Аналитикалық бөлім 1Практика базасына сипаттама 5



бет5/8
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#79201
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әлжапарова Арайлым

3.Тіршілік қаyіпсіздігі, еңбекті қорғау және өртке қарсы іс-шаралар бойынша тапсырмалар

3.1 Қауіпсіздік ережесіне қойылатын жалпы талаптар


Құрылысқа, реконструкцияға, сызықты-желілік ғимараттардың эксплуатациясы және жөндеуіне қатысатын барлық жұмысшылар қауіпсіздік ережелері талаптарын және өрт қауіпсіздік шараларын білуі керек.


Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау барысында жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.
Қауіпсіздік техникасы —еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушы-ларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың — стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері. Қауіпсіздік техни-касы ережелерін білу мен орындаудың ерекше маңызы бар, өйткені мұның өзі кездейсоқ қатерлерден сақтандырудың бірден-бір кепілі. Қауіпсіздік техникасының ережелерін дұрыс бағаламау, әсіресе, оны орындамау жұмыс істеуші адамның денсаулығына, тіпті өміріне өте қауіпті із қалдыруы мүмкін. Егер оқып үйренушілер қауіпсіздік техникасын білмейтін болса, одар машинаға жұмыс істеуге жіберілмейді. Төменде кауіпсіздік техникасының негізгі ережелері берілген.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері. Әрбір комбайнда: сақадай сай сөндіргіш, екі күрек және екі швабра болуға тиіс; двигательдің шығару құбырында ұшқын өшіргіш орнатылуы керек (тру- бонаддувы бар двигательдерге ұшқын өшіргіш орнатылмайды) Двигательдің шығару коллекторы сабанды бөліктерден металл қалқанмен немесе тормен (тор ұясы 20 мм) қоршалуға тиіс. Ге- нератордың, аккумулятордың, стартердің, магниттік жүргізгіштің және басқа электр тетіктерінің жыжымалы қалыптарының клемі- маларында оқшаулағыш қалпақшалар болуға тиіс.
Көлемді егін алқаптарын (50 гектардан артық) загондарға бөледі. Загондар аралығындағы жыртылған жердің (екі 8 метрден кем емес) өртке қарсы да мәні бар.
Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» жұмысшылардың еңбекті сақтау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, осыны ескере отырып басқару кезінде жұмысшылардың жұмыс орындарындағы кез-келген қауіп-қатерлерге профилактика жүргізу, өндірістік құрал-жабдықтарды қауіпсіздеу түріне ауыстыру арқылы алдын алуға байланысты шаралар қабылдауға, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау бойынша жұмыскерлерді оқытуға жəне дайындау жұмыстарын жүргізуге, техникалық іс-шараларын ұйымдастыруға, өндірістік процесті жəне жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге, жұмыскерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, арнайы киімдер мен аяқ киімдер беруді жəне жөндеуді, оларды еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен белгіленген нормаларға сəйкес профилактикалық өңдеу құралдарымен, еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте орындауға, жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен кезеңдік, бес жылда кем дегенде бір рет еңбек талаптарының жағдайы жөнінде өндірістік объектілерді аттестациялауға, сонымен қатар еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен белгіленген ережелерге сəйкес жаңа техника мен технология қайта құрылғаннан, жаңғыртылғаннан, орнатылғаннан кейін міндетті түрде аттестациялау жүргізуге, жұмыскерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде олардың денсаулықтары мен өмірлеріне зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті сақтандыруға, еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге негізделген. Қоғамда еңбекті қорғау бойынша барлық ұйымдастырушылық жұмыстарға күнделікті басшылық жасау үшін басқа қызметтермен жəне құрылымдық бөлімшелердің өзара əрекеттесіп жұмыс істейтін қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау қызметі құрылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет