

Кесте 4 – Шабынды қара-қоңыр топырақтардың физикалық және су-физикалық қасиетттері



Тереңдігі,см

Көлемдік салмағы, г/см3

Меншікті салмағы, г/см3

Қуыстылығы, %


Далалық шекті су сиымдылығы, %

Максимальді гигроскопиялық ылғалдылығы, %

0-10

1,20

2,61

54

27,1

5,02

20-30

1,24

2,61

53

26,3

4,28

40-50

1,30

2,68

52

26,2

4,43

70-80

1.33

2.70

51

22,0

4,41

Жоғарғы қабаттарының көлемдік массасы 1,2-1,25 г/см3, метрлік қабаттан соң оның шамасы күрт жоғарылайды. Осыған байланысты жоғарғы 53-54%-ті құрайды, қабаттың тығыз дамуы 80 см кейін басталады.
Кесте 5 – Тәжірибе жүргізілген аймақтың топырағының химиялық көрсеткіштері


Топырақ қабаты, см

Жалпы, %

Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта

Қара шірік

азот

фосфор

N

NO3

P2O5

K2O

1 кескін

0-15

4,57

0,268

0,221

147

28

23

951

20-30

4,71

0,249

0,206

108

37

14

839

35-45

3,24

0,215

0,159

77

59

13

641

65-75

1,85

0,118

0,134

64

27

14

351

90-121

1,81

0,105

0,145

65

24

13

159

121-150

1,80

0,055

0,145

54

13

8

161

160-170

1,35

0,043

0,115

45

7

11

189

2 кескін

0-10

4,59

0,265

0,205

185

38

14

899

10-20

3,21

0,228

0,187

100

46

21

841

30-40

2,39

0,155

0,181

85

55

17

572

46-58

2,39

0

0

77

75

13

451

58-76

2,36

0

0

73

27

14

169

76-123

1,85

0

0

49

8

10

155

123-200

0,78

0

0

45

0

3

142

Су өткізгіштік көрсеткіштердің мәліметтері топырақ механикалық құрамының ауырлығына қарамастан ылғал сіңіру жылдамдығы қанағаттанарлық екендігі көрсетеді. Су сіңірунің орташа коэффиценті 0,9 мм/мин, бұл көрсеткіш макроагрегаттық құнарлығының жоғарлығын байқатады.

Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмүны 4,1%; азот-0,216, фосфор-0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25мг/кг., яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700мг/кг) және азоттық жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (кесте 5).

Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды. Жалпы сілтілік (НСОЗ) - 0,041-0,047%. Хлор-ионның мазмұны төмен және 100 г топырақта 0,08-0,11 мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25см)-1,09; В1 (25-42 см.) -1,25; В2 (42-60см)-1,19 г/см3.


    1. Жер түрлері

Кесте 6 – Шаруашылықтың жер қоры

Пайдаланатын жер түрлері

Көлемі

Га

Жалпы көлемге қатынасы, %

Жыртылатын жер

510

46

Табиғи шабындық

310

27

Табиғи жайылымдар

280

27

Барлық ауыл шаруашылық жерлері

1100

100

Жарамсыз жерлер

-

-

Барлық жерлер

1100

100

Жоғарыда 1-кестеде келтірілген деректер бойынша бұл шаруашылықтың барлық пайдалануға келетін жер көлемі 1100 га, оның ішінде жыртылатын жер 510 га, табиғи шалғындар мен табиғи жайылымдар 590 га.


    1. Өндірісті механизациялау деңгейі (ауыл шаруашылық машиналарымен, техникамен қамтамасыз етілуі)

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Агроуниверситет» оқу тәжірибе шаруашылығында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті техникалар бар екендігі 7-кестеде көрсетілген.

Кесте 7 – «Агроуниверситет» ОТШ-ның ауыл шаруашылық машиналары

Ауыл шаруашылық машиналары

Маркасы

Саны

Автомашиналар

Газ-53

Газель-510

Зил-130


2

1

1



Тракторлар

МТЗ-82

МТЗ-80


2

1


Соқалар

Пн-4-35

2

Тырмалар

ЗИГ-ЗАГ

2

Сеялкалар

СЗ-3,6

2

Дискілер

ЛДГ-5

2



  1. Шаруашылықтың өндірістік бағыттарын сараптау Өсімдік шаруашылығы

    1. Егіс көлемінің құрылымы

Кесте 8 – Егіс көлемінің құрылымы

Дақылдар

2014 жылдың қорытындысы

2015 жылдың қорытындысы

Көлемі

Дақыл

Көлемі

Дақыл

Дәнді дақылдар ішіне:

жүгері

100

Жүгері

70

Жүгері


Дәнді бұршақты соның ішінде: майбұршақ

15

Майбұршақ

40

Майбұршақ




    1. Өсірілетін дақылдардың өнімділігі

Өнім әр жылы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділіктері әрқалай болды. Ең жоғарғы өнім көпжылдық шөп пен жүгерінің өнімділігі басқа дақылдарға қарағанда жоғары болды. Келер жылға жоспар аталған жылдардардағы өнімділіктен де жоғары алу жоспарланып отыр. Шаруашылықтағы соңғы 2-3 жылғы дақылдардың өнімділігі төмендегі 9-кестеде берілген.

Кесте 9 – Ауыл шаруашылық дақылдардың өнімдері



Дақылдар

Жылдар

2018 жылға жоспар

2015жыл

2016жыл

2017жыл

  1. Дәнді дақылдар оның ішінде:

Жүгері

Жаздық арпа



35

17



43

16



40

27



45

30



  1. Дәнді бұршақты оның ішінде:

Майбұршақ


28


33


17


35


3.Көпжылдық шөп

44

49

40

45



    1. Дақылдарды ауыспалы егіске орналастыру

Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан сапалы және мол өнім алудың негізгі кепілі болып табылады. Осы күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйесін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құнарлығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз.
Кесте 10 – Шаруашылықтағы ауыспалы егіс нобайлары

Ауыспалы егіс нобайлары

Ауыспалы егістің жалпы көлемі, га

Танаптың орташа көлемі, га

Ауыспалы егістегі дақылдардың алмасуы

Егістік

600

100

көпжылдық шөп+Арпа

көпжылдық шөп

күздік бидай

жүгері


рапс

Мал азықтық

350

50

1-арпа-көп жылдық шөп

2-жоңышқа

3-жоңышқа

4-күздік бидай

5-жүгері

6-рапс


7-майбұршақ

Ауыспалы егіс-егіншілік жүйесінің басты буындарының бірі. Ол егілетін дақылдардың көлемі мен алмастырылып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады (10-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет