«Алматы ќ±с» ¦лттыќ Акционерлік Компания (¦АК) µз ќызметін 1998 жылдыњ науырыз айынан бастап, Алматылыќ аоот «Алтын ќ±с»



бет1/4
Дата29.01.2022
өлшемі285,5 Kb.
#115970
  1   2   3   4
Байланысты:
Қабылда отчет.docx



БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ


Практика бойынша есеп

ТОО «Green Food»

Практикадан өткен: АТТ-301 топ студенті

Қабылда Н.А


Практика жетекшісі: аға оқытушы Назаренко Т.А

Мазмұны









Кіріспе




1. «Green Food» ААҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама



2. Құс шаруашылығында өндіріс шығындарының есебі




3. Құс шаруашлығында өнімнің өзіндік құнын есептеу




Қорытынды




Пайдаланған әдебиеттер тізімі











Кіріспе
Мен оқу жоспарына сәйкес Павлодар облысы Ақсу қаласының ауылдық аймағында орналасқан «Green food» ЖШС фабрикасында 31.05.2021-13.06.2021 уақыт аралығанда тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында жалпы өндірістің тарихымен танысып және өнеркәсіптің мүмкіншіліктерін тәжірибе барысында іске асырылуын байқадым. Сонымен қатар ішкі өнімдермен таныстым.

Ауылдық жердегі құс фабрикасы 1500 тоннадай құс етін жергілікті нарыққа жөнелтті. «Әзірге құс еті өнімдері жергілікті тұрғындарға ұсынылып отыр. Бройлер етінің келісі - 650 теңгеден сатылуда. Жуық арада құс еті облыс орталығындағы дүкендерге де жеткізілетін болады. Қазіргі таңда фабрикада 145 мыңдай құс бар. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру жоспарлануда. «Green food» ЖШС басшылығы өңірдегі сауда жүйелерімен құс етін жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде», - Нарықтық қатынастарға көшу процестері кәсіпорынның экономикадағы орнын және ролін мүлдем өзгеше анықтайды. Компания қызметінің тиімділігін, яғни кәсіпорынның шынайы экономикалық дербестігін, оның бәсеке қабілеттілігін және нарықтағы беделділігін қамтамасыз ету ақпараттық жүйені ұйымдастырудың жаңа жолдарын табуды талап етеді. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп кәсіпорындағы қызмет ететін ақпараттық жүйенің негізгі бөлігі болса да, барлық деңгейдегі басқарушыларды қажетті шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ете алмады. Қаржылық есеп өзінің ерекшелігіне байланысты нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметін ішкі басқарудың стратегия мен тактикасын жасауға қажетті ақпаратты ұсына алмайды.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуі күннен күнге өсіп отырған тәуекелділікпен тығыз байланысты, мұның өзі қабылданатын шешімдердің сапасына жаңаша талаптар қойяды. Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау басқару жүйесінде орталық мәнге ие және олар қоғамдық өндірістің құндық көрсеткіштерінің негізгі сипаттамаларын қалыптастырады. Өндірістік шығындар есебін және өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялауды барынша дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның басқарылу деңгейі, экономикалық тұтқалардың оның қызмет ету тиімділігін жоғарлатуға әсер ету дәрежесі тәуелді болады.

Бүгінгі күнгі шаруашылық жүргізу жағдайында кәсіпорын үшін екі түрлі мақсаттың бірдей маңызды екені анық: тиімділік және сенімділік. Оларды жүзеге асыру үшін басқару орталықтары құрылады. Кәсіпорынның қызмет етуінің сенімділік стратегиясы кешенді және басымдылық сипатта болады. Аталған мәселелердің барлығы басқару есебінде шешіледі.

Жоспарлау, есептеу және реттеу сияқты есептік процестер басқару жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыратын процестер ретінде қарастырылады және олар өндірістік экономикалық ақпараттың әртүрлі белгілерін бейнелейді. Өндірістік жүйелерді басқарудың негізін ақпараттық процесс құраса, жоспарлау, есептеу, реттеу шығындарды басқарудың мәнін бейнелейтін, бір-бірімен байланысқан нақты функциялары бар бөліктердің жүйесін көрсетеді.

Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында негізделген және белгілі бір нәтиже әкелетін басқарушылық шешімдерде қабылдау басқару есебінің таңдалған жүйесіне және талдауға қажетті ақпараттың қол жетерлігіне байланысты.

Аталмыш мәселелерді зерттеу мақсатында 2005 жылдың 3 мамыр мен 6маусым аралығында «Green food» ААҚ-да ғылыми-зерттеу тәжірибесі өткізілді. Аталған тәжірибенің мақсаттарын келесідей анықтауға болады:



  • магистратурада оқу кезінде алған теоретикалық білімді бекіту;

  • кәсіпорындағы жұмыстың шынайы тәжірибесімен танысып, жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп пен басқару есебін ұйымдастыру, өндірісті және ұжымды басқарудың тәжірибесін зерттеу мен талдау;

  • «Құс шаруашылығында өндірістік шығындардың басқару есебі» тақырыбындағы магистрлік диссертацияны жазу үшін мәліметтерді жинау.

«Green food» ААҚ Қазақстан Республикасында құс шаруашылығымен айналысатын ірі компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның жалпы қызмет етуін төрт бағытта қарастыруға болады: жұмыртқа шығару, құс етін өндіру, құс шаруашылығы үшін арналған құрама-жемді әзірлеу, инкубациялық жұмыртқаны шығару.

«Green food» ААҚ-ның менеджменті, дұрыс құрылған маркетинг, дамыған ақпараттық технологиялар, шығындарды оңтайландыру саясаты және тауарлық қорлар мен шикізаттық базаны тиімді басқару, білікті мамандар тобы жоғарыда аталған диссертациялық жұмысты жазу бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізуге барынша жағдай жасайды.



Тәжірибе барысында өндіріске жұмсалған шығындар, олардың сыныптамасы, бухгалтерлік есепте бейнелеу тәртібі, құс шаруашылығы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мәселелері қарастырылды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет