Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Қазақстанның оңтүстік аймағы: ұлттық құрамы мен



Pdf көрінісі
бет62/111
Дата20.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#150094
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111
Байланысты:
Снимок экрана 2021—12—12 в 19.12.08, Бесеудің хаты Жұмағазиева Р
4.4 Қазақстанның оңтүстік аймағы: ұлттық құрамы мен 
тілдік ахуалы, өзіндік ерекшелігі (сипаттама)
Қазақстанның оңтүстік аймағы – Ұлы Жібек жолының бойын-
да орналасқан, ежелден бергі тарихымызды, халқымыздың өткені 
мен бүгінін жалғап тұрған киелі жер. Ол – республиканың ең ірі 
аймақтарының бірі, оған Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, 
Жамбыл және Қызылорда облыстары енеді. Бұл еліміздің ұлан-
ғайыр жерін, 711,9 мың км

аумағын алып жатыр. 
Қазақстанның оңтүстік аймағы географиялық орналасуы жағы-
нан болсын, аумақтық-әкімшілік құрылымдық жағынан алсақ та, 
өндірістік-экономикалық шаруашылықты жүргізу сипаты жағынан 
да, саяси-әлеуметтік дамуы жағынан да, тұрғылықты халықтың 
қандық-рулық туыстығы мен аймақта қоныстану ыңғайы жағынан 
да бірыңғайлығымен ерекшеленетін, ежелден қазақылықтың 
қаймағы бұзылмаған, қазақ тілінің ана тілі ретінде де, мемлекеттік 
тіл мәртебесінде де өркен жайған өңірі болып табылады. 
Аймаққа қарайтын 4 облысты қоса есептегенде, онда 44 
әкімшілік аудан және облыстық, аудандық бағыныстағы 27 қала 
бар. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша барлық аймақ 
халқының саны – 6 299 853 адам, бұл республика халқының 37,8 
пайзын құрайды. 
Тұрғындардың 65,4 пайызы ауыл халқы (4 118 693 адам), ал 
қалалы жерлерде халықтың 34,6 пайызы (2 181 160 адам) тұрады. 
Аймақтағы қалаларды тұрғындар санына (2012 ж.) қарай 
ең ірі 
қала
(Шымкент – 642 602 адам), 
ірі қала
(Тараз – 326 113 адам), 
үлкен қалалар
(Қызылорда – 201 719, Теміртау – 173729, Түркістан 
–150 595, Талдықорған – 130253), 
орташа қалалар
(Кентау 61 60, 
Қаскелең - 61371), 
шағын қалалар
(Талғар – 47 301, Қапшағай 
– 42 389, Жаркент – 41 127, Арыс – 40 707, Сарыағаш – 40 599, 
Байқоңыр – 37734, Есік – 36 715, Жетісай – 33 093, Арал – 31 027, 
Шардара – 30 027, Текелі – 27 895, Қаратау – 27 365 , Леңгір – 25 
298 , Үштөбе – 24 739, Жаңатас – 21 192, Үшарал – 16 396, Сарқан 
– 14 265) және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет