Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті. Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Қазір де аналитикалық химия мен экология ғылымдары тығыз байланысты болып отыр. Экологиялық зерттеулер үшін, мысалы аүа, су, топырақ құрамын талдауда, аналитиканыңсапалық және сандық талдауының гравиметриялық талдаулары жүргізіледі.
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару. Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
дистанционды (авиациялық және космостық);
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Топырақтың түсін оның түрін анықтауда аналитиканың сапалық талдау түрі қолданылса, оның құрамындағы заттардың стандартты жағдайын немесе бөгде химиялық заттармен ластануын сандық талдау әдісі арқылы анықтап, аналитикалық химия мен экологияның өзара тығыз байланысын дәлелдеуге болады.
Қорыта келе, аналитикалық химия дегеніміз заттардың құрамына кіретін атомдардың, молекулалардың, иондардың, яғни химиялық құрамын және солардың мөлшерін анықтайтын әдіс. Заттың сапалық және сандық құрамы туралы мәліметтерді алу үшін, алдымен химиялық реакциялар жүргізіліп аналитикалық қасиеттерді іріктеу керек .Сондықтан аналитикалық химия студенттердің химиялық ойлауын қалыптастырып, анализді химияның ақырғы жетістіктеріне сүйеніп жүргізуді үйретеді, анализдің жаңа әдістемесін жасауға мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер
Құлажанов, Қ. Алматы : АТУ, 2004
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0