1 Тәжірибе. Тотығу-тотықсыздану реакциялары Жұмыстың мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакциялардың түрлерімен
танысу, тотықтырғышпен тотықсыздандырңыштың қасиеттерін зерттеу
А тәжірибесі.Калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеттеріне ортаның әсерін зерттеу Құрал-жабдықтар: пробиркалар, пипеткалар
Реактивтер: KMnO4, 2н H2SO4 күкірт қышқылының, NaОН және Na2SO3 ерітінділері.
Жұмыс барысы: Үш пробирка алып, әр қайсысына пипетка арқылы 3мл-ден KMnO4 құйып шығады. Енді бірінші пробиркаға 1мл 2н күкірт қышқылын, екінші пробиркаға 1мл дистелденген су, үшінші пробиркаға 1мл натрий гидроксидінің ерітінділерін құяды. Содан соң әр пробирқаға ерітіндінің бояуы өзгергенше натрий сульфитінің ерітіндісін тамшылатып құяды.
Қышқылдық, бейтарап және сілтілік орталарда калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеттерін анықтаңыз. ТТР теңдеулерін электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз де, тотықтырғышпен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массаларын есептеңіз.