Математика
30- 80 санының 15% -і қанша?
6 2) 12 3) 8
20-(сол жақ)- «0» саны римдік санау жүйесінде нешені білдіреді?
500 2) 50 3) 1000
20-(оң жақ)- Анасы 50 жаста, ал қызы 28 жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе жас еді.
5 жыл 2) 6 жыл 3) 4 жыл
10-(сол жақ)- y=k/x функциясының графигі не деп аталады?
парабола 2) гипербола 3) кубпарабола
10-(оң жақ)- 0,75 дм қанша сантиметр болады?
0,075см 2) 75 см 3) 7,5 см
Геометрия
30- Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен екі есе үлкен. Осы бұрыштар неге тең?
1)400, 800 2) 600, 1200 3) 900,1800
20-(сол жақ)- Кубтың қанша қыры бар?
8 2) 4 3) 12
20-(оң жақ)- Координаталар жүйесін алғаш енгізген ғалым?
Р.Декарт 2) Пифагор 3) Виет
10-(сол жақ)- Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 8 см, оның периметрі неге тең?
1)16 см 2) 24 см 3) 32 см
10-(оң жақ)- Шаршының бір қабырғасы 3 см, оның ауданы неге тең?
12 см2 2) 9 см2 3) 6 см2
Мұғалім: сонымен, осы кезеңнен кейін ұпайы ең аз 1 оқушыны қошеметпен ортадан шығарып саламыз.
Ең жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Келесі кезеңіміз «Жорға». Екі нұсқа бойынша алдын-ала жазылған сұрақтарға шапшаң жауап беру керек. Нұсқаны таңдау еркі ұпайы аз оқушыға беріледі. Берілетін уақыт 1 минут.
Слайд 41 V тур «Жорға»
Терезе нешеге бөлінеді? (4) (қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама)
Бағыттауыш пернелерді ата.
ІІ буын машиналарын неден тұрады? (транзисторлардан)
Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді? (2)
Функционалдық пернелер нешеу? (12)
Дыбыс шығару құрылғысы. (колонка)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (курсор)
Енгізу құрылғысы. (пернетақта)
Монитор қандай құрылғы? (шығару, негізгі)
Графиктік редактор. (Paint)
Бас әріптер режиміне көшу пернесі. (Caps Lock)
Жад нешеге бөлінеді? (2)
ІІІ буын машиналары неден тұрады? (интегралдық схема)
Калькулятордың неше түрі бар? (2)
Пернетақтада қанша перне бар? (101-102)
Дыбыс жазу құрылғысы. (микрофон)
Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
Компьютер жанына қоятын өсімдік. (кактус)
1 Кбайт неден тұрады? (1024 байт)
Текстік редактор (WordPad)
Курсордан кейінгі символды өшіру пернесі (delete)
Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. (принтер)
Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. (монитор)
Алдыңғы қадамға оралу. (Esc)
Мұғалім: Слайд 42-49 Анаграмма. Берілген әріптерден сөз құрап анықтама беріңіз.
Ойынымыздың шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.
Жеңімпазды анықтап, марапаттау, «Сынып көшбасшысы» атағын беру. Ойынға қатысқан басқа да оқушыларға диплом тапсыру.
Мұғалім:
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Сынып көшбасшысы» ойын мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |