Жарықты қабылдау. Таяқша клеткалардағы родопсиннің түсі қошқыл, ал сауытша клеткалардағы иодопсиннің түсі күлгін.Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретген мен опсинге ыдырап, пайда болған заттар жарық толқындарының . ұзыңдығына лайық көру нервінің ұштарында қозу тудырады. Қараңғыда петинен мен опсин қайта қосылып родопсинге айналады.Ретинен А витаминінің туындысы, қараңғыда А витамині ретиненге айналады.Сондықтан бұл витамин организмге жеткіліксіз мөлшерде болғанда ондай адамның ымыртта, қараңғыда көру қабілеті төмендеп жойылады.Мұндай кемшілікті ақшам соқыр немесе соқыр тауық, немесе гемералопия (лат. гемералопия — тауық көз) дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз — 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.
Ал сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік үштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының желке тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Көру талшьғының торлы қабығындағы рецепторлары афференттік жүйке талшығы арқылы заттың бейнесінен келген сәуленің әсерінен пайда болған қозу импульстерін бір-ақ рет орталыққа жібереді. Содан кейін орталыққа сол заттың өзгерістері туралы ғана мәлімет тасиды, онда пайда болған өзгерістерді немесе заттың бейнесінің жойылуы жөнінде т. б. ақпараттар жіберіледі. Сондықтан затты көру сезімі ең алғаш көзді сол затқа тігіп қарағанда, яғни көз түскенде ғана пайда болады. Көру талдағышының қозғыштығы торлы қабықтағы жарық сезгіш заттардың фотохимиялық реакциясына байланысты фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейд.Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы (лат.~ адаптация — бейімделу, үйрену) дейді. Мысалы, қараңғы жерден жарық бөлмеге кіргенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбейді де, сол уақыттан соң бөлмедегі заттар мен отырған адамдар көріне бастайды. Жарық неғұрлым көп болса, солғұрлым көздің қозғыштығы төмен болады. Ал қараңғыда көздің қозғыштығы күшейіп, қараңғыға бейімделеді. Қараңғыда сауытша келеткалардың сезімталдығы 20-50 есе, таяқша клеткалардың - 200-400 есе артады.Жарыққа немесе қараңғыға бейімделу мен көру қабілетінің деңгейі түрлі жағдайға байланысты.Жейтін тамақтың құрамында А витамині аз болғанда, оттегі жетіспегенде, шаршағанда көздің өткірлігі нашарлайды.
Дегенмен жаттықтыру арқылы оны күшейтуге де, бейімделу қабілетін арттыруға да болады. Жалпы алғаңда көз әрбір 25 сек сайын сәл қимылдап тұрады. Егер тез қозғалмаса, онда затты аздан кейін көрмей қалар едік. Сондықтан қозғалмайтын затты көруде көз еттерінің қызметінің маңызы зор.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқыңдарын қабылдау қабілеті 390-760 нанометр (нм) шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм т. с. с. жарық сәулелерінің толқыңдарының ұзындығына байланысты.
Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М. В. Ломоносов 1756 ж қалаған. Т. Юнг пен Г. Гельмгольц (1801) мұны әрмен қарай дамытқан.Олардың үш құрамды жарық қабылдау қағидасы бойынша торлы қабықта сауытша тәрізді клеткалар 3 түрлі болады. Оның бірі қызьл түсті жарық толқындарын, екіншісі — жасыл, үшіншісі — күлгін түсті жарық толқындарын сезеді. Бұған қоса, көру нервінің афференттік талшықтары 3 түрлі болады. Олардың әрқайсысы сол 3 түрлі жарық толқындарының әсерінен пайда болған өзіне тән қозуды тасиды, яғни ол талшықтар сол түсті сауытша клеткаларымен байланысты. Қалыпты жағдайда көзге әртүрлі ұзындықтағы сәулелер әсер еткенде бір мезгілде 2 немесе 3 түрлі сауытша клеткаларда реакция пайда болады және оған қатысатын сауытшалардың саны да әртүрлі болады. Сондықтан осы үш түрлі клеткалар тобы арқылы адам жарықтың көп түрлі түстерін айыра алады. Ал жарық әсер еткеңде заттың түсін нақтылы білу жаттығуға байланысты.
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Дальтониктер барлық түсті заттарды сұр немесе қоңыр түсте қабылдайды. Бұл кемшілік әрбір 100 азаматтардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бұл кемшілік өте аз кездеседі, не бары 0,5 % ғана.