пы тюркология тарихында түркі тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаудағы
5
ең алғашқы тəжірибесі болатын. Ол өз уақытының талабына сай дүние бол- ғанымен, XX ғасырда бүкіл жер жүзінде жылдам қарқынмен дами бастаған түр- кология ғылымының биік талаптарына толық жауап бере алмады. Арада өткен жүз жыл бедерінде шарықтап дамыған түркология ғылымы түркі тілдерінің болашақ этимологиялық сөздігіне аса жоғары талап қойғаны да заңды. Ондай сөздік жасау үшін уақыт та, зор дайындық та қажет болды. Мұның сыртында сан салалы түркология ғылымының қол жеткен мол табыстарын саралай тү- сіп, отыз шақты тірі, өлі түркі тілдерін зерде елегінен өткізіп, заман талабына сай «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі» сияқты үлкен еңбекті дүниеге кел-