«Қамқор бол» акциясы «Мейірбандылық-жүректен



Дата11.04.2020
өлшемі91,28 Kb.
#62261
Байланысты:
02,10,2019

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Қамқор бол» акциясы

«Мейірбандылық-жүректен,

қайырымдылық –білектен»

2 Қазан -«Ашылу салтанаты»

Жүргізуші:

Жақсылық қылсаң балаға,

Бір қайырымын аларсың.

Адамгершілік танытып,

Дұрыс жолға саларсың.

Қолында бар да көмек ет,

Тарыққан жанға ағайын.

Қол үшін бер, демеу ет,

Алладан болсын сауабы.

Жүргізуші:

Cөз кезегі : Назым Аманжолқызына беріледі

Жүргізуші:

Жомарттық – адамың ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін.

Жүргізуші:

Сұрақ жауап




  1. Қайрымдылық тек ақшамен өлшене ма?



Жүргізуші:

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға үлес қоса білуге атсалысқан Амангелді орта мектебінің ұжымы.

Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу .Ізгі қайырымды істер жасау арқылы балалардың Ризашылығы пен алғыстарын ала отырып, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамытуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Ән: Сақтағанов Сапарбек «»

Жүргізуші:



«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!

Қайырымдылық- халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа –жан риза» дегендей жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болу, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық борышы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет