«Ана тілі» газеті, 4- мамыр 2016 жыл



Дата10.03.2017
өлшемі39,12 Kb.
#11329
«Қазақ тілінің әдістемесі қандай болу керек?»

тақырыбындағы мақалаға талдау

(«Ана тілі» газеті, 4- мамыр 2016 жыл)
Қазіргі таңда отандық білім беру жүйесі бірқатар реформаларды басынан кешіріп жатқаны белгілі. Мұндағы басты мақсаттың бірі – білім беруді заман талабына сай ету. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері осы бағытта жаңа бағдарламалар қабылдап та үлгерді. Бірақ ол бағдарламалардың ерекшелігі, тиімді тұстары қандай деген мәселеге байланысты министрлік тарапынан бұқара халықты ақпараттандыру қажеттілігі сезіледі. Өйткені Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Елбасы айтқандай, енгізіліп жатқан жаңалықтардың бәрін жұртшылыққа кеңінен түсіндіру керек. Осы орайда жуырда Елордадағы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім сала­сындағы жаңашылдықтарға байланысты БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өт­кіз­ді. Баспасөз мәсли­хатына ми­нистр­­лік­­тің мектепке дейінгі және орта білім, ақ­параттық технологиялар департамен­ті­­нің директоры Жаңыл Жонтаева мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәм­шидинова қатысып, баяндама жасады.

Ерлан Сағадиев кездесу барысында «2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» өмірге жолдама алған жаңалықтарымен таныстырды. Жиында министр қазіргі кезде қо­ғамда көп талқыға түсіп жүрген ағыл­шын тіліне қатысты өзінің ой-пікірін ортаға салды. Айтуынша, ағылшын тілі – азаматтарымызға, әсіресе, жас ұрпаққа әлемдік озық ілім-білімге және жоғары технологиялар әлеміне жол ашар есіктің кілті.

– Егер бұған қарсы петицияның автор­ларына қарасақ, онда олардың көбісінің балалары мен немерелері шетелде оқитынын немесе оқығанын, «Бола­шақ» бағдарламасы бойынша білім алғанын көреміз. Ендеше, «Малшы, жалшы, құрылысшы, күзетші, базарларда отырған халыққа ағылшын тілі көк тиынға керек емес» (петиция­дан үзінді) деу – басқа адамдардың балаларына жақсы өмірді, жарқын болашақты тілемеу деген сөз. Мемлекет басшысы айтып жүрген «әлеуметтік лифттер» әрбір қазақ­стандық үшін тең мүмкіндіктер жасауды қарастырады. Біздің бағдарламамыз – қала мен ауыл, әртүрлі үлгі­дегі мектептер арасындағы білімді теңестіретін бағдарлама, – деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің үштілді білім беруді ендірудің негізгі мәні туралы сөз қоз­ғағанда, әрбір мектепте қазақ тілін ендіру мәселесіне назар аударды.

Негізгі айтқан тұжырымы орыс мектеп­те­ріндегі оқушылардың қазақ тілін меңгеру дәрежесін жоғарылатуға сайды. Ондай оқушылардың қазақ тілін дұрыс үйрене алмау себебін сол тілде оқы­тылатын пәннің жоқтығымен түсіндірді. Бұл орайда Е.Сағадиев: «Біз осыны түзетпекпіз. Бір тілде қан­дай да бір пән­дерді оқытпай, оны оқушыларға үйретем деу – бос әурешілік. Сондықтан Қазақ­стан тарихын, сондай-ақ Қазақ әдебиетін еліміздегі барлық мектептерде міндетті түрде қазақ тілінде оқыту жоспарлануда. Бұл – бүгінде министрлік алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі!» деді. Сонымен қатар қазақ тілін оқытудың әдіс­темесін жетілдіру қажеттігін алға тартты.

Әлемдегі ағылшын тілін тиімді оқыта­тын әдістемелер сияқты қазақ тілін де сондай әдістемемен оқытуы­мыздың мәні зор екенін айтты «Көптеген қазақстандық балалар шетелге барады да, 5-6 ай ішінде ағылшын тілін игеріп алады. Сол тілде оқиды, сөйлейді. Біз қазақ тілін үйретудің дәл сон­дай әдістемесін жасауымыз қажет» деген министр орыстілді және аралас мек­тептерде қазақ тілін оқытудың жаңа әдісін келер жылдың қыркүйек айынан бас­тап ендіруді жос­парлап отырғандарын хабарлады.

Баспасөз мәслихатының барысында белгілі болғандай, үштілді білім беруге еліміз 2019-2020 оқу жылдарында көшпек. Бұл ретте математика және жаратылыс­тану пәндерінің бірі немесе бірнешеуі тек 10-11 сыныптарда ғана ағылшынша оқытылады екен. Оған дейін бұл пәндер қазақ мектептерінде тек қазақ тілінде ғана оқытылмақ. Үштілділіктің балалар алдынан кең жол ашатынын тілге тиек еткен сала басшысы үш тілді қатар меңгеру қала мен ауыл, әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы кедергілерді азайтатынына, әрбір адам үшін тең мүмкіндіктер туғызатынын айтты. Қазір көпшілікті ойландырып жүрген бір сауал бар. Ол ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерді қайдан табамыз деген мәселе? Бұған қатысты Ерлан Кен­же­ғалиұлы ағылшын тілінде сабақ беретін ұс­таздарды даярлауда да мәселе туындамайтынын, ол мамандар ­Назарбаев университетінде дайындалатынын атап өтті. Биыл шамамен 700 мұғалім даярлықтан өтпек. Үш тілді білім беруге көшу үшін 32 мың ағылшын тілді ұстаз қажет. Ал қазақ тілінде сабақ беретін ұстаздарымыз жеткілікті ме? Бұл мәселеге ол былай деп жауап берді: «Дұрыс әдістемесі болса, қазақ тілін оқытуда да еш­қандай қиындық болмауы тиіс. Қазақ тілінің ұстаздары бізде жеткілікті. Тұ­тастай алғанда республикамыздағы бар­лық мұғалімдердің саны 365 мыңға жетеді» деді. Министрдің хабарлауынша, Қазақ­станға мектеп бітіру емтихандары қайта оралады. 2017 жылдан бастап ҰБТ мек­тептік және ЖОО-ға арналған болып екіге бөлінеді. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алмағандарға оны екінші рет тапсыруға мүмкіндік беру қарастырылып отыр.

Иә, әрбір жаңалықтан мол үміт күтеріміз рас. Тек солардың бәрі де ел пайдасына жүзеге асып, баянды болсын деген тілегіміз бар.


Қорытынды:

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп....


Қазақ тілі және мәдениеті

кафедрасының меңгерушісі, доцент Қ.С. Қалыбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет