АДЫРНА ≈ адырна қайыс тарих. Садақтың кірісі; уықтың ұшын-
дағы кереге бекітетін бауы [14, 353 б.]. Адырна ≈ кіріс. Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен (Махамбет).
Адырна – «айырушы, ажыратушы» мағынасында қолданушы туын-
ды түбір. Ол -ад, -ат түбірінің (айыр, ажыра, атыл туынды түбірле-
ріне негіз болған) ілкі етістік түбірінен туындаған: адырғы, адырна, адалбақан, атырау, жол айрығы т.т. сөздердің шығуына негіз болған
сөз. Ол жіптің, қамыстың керіп тартқандағы серпілісі арқылы, не қолмен
керу арқылы не ажырап, екі аша болып біткен затты (бақан) білдіру үшін
қолданылады. Бұл тұжырым көптеген зерттеулерде айтылады [ҚТҚЭС,
21 б.].
АЯҢ: өсек-аяң – елдің артынан айтатын əртүрлі қаңқу-саң, өті-
рік əңгіме, таратылған жалған сөз.
Этимологиясы күңгірттенген қос сөздің екінші компоненті
қалыптасқан заңдылық бойынша бірінші компонентінің (өсек) синони-
мі – «өсек сөзі», «өсек сөзінің айтылуы», кейбір түркі тілдерінде жеке-
дара қолданына береді. Мысалы, қырғ. тілінде айың//аяң ‘слухи,
разговоры’, «пересуды», «хула», «сплетня»; айыңда- ‘хулить, поносить’,
‘порочить, сплетничать’ [КиргРС, 36 б.]. Демек, аяң – жалпы түркі
тілдерінің ая мен аффикс -ң суффикісінен тұратын туынды түбір
десек, мағынасы ‘говорить`, `сказать`, `призводить речь’. Ол мынадай
туынды тұлғаларға түбірлес болады: айтыс (>ай+тыс), айқай (>ай- қай), айтты (>ай+ттыр). Этимологиясы күңгірттенген сөздің көбінесе
мағынасын жоғалтуы қатар тұрған екі сөздің ұқсас мағынасының бірін-
ші компонентке біртіндеп ауысуы.
ƏБДƏСТЕ – көне қолжуғыш, мойны жіңішке, тұмсығы имек құман.
Иран тілдерінен қазақ тіліне парсы, не тəжік тілдері арқылы
ауысқан сөз. Əбдəсте- [ab-dasman] ‘маленький кувшин’ [ПерРС, 12 б.]
тұлғасындағы сөз. Ол о баста діндар адамдардың дəрет алуы пай-
даланылған. Парсы тілінде – абдаста үш элементтен: біріншісі – аб-
‘су, сұйықтық’, екіншісі – даст – «рука» жəне үшіншісі – сөзжасам аф-
фиксі – ан-нан тұрады. Бұл сөз парсы тілінде намаз оқу алдында дəрет
алу əдетін атқару үшін қолданылатын ыдыстың атауы саналады.
Түркі тілдеріне қабылданып, қалыптастырылған бұл сөздің вариан-
ты тəжік тілінде айтылуына (obdasma). В.В.Радловтың [РадСл, 73 б.],
М.Рясяненнің [2, 2-3 б.] жəне А.Махмұтовтың [ҚТҚЭС, 16 б.] жобалауы
бойынша – тəжік тілі əсер еткен. Г.Жаркешованың, А.Махмұтовтың
134
топшылауы бойынша – əбдəсте – ‘қол сүртетін орамал’ мағынасында
қабылданған деген жорамалдармен таласуға болады.