Ана тілі Тақырыбы: Алатау. Ж. Жабаев
Дата 11.06.2020 өлшемі 277 Kb. #73105 түрі Сабақ
Байланысты:
ана тили Ана тілі Тақырыбы: Алатау. Ж.Жабаев ІІ сынып Атамұра 2002 Утесинова Гульжахан Узакбаевна Сабақтың мақсаттары: білімділік мақсаты: Өлеңнің мазмұны арқылы табиғат құпиялары, оның құдіреті туралы түсінік беру. 2) дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. 3) тәрбиелік мақсаты: Табиғатты аялау, жанашырлықпен қарау арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Жаңа сабақ Сабақтың типі: «Бәйге» сабақ Сабақтың әдісі: Өлеңнің мазмұнын талдау, әңгімелеу , топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, ізденіс жұмысы, ой шақыру, ой дамыту Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, үнтаспа, бейнелі сурет, сөздік, айналым сызбасы, ауыл аттары. Сабақтағы ақпараттық құрал : Интерактивті тақта, компьютер Пәнаралық байланыс: Музыка, дүниетану, қазақ тілі Сабақтағы бағалау жүйесі: Топтық жұмыс нәтижесі арқылы Сабақтың жүрісі: І. Ой шақыру (жаңа сабаққа дайындық) Үнтаспадан өлең тыңдау «Алатау» әні Тау атауын табу, орналасқан жері 2. Тарау атауын ашу Табиғат – тал бесік. Рөлге бөліп оқу 1. Жамбыл Жабаев – қазақтың төкпе ақыны. Жас кезінен өлең жазған. Ол өлеңдерінде халықты бірлікке, ерлікке шақырған. 2. «Алатау» өлеңімен таныстыру 3. Оқушылардың мәнерлеп оқуы 4. Өлеңнің мазмұнын ашу , сөздік жұмысы, сұрақтар бойынша талдау. 5. «Бәйге» ойыны бойынша тапсырмалар орындау ІІ. Жаңа сабақ Автор туралы түсінік «Бәйге» ойыны бойынша сынып екі ауылға бөлінеді. «Бірлік» аулы «Ынтымақ» аулы Атбегі: Атбегі: Ізденіс жұмысы І айналым тапсырмасы Өлеңнің мазмұнына орай тауда өсетін жеміс ағаштарын топтастыру 2. Тауда кездесетін аңдар, құстарды топтастыру Күй: «Сарыжайлау» Оқулықпен жұмыс ІІ айналым тапсырмасы 1. Мәнерлеп оқу сайысы 2. Жатқа айту сайысы Шығармашылық жұмыс ІІІ айналым тапсырмасы 1. «Алатау» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрау. Тірек сөздер: таулардан аққан су, жемістер: алма, өрік, алмұрт т.б. аузыңнан дәмі кетпейді, түрлі аңдар мекен етеді, тау басы қарлы, аққан бұлақ, балық жүзеді. 2. «Алатау» тақырыбына сипаттау мәтінін құрау. Тірек сөздер: мөлдір бұлақ , таза ауа, хош иіс, биік тау. Күй: «Сарыжайлау» Ой дамыту жұмысы V айналым тапсырмасы 1. Табиғат бізге қажет. 2. Табиғат бізге қажет емес. Күй: «Сарыжайлау» Қорытынды «Бәйге» ойынын қорытындылау Бекіту бөлімі Сәйкестендіру сауалнамасы Өлеңнің авторы кім? түлкі, борсық Таудың аты: өрік, алма Алатау қайда орналасқан? Ж.Жабаев Таудағы аңдар: Алатау Тауда өсетін жеміс ағаштары: Жетісу Үйге тапсырма Таудың суретін салу, өлеңді жаттау. Достарыңызбен бөлісу: