Тақырыбы:
«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» Мақсаты:
1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3.Тіл тазалығын сақтау, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер, безендірілген презентация, шарлар, асықтар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты 3- сыныптың дайындаған мерекелік іс-шарасына қош келдіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «22 қыркүйек Тіл мерекесі күні» болып атап өтілсін деген бастауын қолдау мақсатымен мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни, 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның Тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген. Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажетілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. 1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз- тіліміз. Сондықтан ана тілімізді құрметтей білейік. Ендеше бүгінгі 3 сынып оқушыларының дайындаған сазды бағдарламасына кезек береміз.