Жібек жолында орналасқан көне қалалар - Сарайшық қаласы
- Талхир қалашығы
- Көне қалалар
- Қарамерген қаласы
- Тараз қаласы
- Көк-Мардан қаласы
- Сайрам қаласы
- Шірік-Рабад қаласы
Тараз қаласы Олардың қатарында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан орта ғасырлық тарихи қалаларды жатқызуымызға болады. Солардың бірі, тарихы бай, тағылымы мол, сан ғасырлар тоғысынан аман өтіп бүгінгі дәуірімізге аман жеткен Тараз қаласы – ежелден халқымыздың рухани – мәдени орталықтарының бірі дейтін үлкен мәртебеден төмендеп көрмеген киелі мекен. Мәдениеттің байлығы, адамға ғана тән ақыл-ойдың әлеуеті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу мен мәдени мұраға айналмақ. Бұларды түзу қандай қиын болса, сақталуы, мұра ретінде қолданысқа енуі одан да қиын.Тарихты жасайтын – адамдар, ал адамдарды өзгертетін құдірет – тарих деген қағида бар. Ұлы жібек Жолы бойында орналасқан тарихи, мәдени ескерткіштерді былайша топтастырдық. Бірінші-Арыстанбаб кесенесі. ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстарыХІV-ХV ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. 1971 жылы кесене алғашқы үлгісіне негізделіп қайта қалпына келтірілген. Екінші- Әулиеата өңірінде орналасқан, міне, осындай асыл қазыналардың бірі – Ақыртас сарай кешені. Ол Тараз қаласынан 40 шақырымдай жерде жатыр. Ұлан даланы мекендеген ұлы бабаларымыз әлемдік өркениет өрімдерінен нәр алған, өз дәуірінің ер тұлға перзенттері бола білгеннің бір бұлтартпас дәлелі осы. Алып жәдігердің өн бойынан адамзат ақыл ойының, білім мен шеберлігінің сан-салалы жетістіктерін байқауға болады. Шамамен ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап ғылыми әлемге белгілі болған «Ақыртас» сарай кешенін әр кезеңде Знаменский, Лерх, Бартольд, Бернштам, Каллаур, Бәсенов секілді ғалымдар мен өлкетанушылар зерттеп, зерделеген.
02
03 Үшінші — Х-ХІІ ғасырда салынған Айша-бибі кесенесі біздің заманымызға, негізінен, бұзылған күйінде жетті. Кесененің тек батыс қабырғасының біраз бөлігі мен сонымен жапсарлас екі қабырғаның аздаған қалдықтары сақталған. Күн мен жаңбырдан, желден кесененің одан әрі зақымдануын болдырмас үшін кезінде әйнекпен қоршалып, төбесі жабылды. Ежелгі шеберлердің мұрасын қайта тірілту, оны екінші рет ашу, шынайы қалпына келтіру – үлкен білім мен талпынысты және қолға алынған істің орасан маңыздылығын түсінуді талап ететін аса игілікті еңбек. Сондықтан да Айша-бибі кесенесінің шынайы бейнесін келесі ұрпаққа жеткізу ғалымдардың арасында ұзақ жылдарға созылған пікірталас тудырды. Біреулері ескерткішті сол қалпында сақтап қалу керек десе, басқалары ескерткішті қайта қалпына дұрыстап келтіру керектігін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |