Баланың ішкі жан дүниесін қуаныш отын сыйлау керек Ш.Амонашвили Шет тілдер сөздігінде гуманизм-латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді. Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі. Өзінің эксперименттік мектебінде Ш.А.Амонашвили ынтымақтастық педагогика, жеке ықпал, тіл жөне математика пәндерін оқытудың әдістерін жасап, ендірді. Мақсатты бағыттары: - Баланың жеке касиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. - Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату. - Танымдық күшін қалыптастыру жөне дамыту.
Алған білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағай жасау.
Тұжырымдама ережелері: - Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады. - Рухани жетілдіру. - Бала психологиясын дамытуға, есейтуге және еркіндік құштарлығына қалыптастыру; - Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау. Әдістеме ерекшеліктері: - адамгершілік; - жеке ықпал; - қарым - қатынас шеберлігі; - ата-ана педагогикасының қайнар көзі; - оқу қызметі.
Балалар қызметін бағалау: Сандық бағалаудың орнына сапалық бағалау: мінездеме беру, қорытынды жасау, талдау жасауға уйрету, өз ісін бағалау. Сабақ - бала өмірінің негізгі түрі. Күн сабағы, қуаныш сабағы, достық сабағы, шығармашылық сабағы, еңбек сабағы, ойын сабағы, кездесу сабағы, өмір сабағы. «Балалық - адам өмірінің ең маңызды кезеңі, келешекке деген дайындық емес, бұл-қайталанбас, жаңашылыққа толы, біртұтас ашық түсті өмір.
Ш.А. Амонашвили «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім - адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады.…»-дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы- рухани біртұтастықта.