59
Әрбір мектеп өз бетінше элективті курстар мен олардың бағдарламаларын
анықтауға құқылы, бірақ негізгі мектептегі «
Робототехника
» элективті курсы
мен 11-12-сыныптағы «
Халықаралық емтихандарға дайындық
» курсы міндетті
болып есептеледі.
Оқушыларға арналған «
Робототехника
» элективті курсын Назарбаев
Университетінің робототехника оқытушылары әзірледі. Аталған бағдарлама
жобаларды әзірлеу қағидасы бойынша құрылған практикаға бағыттау негізінде
жүзеге асырылады.
Оқушыларды конструкторлық тәжірибе жинақтауға оқыту алдыңғы
қатарлы оқу платформасы болып табылатын
VEX Robotics
оқу конструкторлары
базасында жүзеге асырылады. Бұл тәжірибе өз әлеуетін толық ашуға және ХХІ
ғасырда табысқа жету үшін өмірлік маңызды білімдері мен дағдыларын
дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың бағдарламаны меңгеруі оларға
математикадан,
физикадан,
информатикадан
алған
білімдерін
робототехникалық жүйелердің практикалық қосымшаларында зерттеушілік,
дизайнерлік және коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, білімдерін
қолдануға мүмкіндік береді.
Дайындық нәтижесінде «
Халықаралық емтихандарға дайындық
» элективті
курстарында 11-12-сынып оқушылары
SAT
және
EILTS
табысты тапсырады.
IELTS
-ке дайындық бойынша элективті курс оқушыларды тереңдетіп
дайындау үшін қажет, себебі оқушыларға қызметтің негізгі түрлері бойынша
білімді тереңдету жолымен ағылшын тілі бойынша білімді кеңейтуге мүмкіндік
береді. Курстың өзектілігі оқушыға білім беру перспективасы тұрғысынан өз
әлеуетін бағалауға,
IELTS
форматында талаптар деңгейінде жұмыс тәжірибесін
жинақтауға, жаңа нысандағы емтиханға, олимпиада мен байқауларға қатысуға,
сонымен қатар бейіндік мектепте табысты оқуға мүмкіндік береді.
Ұсынылып
отырған
«
Қызықты
физика
»
элективті
курсының
бағдарламасы пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың
зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, физика бойынша білімдерін
тереңдету, кеңейту үшін ұсынылады, сонымен қатар сабақтардың жеке
фрагменттерін физика сабақтарында қолдануы мүмкін.
Элективті курс орта буын оқушыларының бейіндікке дейінгі
дайындығының маңызды мазмұнды бөлігі болып табылады. Аталған элективті
курс зерттеушілік және құрылымдық іс-әрекетпен байланысты әртүрлі
деңгейдегі тапсырмаларды өз бетімен орындауға мүмкіндік береді, физикаға
пән ретінде қызығушылығын артады және курс сабақтарында алған білімдерін
адамның іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдануға болатынын көрсетеді.
Бақылау және тәжірибе туралы білімдерінің көзі болып табылатындықтан
оқушылар зерттеуші-физик қызметін атқарады. Өздік, практикалық
жұмыстарды орындау физикалық эксперименттің оқытылатын теориялық
материалмен байланысын қамтамасыз етеді, бұл жағдай балаларға өз бетімен
жалпылаулар мен қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Аталған «
Достарыңызбен бөлісу: