Алюминий мен судың



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі145,36 Kb.
#96953
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Baewov..Turlybekova

Ключевые слова: 
водород, вода, алюминий, катализатор.
Keywords:
hydrogen, water, aluminium, catalyst.
Жылу және электр энергиясы – адамзат өмірінің негізі. Энергиясыз адамдар
тіршілігінің және техниканың дамуы мүмкін емес. Энергия қажеттілігі жылдан жылға өсіп
келе жатыр. Энергияның негізгі көздері – көмір, мұнай және көмірсутекті газдар.
Ғалымдар қазіргі заман энергетикасының алдында тұрған барлық энергетикалық
проблемаларды шешу үшін сутек газын отын ретінде қолданып, сутектік энергетика
бағытын қалыптастыру керектігін айтып келеді.
Сутек газы, химиялық элементтердің ішіндегі электрондық құрылымы тұрғысынан
қарағанда, ең қарапайымы және жеңілі, оны идеалды отын деп айтуға болады. Бұл газды
суды ыдырату арқылы өте оңай алуға болады. Сутек жанған кезде атмосфераға басқа
жанармай түрлерінің жануы кезіндегідей − көмірқышқыл газы, күкіртті газ,
көмірсутектер, күл, органикалық тотықтар сияқты өнімдер бөлініп биосфераны
бүлдірмейді. Сутек газын жаққанда су түзіледі, оны қайтадан сутек және оттек газына
ыдыратуға болады және бұл үдеріс қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді. Сутек
газы өте үлкен жылу бөлу қабілетіне ие: 1 г сутек газы жанғанда 120 Дж, ал 1 г бензин
жанғанда тек 47 Дж жылу энергиясы бөлінеді. Бұл газды, табиғи газ сияқты тұрба


желілерімен тасымалдап жеткізуге де болады, бірақ бұл кезде белгілі бір проблемалар
туындайды.
Сутекті синтетикалық жанармайға жатқызады. Оны − көмірден, мұнайдан, табиғи
газдан немесе жоғарыда тоқталып өттік, суды ыдырату арқылы алуға болады. Қазіргі
уақытта әлемде жылына 20 млн т сутек газы өндіріліп, тұтынуға жіберіледі. Оның
жартысы аммиак пен тыңайтқыш өндірісіне, ал қалған бөлігі мұнайды күкірттен
тазартуға, металлургияда және де т.б өндірістерде жұмсалады. Қазіргі заманауи
экономикада, сутек газы энергетикалық шикізат түрінде ғана емес, химиялық шикізат
ретінде де қолданылуда. 
Сутек газының басым бөлігі (80%) химиялық тәсілдермен өндіріледі. Қазіргі күні оны
энергетика саласына қолдану экономикалық тұрғыдан тиімсіз үдеріс, өйткені сутек
газынан алынған энергияның құны, бензинді жаққаннан алынған энергиядан 3,5 есе
қымбатқа түседі екен. Оның үстіне, қазіргі белгілі әдіспен алынған сутектің өзіндік құны
да, мұнай бағасының өсуімен байланысты жоғарылауда.
Бүгінгі таңдағы зерттеушілер, сутек газын суды ыдырату арқылы ірі көлемде
өндірудің технологиялық ұдерістерінің құнын арзандату бағытында көптеген жұмыстар
жүргізуде.
Біз бұл мақалада арзан қарапайым әдіспен, таза сутек газын алуды мақсат етіп қойдық.
Зерттеу нәтижелері, катализатор қатысында алюминий мен суды әрекеттестіру арқылы
сутекті алу мүмкіншіліктерін көрсетті. Айта кету керек, әдетте беті тотықпен қапталған
алюминий сумен әрекеттеспейді, сол себепті бұл тәсіл арқылы сутек газын алу бүгінгі
күнге дейін мүмкін емес деп есептелініп келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет