ҚАНАЙНАЛЫМ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Дайындайтын сүрақтар:
Қанайналым жүйесi туралы түсiнiк.
Жүректiң пiшiнi, топографиясы, құрылысы: жүрек қақпақшаларының маңызы.
Жүректiң жүмысы, оның кезеңдерi.
Қан тамырларының түрлерi.
Қанайналым шеңберi.
Қанайналым жүйесiнң негiзгi қызметi – қанның ағзада жүруiн қамтамасыз ету. Бүның нәтижесiнде қан ағзада көптеген қызмет атқарады.
Жүректiң қызметi веналар /көк тамырлар/ арқылы ағып келген қанды артериялраға /салатамырларға/ айдау. Бүл жүрекшелер мен қарыншалардың қабырғасын қүрайтын бүлшықет талшықтарының кезектесiп ырғақты жиырылуының нәтижесiнде жүзеге асырылады. Жүрек еттерiнiң жиырылуын – систола, ал босаңсуын – диастола деп атайды.
Қалыпты физиологиялық жағдайда жүрекшелер мен қарыншалар систоласы мен диастоласы өзара байланысты болады да, жүрек жұмысының кезеңдерiн құрайды. Жүрек жұмысы жүрекшелер систоласынан басталады. Алдымен оң жүрекшенiң қуысты веналар құйылатын жерi жиырылады. Бүлшықет қабаты болғандықтан бiртiндеп жиырылу толқыны екi жүрекшенi түгел қамтиды. Жүрек соғуының ырғағы минутына 75 рет болған жағдайда жүрекшелер систоласы 0,1 сек уақытқа созылады
Жүрекшелер систоласы аяқталған соң, қарыншалар систоласы басталады, ал жүрекшелер бүл кезде 0,7 сек. созылған диастола жағдайында болады. Екi қарынша бiр мезгiлде жиырылады; олардың систоласы 0,3 сек. созылады. Бүдан кейiн 0,5 секундқа созылатын қарыншылар диастоласы басталды. Қарыншылар диастоласының аяқталуына 0,1 сек. уақыт қалғанда жүрекшелердiң жаңа систоласы басталады. Сөйтiп, 0,8 сек. созылатын жүрек жүмысының келесi айналымы басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |