Тыныс алуды қалпына келтіруге арналған жаттығулар
Балалар бір қолдарын таспаны алып,оған үрлейді және жоғары-төмен бұлғап жүреді.
№1."Біз санаймыз"
Мұнда бері қараңыз,
Бізде санай аламыз:
"1,2,3"дегенде,
Түзу тұра қаламыз.
"4,5,6" дегенде,
Алға қадам басамыз.
№2."Пойыз"
Ал паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пыш,пыш,пыш,пыш, біз кеттік,
жүрісті тым үдеттік.
Балалар мәтін мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды: үшінші жолды айтқан кезде тыныс алады, тыныс шығарады. Жүргенде " у-у-у" деп, паровоздың дыбысын салады.
№3."Торғайлар"
Қол төмен түсірілген. Аяқтарының ұшымен тұрады, созылады, тыныс алады. "Шиқ" деп айтып, тыныс шығарады.
№4."Жапырақтар" жаттығуы
Сұп-суық жел қоймай бәрін ұшырды,
Еменнің бар жапырағын түсірді.
Жапырақтар желмен ойнап,дөңгелеп,
Әуеде жүр көбелектей көлбеңдеп.
Жаңбыр оны жұлмалауды бастады,
Бұршақ оны тесіп, тесіп тастады.
Мәтін мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды:
-с-с-с-с;
алақандарын еріндеріне тақап, үрлейді;
саусақтарымен жапырақтардың айналғанын көрсетеді;
қолдарын белдеріне қойып, саусақтарымен жаңбыр тамшыларынкелтіреді;
алақандарын екінші қолының саусақтарымен ұрғылап, бұршақты келтіреді.
№
Достарыңызбен бөлісу: |