Шығармашылық тапсырма: «Естіген құлақ екеу,Көрген көз үшеу» бұл жұмбақты қалай шешесіңдер?
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.
«Шешеннің сөзі –мерген, шебердің көзі-мерген»
«Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ»
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер - өмір өрнегі
Сабақтың мақсаты: 1) оқушылардың сөз өнері бойынша білімдерін байқау;
2) тіл мәдениетіне тәрбиелеу;
3) ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сайыс.
Көрнекілік: тіл туралы қабырға газеттері.
Техникалық құрал: графапроектор,магнитофон.
Сабақтың барысы.
Жүргізуші сөзі. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Сөз өнері -өмір өрнегі» деп аталады.Сайысқа екі топ қатысады: бірі – «Бәйтерек», екіншісі – «Хантәңірі». Сайысымыз 3 кезеңнен, 6 бөлімнен тұрады. І. Лингвистика ІІ. Әдебиеттану ІІІ. Саз өнері ІV. Полиглот IV. Мақал – сөздің мәйегі. VI.Зияткерлік.
Енді, «Бәйтерек» тобы бір нөмірді таңдасын (1-ден 6-ға дейінгі). Таңдаған нөмірі бойынша бөлімі,сұрағы оқылады.
І. Лингвистика
1. «Тіл білімінің негіздері» кітабының авторы.
2. «Ілгерінді ықпал» сөзінің ғылыми тілдегі атауы.
3. Қазақ тіліндегі бастауыш,баяндауыш,етістік т.с.с. терминдерді ойлап шығарған ғалым.
4. «Сингармонизм» қай елдің сөзі,анықтамасы.
5. -ды,-ді,-ты,-ті формасының алуан түрлі қызметі.
6. Эвфемизм дегеніміз не?
7. «Мыс» шылауының сын есім тұлғалас сөзін табыңыздар.
а) мысқа сұраныс ә) айтыпты-мыс б) жасамыс в) мысы басылды г) мыс өндіру
8. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аты.
9. Қазақ әліпбиі қашаннан бастап орыс әліпбиіне көшті
ІІ.Әдебиеттану
Қазақ әдебиеті тарихы неше кезеңге бөлінеді,атаңыз.
Әдебиет теориясының негізін салған кім?
Редифті ұйқас дегеніміз не?
Эпитетті тіркес құраңыз.
... тіршілік, ... күн, ... жаз, ... аспан, ...көл;
... қоңып, ...жымыңдаған, ...үнсіз сұлу, ... көркем, ... жұпар.
В.В.Радлов неміс тіліне аударған жыр.
Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қай жылы шықты?
VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын,күйші,аңыз кейіпкері кім?
Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы?
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы қай жылы Лениндік сыйлыққа ие болды?
ІІІ. Саз өнері
Үнтаспадағы әнді тыңдап,авторын,әннің атын табу керек.
IV. Полиглот
Жұмбақты шешіп,жауабын қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айтады.
Аяғы жоқ жүреді,Өзі сылқ-сылқ күледі.
Мұрты бар,сақалы жоқ.Тоны бар,шапаны жоқ.
Ұйықтайды ұлы түнде,күндіз қызы,Жүргенде білінбейді басқан ізі.
Бес ін,бес іннің аузы бір ін.
Үй үстінде ұсақ тас.
Қашсам – құтылмадым,Ұстасам – қолыма тұрмады.
.Жүзбе-жүз жолықтым,Тілдесе алмай торықтым
Достарыңызбен бөлісу: |