Кітапханашы Кусаинова Д. өзінің дайындаған кітап көрмесін «Мейірім төгетін Ана» деп алып, оқушыларға ана туралы көп мағлұматтар берді. Қатысқан оқушылар саны-29. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сүлейменова Ж.Ш . 3-8 сынып оқушылар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысын жүргізді. Қатысқан бала саны -18. Марапатталған балалар болды. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Балгожина Б.А. 7-8 сынып оқушыларынан «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты тақарапта шығарма жаздырып алды. Қатысқан 5 оқушы.
«Арман –жарқын болашақ бейнесі» атты тақырыпта 2-8 сынып оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді, оған жауапты Тулеулина Г.И. болды, қатысқан оқушы саны -21.
Достарыңызбен бөлісу: |