Жедел қан жоғалту кезіндегі организмде болатын өзгерістер:
Қанның тамыр өзегінен ағып кетуі салдарынан организмде айналыстағы қан көлемі азайып - гиповолемия дамиды. Бұл құбылысқа жауап ретінде науқас организмінде бірсыпыра өтемдік - бейімделу механизмдері іске қосылады:
Көктамыр жиырылуы (спазмы)
Тіндік сұйықтардың қан тамырына құйылуы
Тахикардия
Несеп түзілісінің азаюы (олигурия)
Гипервентиляция
Шеткі (перифериялық) артериолоспазм
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Шағымдары:
әлсіздік;
бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
ауа жетіспеушілік сезімі;
мазасыздану;
жүрек айну;
Объективті белгілері:
Объективті белгілері:
тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;