203
Сонымен, жоғарыда қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінен келтір-
ген мысалдарда
берен (баран), баран(фаранг),
пəрəң сөздері бұл тіл-
дерде өзара байланысы жоқ əр түрлі ұғымды білдіретін тəрізді:
1) Жауынгердің жау жарағы: сауыт, мылтық, семсер, қылыш т. б. жа-
салатын жоғары сапалы құрыш, болат; 2) матаның таңдаулы түрі,
барқыт; 3) пистонды мылтық; 4) француз, француз дықнемесе европалық;
5) қызыл, ал қызыл; 6) қара қоңыр, қара кер (жылқы малының түсі).
Шар. Қазіргі қазақ тілінде 20-дан астам
шар деген сөз кездеседі.
Олардың біразы жеке-дара айтылса, көпшілігі белгілі сөз тіркесінде
немесе біріккен сөз құрамында қолданылады екен.
Шар дегенде бірден
көз алдымызға домалақ, жұп-жұмыр, дөп-дөңгелек зат, не үрлеген қа-
рын тəрізді резина елестеуі мүмкін. Дəлірек айтсақ, шар революциядан
бұрынғы би-болыс сайлауларында дауыс беруде қолданылған ақ, қара
түсті домалақ тастар; осыдан келіп
шар салу,
шар тастау тіркестері
пайда болған; екінші бір
шар– о бас та аспанға көтерілу үшін ішіне
газ толтырылған ұлкен аэростат, ішіне жел толтырылып, əсемдік үшін
жасалған резина
шар болса, үшіншісі –жұмыр дүниенің атауы – жер
шары. Бұл «шарлардың» барлығы қазақ тіліне орыс тілінен енгендігі
көпшілікке аян.
Тілімізде
шар қой, бұқа
шар, құнаншар,
шар тарту,
шар қою, шөп
-
шар, дay-
шар, шар ете қалу (оқыстан ащы дауыс шығару мағынасында)
сияқты «шарлар» тағы бар. Көпшіліктің назарын аударып, біздің
арнайы тоқтағалы отырған ендігі бір топ «шарлар»
(сəр, шəр, шер, шир
варианттары да бар) мыналар:
шарбақ,
шаруа, шарайна,
шардақ (төрт
тағанды үйдің шатыры, төбесі),
шартарап(дүниенің төрт бұрышы),
Достарыңызбен бөлісу: