160
тілге біржола көшіреді. Ақыр соңында өз ана тілінен бас тартуға
мәжбүр етіп, елдің әкімшілігі сөйлейтін, сол арқылы қолдау тауып,
кең таралып ұлтаралық қатынас құралына айналған үстем тілді
ана тілің деп иландыруға дейін апарады.
Міне, осындай жағдай біздің елімізден де көрініс берді. Соның
бір нышаны – орыс тілі - екінші «ана тілі» деген ұран, екінші ны-
шаны – ұлттық-орыс қостілділігін еліміздің баламасыз қатынас
құралы деп уағыздау. Бұл ұрандар елімізде орыс тілінен өзге тілдің
күллісін қоғамдық қызметі мен өміршеңдігі жағынан тығырыққа
әкеп тіреді. Соның басты салдары – қазақ атаулының орыс тіліне
ойыса бастауы, қала қазағы төрінен ана тілінің ығыса, аластаты-
лып, оның орнын орыс тілінің басуы, қазақ нигилистері мен ата-
тек, дәстүр-салтынан мақұрым мәңгүрттердің көбеюі» [28, 8-9.].
Әлеуметтік лингвистикалық әдебиеттерде тіл саясатына байла-
нысты
Достарыңызбен бөлісу: