Тілдік
мақсат
|
Пәннің лексикасы мен терминологиясы: режиссер, актер, қоғамдық құрылым т.б.
|
Құндылық
тарды дарыту
|
Бұл сабақ оқушыларды қазақ театр өнерін құрметтеуге баулиды
|
Пәнаралық
байланыс
|
Тарих, әдебиет, өнер
|
Бастапқы
білім
|
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады
|
Сабақтың барысы
|
Жоспарлан
ған сабақ кезеңдері
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Қор-
лар
|
Сабақтың басы
3 минут
5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеремін, назарын сабаққа аударамын. «Шаттық шеңберінде» тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді, жаңаша топтасу мақсатында өздеріне ұнаған түсті таңдайды.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топтан екі оқушыдан үй тапсырмасын сұраймын. Фишка арқылы бағалаймын.
ІІІ. Ой шақыру.
Оқушылар төменде берілген тірек сөздер мен сөз оралымдарын басшылыққа алып, суреттермен байланыстырып жұпта пікірлеседі.
Қ азақ зиялылары,өнер ордасы, алғашқы ұжым, алғашқы қойылымдар, алғашқы театр, халық ықыласы т.б.
Жақсы, сонымен бүгінгі тақырыбымыз : Қазақтың театр өнері. Атаулы сөйлем
|
Тақы-
рып
қа қажетті тірек сөздер
|
Сабақ ортасы
10 минут
10мин
|
ІҮ. Жаңа сабақ.
Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреі.
Дала. Егін даласы. Егін даласы рақат құшағында.
Атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа сөйлеммен былай білдіруге болады:
Міне, дала көрінді. Бұл – егін даласы. Бұл сөйлемдерде құбылыс аталмайды, баяндалады.
Атаулы сөйлем дегеніміз - іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем, негізінен, зат есімнен болады.
Тоғай. Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді.
Құрамы жағынан атаулы сөйлемдер бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.
Т.Ж.1-тапсырма. АКТ мүмкіндігіне қарай тыңдалым бойынша жұмыс жасау.
Оқушылар «Театр мәдениеті» мәтінін тыңдайды және мәтіндегі негізгі ойды ақындайтын тірек сөздерді жазады. Тірек сөздерді басшылыққа алып, «Театр мәдениеті» тақырыбында әңгімелеседі.
2-тапсырма.
Оқушылар мәтін бойынша төмендегі сөйлемдерді толықтырып жазады.
Театр – ойын-сауық орны, мұнда ...... өтеді. Қазақ театр өнері ..... негізделген. Халқымыздың талантты өнерпаздары ..... өнер көрсеткен. 1917 жылы ........... тұңғыш рет қойылды. 1925 жылдың аяғында ....... ашылды. Театр шымылдығы ....... ашылды. Театр алғаш рет құрылған жылы онда ....... қызмет етті. Олар ...... қалдырды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында ........ тұр. Бұл күнде ......... ашылды. Қазақ драма театрының сахнасында қойылған ......... түспей келеді. ....... байи түсті.
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.
Ж.Ж. Оқулықпен жұмыс. 4-тапсырма.
Мәтіннен жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне қарай ажыратады.
Бағалау критерийі:
Әр жұп өз тапсырмаларын төмендегі критерийлермен бағалайды:
Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы:
|
Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажыратады.
|
5
|
Жай сөйлем түрлерін
ажыратады.
|
5
|
Барлығы 10
|
Ж. Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарына жауап беру.
Интерактивті тақтадан дайын жауабын көру арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы
10минут
|
Сұрағы не? әдісі
Мұғалім дайын жауап дайындайды,. Бүгінгі өтілген сабақты (Қазақтың театр өнері. Атаулы сөйлем) қорыту мақсатында бір мысал айтылады да, «Сұрағы не?» деп сұралады. Ал оқушы айтылған жауапқа дұрыс сұрақ қоя білуі керек. Төрт топтан төрт оқушы шығады, ал мұғалім жауабын оқып «Сұрағы не?» деп сұрайды. Бірінші жауап берген оқушы жеңеді де оның тобы бір ұпай алады. Қалған оқушылар ретімен тақтаға шығып, ұтқыр сұрақ қоя білуі керек.1.
Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз..
2.Құрамы жағынан атаулы сөйлемдер бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен де бола береді.
3. М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма тетры – Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі.
4.Театр алғаш құрылған кезде И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов секілді өнерпаздар өнер көрсетті.
5. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
6.Жай сөйлем құрылымдық ерекшелігіне қарай 7-ге бөлінеді.
7. Айтылуға тиісті мүшелердің бәрі толық қатысқан сөйлемді толымды сөйлем дейміз.
8.Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. Әуезов есімі берілді.
Фишка арқылы бағалаймын.
|
|
2 мин
|
Рефлексия
Кері байланыс
«Аяқталмаған сөйлем»
Бүгінгі сабақтан мен өзім үшін.................. алдым,
... ..................................үйрендім.
....................................маңызды болды.
Үй жұмысы: «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында эссе жазу
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |