Қайшылықсыздық заңы
Логика ғылымында қғымдарды бөлу деген қағида бар. Егер анықтамалар көмегімен ұғымның мағынасы ашылса, онда ұғым көлемін айқындау міндеті бөлу деп аталатын логикалық операция көмегімен шешіледі. Сонымен бөлу дегеніміз - бастапқы ұғымда ойлаған нəрселерді топтарға бөлу. Мысалы, құқықтық нормалар құқықтық міндеттеуші жəне құқықтық тыйым салушы, құқықтық рұқсаттаушы деп бөлінеді. Бөлу негізі мəнді белгі болуы тиіс. С.Е. Лецтің «Таралмаған ойлар» еңбегінен алынған мысалды қарастырайық: «өзара əңгімелесіп отырған бірнеше кісі адамдарды түрліше бөлу туралы пікір бөліседі. Біреуі: «мен адамдарды ақылды жəне ақымақ деп бөлемін» десе, екіншісі: «адамдарды əрқалай бөлуге болады. Адамдар жəне адам еместер деп те бөлуге болады» дейді. Сонда таң қалған жазалаушы: «Ал мен оларды бас жəне дене деп бөлемін», - деді». Жоғарыдағы мысалдағы үш адамның қайсысының бөлуі дұрыс болмағандығын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |