Алматы «Сардар» баспа үйі


Абысын-ажын. Зат. Туыс, ағайындас адамдардың əйелдері» 20 . Ал көп томдық түсіндірме сөздікте: «Абысын



Pdf көрінісі
бет25/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144
Байланысты:
дискриптор 2 четверть, -86280773 (1), 7029
Абысын-ажын. Зат. Туыс, ағайындас адамдардың əйелдері»
20
.
Ал көп томдық түсіндірме сөздікте:
«Абысын зат. ағайынды адамдардың əйелдері.
Абысын-ажын зат. Туыс, ағайындас адамдардың əйелдері»
21
.
Енді моңғол тіліндегі мағыналарына көз жіберейік:
«АВЬСАН
22
 – жена старшего брата по отношению к жене младше-
го брата»;
«АЖЫН
23
 – жена младшего по отношению к жене старшего брата, 
невестка».
19
 Жəркешова Г. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1960. 21 б.
20
 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І том. Алматы, 1959. 8-бет.
21
 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І том. Алматы, 1974. 40-бет.
22
 Монгольско-русский словарь. М., 1957. С.21.
23
 Монгольско-русский словарь. М., 1957. С.26.


40
Абысын  сөзі  қарақалпақ,  қырғыз  тілдерінде,  башқұрт  тілінде  Ап-
һын, өзбек тілінде ОВСИН түрінде қолданылады. Мағынасы – «ағайын-
ды, туыс адамдардың əйелдері». Хакас тілінде АБЫЗЫН – «сноха».
АБЫСЫН-АЖЫН қос сөзі жинақтау мəнін (значение обобщности, 
собирательности)  білдіреді.  Э.В.Севортянның  сөздігінде  бұл  сөздердің 
этимологиясы  берілмеген.  Сондықтан  бұл  сөздерді  моңғол  тілінен 
ауысқан деген пікір белең алуда.
АЖЫН  сөзі  түркі  тілдерінде  жеке  қолданылмайды.  Əзірге  моңғол 
тілінің  фактілері  қолымызда  жеткілікті  болмағандықтан,  ажын  сөзі 
туралы кесімді пікір айту қиын (Тек «Ай дер ажа, қой дер қожа жоқ» 
деген мақалағы ажа сөзімен бір байланысы болмаса...). 
Сөз  қазынасының  тереңдігі  көмулі  тарихты  көтеріп,  сөз  тарихы 
мен  асылын  аршып  алар  лингвист-этимологтарды  археологтарға  теңеу 
профессор  Қ.Жұбановтың  тілдің  терең  құрылымын  зерттеу  барысында 
қолданылған «палеонтология» сияқты терминімен тамырлас.
Үшіншіден,  Қазақ  тіл  біліміндегі  этимологиялық  зерттеулерді 
жинастырғанда  көзге  ұрып  тұрған  тағы  бір  кемістік – ғалымдарымыз-
дың кейбір сөздер төркінін бірін-бірі қайталай, еш жаңалық, өзгеріссіз, 
бір  шиырлап,  дайын  этимологиялық  штамптар  жасап  алуы.  Мəселен, 
тіліміздегі  СЕКСЕН  (сегіз+он),  ТОҚСАН  (тоғыз+он)  сан  есімдері  мен 
ШАҒА  (бала-шаға),  ТОРЫМ  (тоқты-торым),  ҚЫРҚЫН  (қыз-қырқын), 
ЖЕЛЕҢ (жігіт-желең) т.с.с. мағынасы күңгірт қос сөз сыңарлары онда-
ған  мақалада  бір  сарындас  этимологиялық  талдауға  алынған.  Əрине, 
баспасөз  бетінде  бұлайша  жиі  əңгіме  болған  сөздер  тарихы  халық 
құлағына  сіңіп,  олардың  түп-төркіні  қалың  бұқараға  барынша  белгілі 
болады.  Бірақ,  бір  жағынан  пайдалы  болып  көрінген  бұл  құбылыс, 
дайын штамп күйінде мақалаға еніп, тарихы ашылып, дамуы сөз болар 
басқа  сөздің  «орнын  иемденеді».  Мысалы,  жоғарыда  аталған  сексен 
сөзін алалық. Авторлар бірауыздан, тува, алтай тілдеріндегі дыбысталу 
формасымен  салыстыра  отырып,  бұл  сөздің  төркінін  «СЕГІЗ  жəне  ОН 
сөздірінің қосылуынан пайда болған» дейді. Əрине, бұған еш дау жоқ. 
Бірақ,  авторлардың  ешқайсысын  бұл  мəселенің  бұрын  сөз  болмаған 
тұстары,  мəселен,  жаңа  сөз  жасалу  барысында  кіріккен  екі  дербес  сөз 
қандай  фонетикалық  өзгеріске,  дамуға  ұшырады,  көне  түркілердің  са-
нау  жүйесі  секілді  т.б.  проблемалар  қызықтырмайды.  Үнемі  бірін  бірі 
қайталағандықтан  да,  біз  бұларды – «дайын  штамптар»  деп  отырмыз. 
Сөзсіз  о  баста  бұл  пікірдің  иесі  болған.  Ғалымдардың  өзіне  дейін 


41
жазылған  еңбектермен  толық  таныс  болмай,  бірін  бірі  оқымауы  мен 
тіл  білімімізде  əлі  күнге  дейін  этимологиялық  талдау  жасалған  сөздер 
тізімі  мен  олардың  толық  библиографиясының  жасалмауы  да  зерттеу-
лер барысында көп кедергі келтіреді.
Əрине,  бұл  құбылыстың  екніші  жағынан,  этимологияның  іштей 
бөлінер  түріне  де  қатысты  екенін  атап  өту  керек.  Этимология  іштей:
а)  жоба,  жорамал  ретінде  жəне  ə)  дəлелдеп  жатуды  қажет  етпейтін 
аксиома  ретінде  екі  үлкен  топқа  жіктеледі.  Үңіле  ізденіп,  сарыла  із-
денудің  нəтижесінде  ғылымда  аксиома  болып  кеткен  этимологияларға
да өзгерістер енгізіліп жатады.
Мысалы,  АБЖЫЛАН  сөзін  алайық.  Ұзақ  жылдар  бойы  ғалым-
дарымыз бұл сөзді «парсының аб «су» жəне түркілік жылан сөздерінің 
қосылуынан  пайда  болған»  деп  келді. «Парсы  тілінен  енген  біріккен 
сөздердің  бір  саласына  «аб»  сөзімен  бірігіп  айтылатын  сөздер  жа-
тады.  Мысалы,  абжылан  (аб  парсыша  су  деген  сөз)»
24
, - деп  жазады 
Г.Жəркешова.  тіліміздегі  абырой,  мұрап,  шалап  т.б.  сөздер  құрамынан 
парсы тілінің аб («су») сөзін көреді. Бірақ қазақ халқының ұғымындағы 
абжылан  сөзінің  мəн-мағынасы  мен  этимологиясынан  келіп  туындай-
тын  «су  жылан»  мағынасының  арасы  кірікпей,  дəйектемесіз  (мотиви-
ровка)  болып  тұрады.  Бұл  сəйкессіздікті  алғаш  байқап,  белең  алған 
пікірге  ең  алғаш  қарсы  шыққан – А.Махмұтов. «Біздіңше,  бұл  сөз  «су 
жылан»  емес, «улы  жылан»  деген  түркі  сөздерінің  тіркесінен  жасал-
ған сөз ... Бұл талдаулар аб – ав – ап – ов – ув – ұу сөздерінің түбірлесті-
гін, əрі олардың «у», «сиқыр», «қулық», «айла» тəрізді көп мағыналары-
ның  барлығын  байқатады.  Абжылан – екі  түбірден  құралған  біріккен
сөз.  Бірінші  компоненті  аб//ап//əп («у», «сиқыр», «тылсым),  екінші 
сыңары  жағымсыз  кейіпті  бейнелеуде  қолданылатын  жылан  болу 
керек. Сонда абжылан сөзінің мағынасы – «арбайтын, сиқырлы жылан» 
болғаны»
25
.
Р.Сыздықова «АБЖЫЛАНДАЙ ТОЛҒАНУ» атты мақаласында
26
 осы 
пікірді  қолдайды.  Осымен  барлық  даулы  мəселе  шешілген  сияқты.  Бі-
рақ, 1982 жылы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің 
студенттеріне арнап жазған оқу құралында тағы бір автор
27
 АБЖЫЛАН 
24
 Жəркешова Г.Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1960. 18 
бет.
25
ҚТҚЭС, 1966. 17 бет.
26
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980. 8-бет.
27
Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы; Мектеп, 1982. 16-бет.


42
сөзін парсының («су») сөзінің қатысуымен жасалған деп дəлелдемекші 
болады.  Демек,  этимологиялық  зерттеулер  барысында  «дайын  штамп-
тар» шеңберінде қалып қою жайы жиі кездеседі.
Төртіншіден, қазақ тілінде жазылған этимологиялық зерттеулердің 
тілі  туралы  аз-кем  сөз  етпей  өту  мүмкін  емес.  Этимологияның  көп  уа-
қытты  талап  ететін,  қиындығы  мол,  көптеген  ғылымдарға  сүйенетін 
кешенді сала екенін атап өттік. Тіпті жан-жақты дамыған орыс тіл білі-
мінің  де  арасына  жылдар  салып  туып  жатқан  этимологиялық  зерт-
теулерінде  оның  теориясы  мен  зерттеу  методикасы  нақты  бір  шешімін 
тапты деп айтуға болмайды
28
.
Ал қазақ тіл білімінің ең кенже салаларының бірі – этимология де-
сек, əлі күнге дейін ол өзінше «отау тігіп, еншісін алған жоқ». Өзіндік
тілі,  стилі,  тұрақталған  терминологиялық  жүйесі  болмауы  зерттеу  ба-
рысында  көп  қиыншылық  келтіруде.  Тілінің  ғылыми  стильден  гөрі
қарапайым  сөйлеу  тіліне  жақындығынан,  турасын  айтқанда  қараба-
йырлығынан,  қазақ  тіл  білімінде  жасалған  этимологиялардың  жар-
тысынан  көбін  «қызықты»  этимология  деген  топқа  қосуға  мəжбүр  бо-
ламыз. Ал бұлар ғылыми емес, ғылыми-көпшілік қолды танымдық мəні 
ғана  бар  дүниелер.  Мысалы,  этимологиялық  зерттеу  барысында  ешбір 
ғалым  тоқталмай  кете  алмайтын  ұғымдардың  бірі – түбір.  Бұл  ұғым 
ғалымдарымыздың  еңбектерінде  түбір,  ілкі  түбір,  түпкі  түбір,  негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет