18
былай деп жазады:
«....основным предметом социальной лингви-
стики является исследование социолизованных отношений, соот-
несенных с социольными явлениями в жизни общества, обуслов-
ленных функционированием, развитием и взаимодействием языков
(преимущественно функциональной, социольной, профессиональ-
ной дифференциации языка). ...проявляющихся в языке в целом, а
также на всех уровнях его внутренной структуры»
[8,126.].
Л.Б.Никольский
алдымен тілдік жағдаят проблемасына назар
аударып, оған тілдер мен диалектілер қарым-қатынасы, сөйлеудің
диалектіүстілік формаларының қалыптасуы, тілдің нормалану
және ұлттық әдеби тілдің қалыптасуы туралы мәселелерді қамтып
көрсетеді [9,32-63.].
А.Д.Швейцер
болса, Ю.Д.Дешериевтің анықтамасын негізге
ала отырып, біріншіден, тіл мен қоғам арасындағы байланысқа
екі жақты сипаттама беруді баса айтса, екіншіден, әлеуметтік
лингвистикалық зерттеулер қарауына сөйлеу қарым-қатынасын-
дағы тіл қолданушылыққа әлеуметтік факторлардың әсер етуін,
сондай-ақ осы факторлардың тіл құрылымында бейнеленуіне тал-
дау жасау қажеттігін көрсетеді. Тілге әсер ететін факторлардың
ішінде тек объективті факторларды ғана емес, субъективті
факторлардың да тіл тұтынушылардың әлеуметтік дағдысы мен
әлеуметтік құндылықтарына әсер ететіндігін талдап береді [10,69.].
Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу аясы, пәндік мазмұны ту-
ралы мұнан да кеңірек талдамаларды шетелдік тілшілер зертте-
улерінен, мысалы, Д.Хаймс, У.Брайт, Дж.Фишман, У.Лобов,
Дж.Гамперц, С.Эрвин-Грипп, Э.Хауген, сондай-ақ Р.Т.Белл,
Р.Берлинг, Д.Прайд, П.Трайджилл т.б. берген анықтамалардан
көруге болады.
Сонымен қорыта келгенде,
Достарыңызбен бөлісу: