Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.
Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.
Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.
Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.
Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.
Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.
Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.
Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.
Тақырып таңдау Тақырыпқа қажет Тақырыпты аша
материалдар білу
С тиль Шешен Дауыс ырғағы
Психологиялық Аудиториямен Қосымша құралдарды
дайындау байланыс дұрыс пайдалану
Жоғарыда шешендік қызмет әрекеті көрсетілген.Осындағы ерекшеліктерді игере білумен бірге шешеннің тілдік қоры мол,жан-жақты білімді,ұтымды пікір,ойға тоқтай алатын,шыншыл,ізденгіштік қасиеттері болса,кез келген аудиторияны игере алары сөзсіз.
Мәтінді топ бойынша бөліктерге бөліп оқыңдар да,басқа топтарға өздерің оқыған мәтінді барынша көркемдеп,нақышын келтіре айтып шығыңдар.екінші топ осы айтылған әңгіме бойынша үшінші топқа сұрақ әзірлейді.Олар соған жауап береді.1-ші және 2-ші топ жауаптарды бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |